Об утверждении Реестра должностей гражданских служащих Управления Делами Президента Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 230-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Е.Е. Баттақовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________________Т. Дүйсенова 2015 жылғы «____»_____________