Об утверждении Перечня руководящих должностей органов внутренних дел Республики Казахстан, подлежащих ротации и Правил проведения их перемещения Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішкі
істер органдарының ротацияға
жататын басшылық лауазымдардың
тізбесін және оларды ауыстыру
қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса береліп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшылық лауазымдарға ротация жүргізу, оларды ауыстыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпоранына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесі
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 966 бұйрығына
1- қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Ішкі істер министрлігі Өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы.
Тармақ 2
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаментінің бастығы.
Тармақ 3
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттері бастықтарының бірінші орынбасарлары.
Тармақ 4
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары.
Тармақ 5
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаментінің, қалалық, аудандық, желілік полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы.
Тармақ 6
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы.
Тармақ 7
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы.
Тармақ 8
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы.
Тармақ 8-1
8-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Үкіметтік мекемелерді күзету және дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полктерінің командирі.
Тармақ 9
9. Ішкі істер министрлігі Академиясының бастығы.
Тармақ 10
10. Оқу орталығының бастығы.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 26 қарашадағы
№ 966 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдарының басшы лауазымдарына ротация жүргізу
қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының басшы лауазымдарына ротация жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 31-бабын іске асыру мақсатында әзірленген.
Тармақ 2
2. Жыл сайын төртінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес алдағы жылы ротациялауға жататын басшылардың тізімін қалыптастырады және Ішкі істер министрі бекітеді.
Тармақ 3
3. Басшыларды жоспарлы ротациялауды біліктілік талаптарына сәйкес келуін, әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелерін және ротациялауға кедергі болатын негіздердің жоқтығын растайтын құжаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті ұсынымдары негізінде уәкілетті адам жүргізеді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті адам лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшының ротациясы кадр қызметінің ұсынымы бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Ротация:
Тармақша 1
1) ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыру, облыстық маңызы бар қалаларды, облыс аудандарын және қалалардағы аудандарды дамыту;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
Тармақша 3
3) басшылардың кәсіби және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану;
Тармақша 4
4) басшылардың басқару құзыреттерін кәсіби дамыту және жетілдіру мақсаттарында жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) деңгейаралық («орталық –өңір», «өңір – орталық»);
Тармақша 2
2) өңіраралық («өңір – өңір»);
Тармақша 3
3) сектораралық («орталық – орталық»).
Тармақ 7
7. Аумақтық органдар мен мекеме басшыларын ротациялау Ішкі істер министрінің шешімі бойынша бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Аумақтық органдар мен мекеме басшыларын қызметке басқа жерге ротациялауға – қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін – лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.
Тармақ 8
8. Басшы ротациясын басшыны лауазымға тағайындауға және одан босатуға құқығы бар адам (орган) (бұдан әрі – уәкілетті адам) жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжатпен расталады.
Тармақ 10
10. Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
Тармақ 11
11. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес ротацияланатын қызметкерлерге көтерме жәрдемақы төленеді, көлікпен жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға кеткен шығындары өтеледі.
Тармақ 12
12. Кадр жұмысы бөлінісі ротациялауға жататын басшыны оны өткізерден бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Басшы екі рет ротациядан бас тартқан жағдайда уәкілетті адам кадр аппаратының ұсынымы бойынша оның атқаратын лауазымына сәйкестігі және қызмет бойынша одан әрі пайдаланудың мақсатқа сайлығы мәселесі шешіледі.
Тармақ 14
14. Ротациялауға жататын қызметкерлердің материалдары келісілгеннен кейін уәкілетті адам оларды қайта тағайындау туралы бұйрық шығарады.