Об утверждении Правил распределения исполнительных документов посредством государственной автоматизированной информационной системы исполнительного производства между частными судебными исполнителями Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін және оның мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидалары
Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығымен бекітілген Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидалары
Тарау 1
1- тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу қағидалары «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-1, 37-баптарына, 162-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының (бұдан әрі – өңірлік палата) атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Ақпараттық жүйе) – атқарушылық іс жүргізулерді электрондық нысанда есепке алуға, сот орындаушысының процестік әрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының іс жүргізу барысы туралы мәліметтер алуына арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 2
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
Тармақша 3
3) электрондық атқарушылық құжат – атқарушылық құжатты беруге уәкілетті адамның, органның, соттың ЭЦҚ-мен куәландырылған атқарушылық құжат;
Тармақша 4
4) қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжат – атқарушылық құжатты беруге уәкілетті адамның, органның, соттың қолымен және мөрімен куәландырылған қағаз жеткізгіште берілген атқарушылық құжат.
Тармақ 3
3. Жеке сот орындаушылары арасында бөлуге:
Тармақша 1
1) өңірлік палатаға қағаз жеткізгіште немесе электрондық атқарушылық құжат нысанында келіп түскен атқарушылық құжаттар;
Тармақша 2
2) аумақтылығы бойынша келіп түскен атқарушылық құжаттар;
Тармақша 3
3) лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі – Республикалық палата) мүшелігінен шығарылған, ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған, басқа атқару округіне ауыстырылған жеке сот орындаушыларының орындауындағы атқарушылық іс жүргізулер жатады. Атқарушылық құжаттарды бөлу Ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлу істердің санаттары бойынша біркелкі жүзеге асырылады: жеке тұлғалардың пайдасына сомаларды өндіріп алу туралы; заңды тұлғалардың пайдасына сомаларды өндіріп алу туралы; мемлекет пайдасына мөлшері мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын өндіріп алу туралы; алимент өндіріп алу туралы; мүліктік емес сипаттағы (үйден шығару, үйге қоныстандыру, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою және басқа да істердің санаттары, мемлекет мүддесінде орындалатын істерді қоспағанда).
Тарау 2
2-тарау. Атқарушылық құжаттарды бөлу тәртібі
Тармақ 5
5. Атқарушылық құжат өңірлік палатаға:
Тармақша 1
1) қағаз  жеткізгіштегі атқарушылық құжаттың түпнұсқасын қоса бере отырып, өтініш беру арқылы;
Тармақша 2
2) атқарушылық құжатты берген органға оны мәжбүрлеп орындату үшін Ақпараттық жүйеге жіберу туралы өтініш беру арқылы ұсынылады. Қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжатты өндіріп алушы не оның өкілі өңірлік палатаға атқарушылық құжаттың түпнұсқасын қоса бере отырып, өтініш беру арқылы ұсынады. Электрондық атқарушылық құжатты өндіріп алушының не оның өкілінің өтініші негізінде оны беруге уәкілетті адам, орган, сот Ақпараттық жүйеге жібереді. Атқарушылық құжаттарды өндіріп алушының өтінішінсіз, Ақпараттық жүйемен интеграцияланған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы ұсыну мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы істер санаттары бойынша, сондай-ақ заңнамамен тікелей көзделген жағдайларда жол беріледі. Бұрын орындалмай қайтарылған қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжатты өндіріп алушының не оның өкілінің ұсынуы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Бұрын орындалмай қайтарылған электрондық атқарушылық құжатты өндіріп алушының не оның өкілінің ұсынуы Ақпараттық жүйеге өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтініш түскеннен кейін Ақпараттық жүйе бұрын тіркелген электрондық атқарушылық құжатты және оған қоса берілген материалдарды автоматты түрде шығарып алады, кейіннен оларды осы Қағидаларда көзделген тәртіппен жеке сот орындаушысына бөледі.
Тармақ 6
6. Өңірлік палата қағаз жеткізгіштегі атқарушылық құжатты бөлгенге дейін Ақпараттық жүйеде атқарушылық құжат туралы барлық қажетті мәліметтерді (атқарушылық құжатты берген органның, адамның, соттың атауы, атқарушылық құжаттың нөмірі мен күні, атқарушылық құжат талабының мәні, борышкер мен өндіріп алушы туралы мәліметтер) толтырады.
Тармақ 7
7. Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушыларына бөлуді және беруді өңірлік палата Ақпараттық жүйе арқылы олардың өңірлік палатаға келіп түсуіне негіз болған мән-жайлар басталған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, ал сот актісі дереу орындалуға жататын жағдайларда – атқарушылық құжат келіп түскен кезден бастап дереу жүзеге асырылады
Тармақ 8
8. Өңірлік палатадан қағаз жеткізгіште келіп түскен атқарушылық құжаттарды қабылдауды жеке сот орындаушылары үш жұмыс күні ішінде қолма-қол жүзеге асырады. Жеке сот орындаушысының кеңсесі Республикалық маңызы бар қалалардан, облыс орталықтарынан тыс жерлерде орналасқан жағдайда, атқарушылық құжатты алғаны туралы тиісті белгісі бар тапсырыс хатпен жіберіледі. Атқарушылық құжатымен бірге оған қоса берілген материалдар берілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Атқарушылық құжат борышкер тіркелген жерге сәйкес келетін ауданның, қаланың жеке сот орындаушылары арасында бөлінуге жатады. Ауданда жеке сот орындаушысы болмаған кезде атқарушылық құжат осы ауданға бекітілген жеке сот орындаушылары арасында бөлінеді.
Тармақ 10
10. Атқарушылық құжаттарды борышкер тіркелген ауданға тіркелмеген немесе бекітілмеген жеке сот орындаушыларына бөлуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Бұрын орындалмай қайтарылған немесе аумақтылығы бойынша жіберілген атқарушылық құжат қайта келіп түскен кезде, осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, орындалмай қайтарылуына не аумақтылығы бойынша жіберілуіне бастамашылық еткен жеке сот орындаушысының өзіне бөлінеді.
Тармақ 12
12. Атқарушылық құжат осы Қағидаларда көзделген тәртіппен басқа жеке сот орындаушысына мынадай жағдайларда бөлінеді:
Тармақша 1
1) Заңның 54-бабы 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысынан бас тартқан жағдайда;
Тармақша 2
2) өңірлік палатаға өндіріп алушының не оның өкілінің жеке сот орындаушысының әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) оның құқықтарының бұзылғаны туралы өңірлік палата жүргізген жоспардан тыс бақылау нәтижелерімен немесе заңды күшіне енген сот актісімен расталған, атқарушылық құжатты басқа жеке сот орындаушысына бөлу туралы талаптарды қамтитын өтініші келіп түскен жағдайда. Атқарушылық құжатты басқа жеке сот орындаушысына бөлу өңірлік палатаның тәртіптік комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Алимент өндіріп алу туралы басқа да атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкер болып табылатын адамға қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат келіп түскен жағдайда, келіп түскен атқарушылық құжат, іс жүргізуінде сол борышкерге қатысты алимент өндіріп алу туралы атқарушылық құжат тұрған жеке сот орындаушысына бөлінеді.
Тармақ 14
14. Бір іс шеңберінде бір борышкерден бірнеше өндіріп алушының пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды бөлу бір жеке сот орындаушысына жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Атқарушылық құжатты алған жеке сот орындаушысы бұл туралы өндіріп алушыны үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлу туралы есеп Ақпараттық жүйеде қалыптастырылады және жарияланады.
Тармақ 16
16. Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттардың біркелкі бөлінуін бақылау Республикалық палатаға жүктеледі.
Тармақ 17
17. Өңірлік палата басшысының, оның орынбасарының ақы төленбейтін лауазымын, сондай-ақ Республикалық палатаның басқару органдарында ақы төленбейтін өзге де лауазымды бір мезгілде атқаратын жеке сот орындаушыларына олардың тиісті өтініші негізінде атқарушылық құжаттарды бөлуді тоқтата тұруға жол беріледі.
Тармақ 18
18. Жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған немесе Республикалық палата мүшелігінен шығарылған, уақытша ауыстырылған (еңбек немесе оқу демалысы, науқастануы, іссапар), басқа атқарушылық округке ауысқан жағдайларда, атқарушылық іс жүргізу материалдарын үш жұмыс күні ішінде өңірлік палатаға жібереді.