Об утверждении Правил и разрешительных требований по аккредитации негосударственных аттестационных центров по аттестации инженерно-технических работников, участвующих в процессе проектирования и строительства Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-20)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілген» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 10 желтоқсан
Басқа 8. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығымен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар мен рұқсат беру талаптары жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарын аккредиттеу рәсімін регламенттейді және «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органның жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарының құзыретін ресми мойындау рәсімі;
Тармақша 2
2) аккредиттеу туралы куәлік – осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген аттестаттау орталығының мәртебесін куәландыратын белгіленген үлгідегі куәлік;
Тармақша 3
3) аттестаттау орталығы – белгіленген тәртіппен уәкілетті органда аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
Тармақша 4
4) инженер-техник жұмыскер – орташа кәсіби немесе жоғары білімі бар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өндірістік процесті ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асыратын жеке тұлға;
Тармақша 5
5) өтініш беруші – аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуге үміткер мемлекеттік емес заңды тұлға;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның ведомствосы.
Тармақ 4
4. «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 5
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе). Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде «Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында айқындалған.
Тармақ 7
7. Куәлікті алу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттармен және рұқсат беру талаптарымен бірге олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттармен бірге өтінішті осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген рұқсат беру талаптарына және рұқсат беру талаптарына сәйкестігін қарайды – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 6-тармағында және рұқсат беру талаптарында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және «жеке кабинетке» жолдайды.
Тармақша 3
3) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарау нәтижелері бойынша негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – (2 екі) жұмыс күні ішінде. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың және рұқсат беру талаптарының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда куәлікті қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметті беруші өтінішті құжаттармен қарайды аккредиттеу туралы куәлікті ресімдейді, қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Тармақ 9
9. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
Тармақ 10
10. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 11
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Аккредиттеуден өткен аттестаттау орталықтары осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес нысан бойынша жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізіліміне енгізіледі,онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылады.
Тармақ 13-1
13-1. Уәкілетті орган Қағидалар бекітілген немесе өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және мемлекеттік қызмет көрсетушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 15
Тармақ 16
Басқа 5
Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 1-қосымша «Жо­ба­лау және құ­ры­лыс про­це­сіне қа­ты­са­тын ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер­ді ат­те­стат­тау бой­ын­ша мем­ле­кет­тік емес ат­те­стат­тау ор­та­лық­та­рын ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Құ­ры­лыс және тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық ша­ру­а­шы­лық іcтepі ко­ми­те­ті 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz. Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы ақ­па­рат­тан­ды­ру ны­са­ны «e-Qurylys.kz» ақ­па­рат­тық (www.​equ​ryly​s.​kz) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) ку­ә­лік­ті бе­ру – 10 (он) жұ­мыс кү­ні; 2) заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық түр­де (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап бе­ру бо­лып та­бы­ла­ды. Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық түр­де. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі-Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, түс­кі үзіл­іспен са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі 1) ку­ә­лік­ті бе­ру ке­зін­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 3-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар; 2) ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу ке­зін­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 7-қо­сым­ша­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; заң­ды тұл­ға­ны бө­ліп шы­ға­ру ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де бө­лі­ніп шық­қан заң­ды тұл­ға­ның ку­ә­лі­гін қай­та ре­сім­де­у­ге ке­лі­сі­мі ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ре­сім­дел­ген ше­шім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер 1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі; 3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­ке неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) болған жағ­дай­да; 4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс іс­те­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: (1414).
Басқа 2. АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымша Нысан АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК № 00000 жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау құқығын жүзеге асыруға берілді АККРЕДИТТЕЛДІ және көрсетілетін қызметті берушінің тізіліміне енгізілді және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді. Куәлікті қолдану мерзімі _____________________________________ дейін Уәкілетті органның басшысы_______________________________________ қала ___________ 20__ж. « » ___________
Басқа 3. ӨТІНІШ
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымша Нысан ӨТІНІШ Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді өтінемін Мекенжай___________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail) Банк шоты _________________________________________________________ (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны) Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ______________________________ ____________________________________________________________________ (орналасқан жері және деректемелері) Қоса берілетін құжаттар __________________________________________ ____________________________________________________________________ ___ парақ қоса беріледі Осымен: барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні; өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады. Басшы _____________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 4. Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары
Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік- техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу қағидалары мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымша Жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау бойынша аттестаттау орталықтарына қойылатын рұқсат беру талаптары Р/с№ Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар Ес­керт­пе 1 2 3 4 1 бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру­ға жа­у­ап­ты, ке­мін­де бір оқы­ту­шы бо­луы осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны, ди­плом­дар­дың кө­шір­ме­ле­рі, жұ­мыс өті­лі­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі, өті­ніш бе­ру­ші­мен ең­бек қа­ты­на­ста­рын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі Ди­плом­дар, ең­бек қа­ты­на­ста­ры және жұ­мыс өті­лі ту­ра­лы ақ­па­рат, болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нен алы­на­ды 2 ат­те­стат­тау жүр­гізу­ге жа­у­ап­ты ке­мін­де бір тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер бо­луы осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны, өті­ніш бе­ру­ші­мен ең­бек қа­ты­на­ста­рын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі Ди­плом­дар, ең­бек қа­ты­на­ста­ры және жұ­мыс өті­лі ту­ра­лы ақ­па­рат, болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нен алы­на­ды 3 оқы­ту және ат­те­стат­тау жүр­гі­зу үшін мен­шік құқы­ғын­да неме­се ке­мін­де бір жыл мер­зім­ге жал­ға алу (құқық­тық ка­дастр­да мем­ле­кет­тік тір­кей оты­рып) құқы­ғын­да­ғы, са­ни­та­ри­я­лық та­лап­тар­ды қа­на­ғат­тан­ды­ра­тын, ала­ңы ке­мін­де 100 (жүз) шар­шы метр әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар­дың бо­луы, бұл рет­те те­сті­леу және оқы­ту өт­кізу­ге ар­нал­ған үй-жай­лар ке­мін­де 45 (қы­рық бес) шар­шы метр бо­луы қа­жет. Бұл рет­те те­сті­леу және оқы­ту өт­кізу­ге ар­нал­ған үй-жай­лар бі­рік­ті­рі­луі мүм­кін осы Қа­ғи­да­лар­ға және рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес мә­лі­мет­тер ны­са­ны. Әкім­ші­лік-тұр­мыстық үй-жай­лар болған кез­де: жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі, тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі. Өзге де заң­ды негіз­дер ке­зін­де: жал­дау шар­ты­ның кө­шір­ме­сі, жал­ға бе­ру­ші­нің жы­л­жы­май­тын мү­лік объ­ек­ті­сін тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­тің кө­шір­ме­сі, тех­ни­ка­лық пас­порт­тың кө­шір­ме­сі Ди­плом­дар, ең­бек қа­ты­на­ста­ры және жұ­мыс өті­лі ту­ра­лы ақ­па­рат, болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нен алы­на­ды
Басқа 5. Мәліметтер нысаны
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 5-қосымша Нысан Мәліметтер нысаны 1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________ 2) Лауазымы _________________________________________________________ 3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _________________________________________ (тұрақты немесе уақытша көрсету) 4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________ (мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету) 5) Оқу орнының атауы ________________________________________________ 6) Бітірген жылы _____________________________________________________ 7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________ 8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________ Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер 9) Мекенжайы __________________________________________________ ___________________________________________________________________ 10) Үй-жайдың сипаттамасы, алаңы ______________________________ 11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ________ ___________________________________________________________________ 12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ___________________________ Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер 13) Атауы _____________________________________________________ ___________________________________________________________________ 14) Өлшем бірлігі _____________________________________________ 15) Саны ______________________________________________________ ___________________________________________________________________ 16) Пайдалану мерзімі _________________________________________ 17) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ______________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Бағдарламалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер 18) Атауы: ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ 19) Өлшем бірлігі _____________________________________________ 20) Саны_______________________________________________________ ___________________________________________________________________ 21) Пайдалану мерзімі _________________________________________ ___________________________________________________________________ Нормативтік-техникалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметтер 22) Атауы: ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ 23) Өлшем бірлігі _____________________________________________ 24) Саны ______________________________________________________ ___________________________________________________________________ Оқыту және аттестаттау өткізу үшін уәкілетті орган бекіткен тест сұрақтары, бекітілген ішкі қағидалар мен регламенттер туралы мәліметтер 25) Атауы: ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ 26) Өлшем бірлігі _____________________________________________ 27) Саны ______________________________________________________ ___________________________________________________________________ 28) Ескертпе __________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
Басқа 6. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімі
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 6-қосымша Нысан Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімі Р/с № Ат­те­стат­тау ор­та­лы­ғы­ның ата­уы Ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік бе­рі­л­ген кү­ні мен нө­мі­рі Ат­те­стат­тау ор­та­лы­ғы­ның шта­тын­да тұ­ра­тын қыз­мет­кер ту­ра­лы мә­лі­мет Қа­был­дан­ған жа­у­ап­кер­ші­лік ша­ра­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет
Басқа 7
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер- техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 7-қосымша Нысаны _____________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап «___» _________ 20___ _______________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын: 1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________ 2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________ Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта _____________________________________________ Телефондар ___________________________________________________ Факс __________________________________________________________ Банктік шот _________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қоса беріледі _ парақ. Осымен расталады, бұл: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. Басшы __________ ________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл