Об утверждении проверочного листа в области промышленности Күшін жойған
Басқа 0
Өнеркәсіп саласындағы
тексеру парағын бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіп саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 139 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 126/ОД бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9517 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 25 желтоқсан
Басқа 0. Өнеркәсіп саласындағы
тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1161
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 789
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы
тексеру парағы
Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану қызметіне қатысты
______________________________________________________________________________
(бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _________________________________________
______________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы____________________________________
________________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
1
Қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентiнің болуы
2
Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін (орналасқан орны); шарттың нөмірін және шартқа қол қою күнін, егер өзге заңды негіздер болса; шарт жасасылған ұйымның атауын қамтитын, мәлімденген кіші қызмет түрлеріне сәйкес меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздердегі өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы
3
Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндіру; ашық және жер асты тәсілдерімен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзірлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу; кеніштер мен шахталарды жабу бойынша тарату жұмыстарын жүргізу үшін - инженерлік құрылғылар, машиналар, тетіктер, құралдар, арнайы көліктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процестің болуы
4
Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін:
1) жарылғыш қажетті заттарды сақтайтын қоймалары бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт немесе лицензия;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы
5
Ұңғымаларды жер астында және күрделі жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергішін орнату үшін; ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшін - тиісті технологиялық жабдықтардың болуы
6
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде химия өндірістерін пайдалану үшін:
1) тетіктер, технологиялық желілер, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикізатты, дайын өнімдерді, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттарды сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар;
2) өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық талаптарына сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың болуы
7
Мыналарды:
1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
3) метрологиялық бақылауды; 4) маркшейдерлік жұмыстарды ("химия өндірістерін пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды);
5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын (тау-кен өндірісінің қызметтерінің кіші түрлеріне қолданылмайды) қорғауды қамтамасыз етуді;
6) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн жауапты тұлғалардың немесе қызметтердің болуы
8
Тиісті білім деңгейіне сәйкес техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамы (басшылар үшін - тиісті салада жоғары техникалық, мамандар үшін - кемінде тиісті салада орта арнаулы білім) және басшылар үшін тиісті салада лицензияланатын қызметтің кіші түрі бойынша кемінде үш жыл практикалық тәжірибесінің болуы
Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау
субъектісінің басшысы ______________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)