Об утверждении типового положения о службах внутреннего аудита Қолданыста
Басқа 0
Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 599 бұйрығымен
бекітілген
Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнайы мемлекеттік органдарының ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдары ведомстволарының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі аудит қызметтерінің мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ішкі аудит қызметтері (бұдан әрі – ІАҚ) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының бірінші басшының шешімімен (бұйрық, өкім), бірінші басшының, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің қалауымен құрылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік органның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. ІАҚ құрылымы және штаттық саны (сандық құрамы) орталық атқарушы органның аппарат басшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық адамдар), ал олар болмаған жағдайда – осы мемлекеттік мекемелердің басшылары, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі бұйрық (өкім) негізінде бекітеді.
Тармақ 4
4. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетін тиісті лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады және олар орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымдық адам), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеме басшысы бұйрық (өкім) негізінде, мемлекеттік органның бірінші басшысымен, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімімен келісім бойынша бекітеді.
Тарау 2. 2-тарау. ІАҚ мәртебесі
2-тарау. ІАҚ мәртебесі
Тармақ 5
5. ІАҚ басқа құрылымдық бөлімшелерден тәуелсіз, мемлекеттік органның бөлімшесі болып табылады, орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік орган ведомствосының бірінші басшысына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады.
Тармақ 6
6. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.
Тармақ 7
7. ІАҚ орталық мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындауға немесе орындауға тартыла алмайды.
Тармақ 8
8. ІАҚ қызметкерлеріне ІАҚ мәртебесіне, мемлекеттік органның ережесіне және Ішкі мемлекеттік аудит туралы ережеге сәйкес қолданылуы мүмкін емес құжаттарды қоспағанда, мемлекеттік органның ішкі құжаттарының ережелері қолданылмайды.
Тармақ 9
9. ІАҚ қызметін бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. ІАҚ мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
3-тарау. ІАҚ мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
Тармақ 10
10. ІАҚ негізгі мақсаты мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін жәрдемдесу, мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органды тиімді басқаруды қамтамасыз етуге, бюджет қаражатын, мемлекеттің активтерін және тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген квазимемлекеттік сектордың субъектілерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыруға арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты ұсыну болып табылады.
Тармақ 11
11. ІАҚ құзыреті Заңның 15-бабы шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. ІАҚ міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органның стратегиялық құжаттарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілуін талдау;
Тармақша 2
2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығын, мемлекеттік органдар қызметін ішкі ұйымдастыру процестерінің тиімділігін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру.
Тармақ 13
13. ІАҚ функциялары:
Тармақша 1
1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ІАҚ кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
Тармақша 2
2) тиімділік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшілерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша жүргізеді;
Тармақша 3
3) сәйкестік аудитін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
Тармақша 4
4) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың сәйкестік аудитін жүргізеді;
Тармақша 5
5) ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ІАҚ және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның ІАҚ қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ІАҚ үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ІАҚ үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органның, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді бюджеттік шығыстармен өзара байланыста, оның ішінде нысаналы даму трансферттерін іске асыруды қоса алғанда, бюджеттік инвестициялар шеңберінде талдайды;
Тармақша 7
7) тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуына тексеруді жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
Тармақша 9
9) ішкі мемлекеттік аудит жүргізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымдық адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
Тармақша 10
10) мемлекеттік органның басшысына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларды болдырмау бойынша, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік орган қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстармен ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті енгізеді;
Тармақша 11
11) орталық мемлекеттік органның басшысына немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне жылдық жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізеді;
Тармақша 12
12) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
Тармақша 13
13) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
Егер тиісті объектілер Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ІАҚ орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді;
Тармақша 14
14) ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін – мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін – жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. ІАҚ құқықтары:
Тармақша 1
1) құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға байланысты мәселелер бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелері деректерінің құрамы мен нысандары туралы мәліметтерді, құжаттаманы, ақпаратты, материалдарды (дәлелдемелерді), анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұрату;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды уәкілетті органға қарауға ұсыну;
Тармақша 3
3) мемлекеттік аудитті жүргізу шеңберінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз рұқсат алу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік аудит міндеттері мен нысанасына сәйкес ішкі аудит нәтижелері туралы есепті дайындау үшін белгіленген мерзімдерде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, соның ішінде электронды тасығыштарда ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге қол жетімділікті, соның ішінде құпиялық, қызметтік, коммерциялық режимін немесе заңмен сақталатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтитын жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты алу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді және құжаттарды сұрату;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларынан және басқа да лауазымды адамдарынан тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті құжаттар көшірмелерін ұсынуды талап ету;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және (немесе) тиісті бюджеттен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың тиісті әкімшілік бағынысты аумағындағы жергілікті атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие.
Тармақ 15
15. ІАҚ міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізеді;
Тармақша 2
2) ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарын әзірлейді, орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органның ведомствосының, жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының бірінші басшысына бекітуге ұсынады және орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органның ведомствосының, жергілікті атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының бірінші басшысы бекітетін тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастырады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органның интернет-ресурсында оларды бекіткен күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде тиісті жылға бекітілген мемлекеттік аудит тізбесін және оларға енгізілген өзгерістерді орналастырады;
Тармақша 5
5) тексерудің қайталануын болдырмау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін және оған өзгерістерді келіседі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ұсынымдарының орындалуын бақылайды, оларды қабылданған шаралар туралы хабарлайды;
Тармақша 7
7) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау фактілері бойынша актілер жасайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүддесін сақтайды;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын бірыңғай дерекқорына орналастырады;
Тармақша 10
10) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған жағдайда тиісті аудиторлық дәлелдермен қоса материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамайды;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындайды;
Тармақша 13
13) қызметтік және кәсіби этика талаптарын сақтайды;
Тармақша 14
14) мемлекеттік аудит объектісінің басшысына (лауазымды адамдарына) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі жасамайды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер береді;
Тармақша 15
15) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияға жататын мәліметтерді жарияламайды;
Тармақша 16
16) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының бірінші басшысына, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкіміне мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлайды;
Тармақша 17
17) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпаратқа және нақты деректерге ғана негіздейді;
Тармақша 18
18) орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органның ведомствосының, жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы басқаратын Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды, оның ұсынымдарының іске асырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) бюджет процесінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында консультациялық көмекті жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес келтіру үшін консультациялық көмекті жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) өкілді органдарда республикалық немесе жергілікті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы жылдық есепті талқылау үшін қабылданған шаралар туралы ақпарат дайындайды;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттер.
Тармақ 16
16. ІАҚ оған жүктелген функциялар мен міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік аудитті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін ІАҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікте болады.
Тарау 4. 4-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру
4-тарау. ІАҚ қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. ІАҚ–ға басшылықты орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адам), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік органның бірінші басшысымен, астана, облыс, республикалық маңызы бар қала әкімімен келісім бойынша, мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрық (өкім) негізінде лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын ІАҚ басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. ІАҚ басшысы ІАҚ-ға жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ІАҚ қызметкерлерінің құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды, Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрамына қатысады.
Тармақ 20
20. ІАҚ басшысы, орталық атқарушы органның аппарат басшысымен (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген тұлғалармен), ал олар болмаған жағдайда – мемлекеттік мекеменің басшысымен келісім бойынша мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволарының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бірінші басшысына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне ІАҚ құрылымы және штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
Тармақ 21
21. ІАҚ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ІАҚ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге, ведомстволарға, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберілетін құжаттар мен сұрау салуларға ІАҚ басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Тармақ 22
22. ІАҚ қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Ішкі аудит қызметі туралы ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Тармақ 23
23. ІАҚ қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктерді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында олардың бірінші басшылары бекітетін ІАҚ-ның жылдық жұмыс жоспарына және тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ІАҚ есептілігі
5-тарау. ІАҚ есептілігі
Тармақ 24
24. ІАҚ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар туралы есептер мен ақпаратты жібереді.
Тармақ 25
25. ІАҚ жыл сайын орталық мемлекеттік органның, орталық мемлекеттік органы ведомстволарының басшысына, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың әкіміне, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша жылдық есеп береді.