Об утверждении Правил по аккредитации организаций по управлению проектами в области архитектуры, градостроительства и строительства Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілген» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 10 желтоқсан
Басқа 8. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығымен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-24)-тармақшасына және және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу рәсімін регламенттейді және «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу – уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымның құзыретін ресми тану рәсімі;
Тармақша 2
2) аккредиттеу туралы куәлік – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдардың мәртебесін куәландыратын куәлік;
Тармақша 3
3) өтініш беруші – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуге үміткер заңды тұлға;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары.
Тарау 2. 2-тарау. Қағидалар және біліктілік талаптары
2-тарау. Қағидалар және біліктілік талаптары
Тармақ 4
4. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы Қағидаларға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 5
5. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттармен бірге өтінішті электрондық құжат нысанында, электрондық - цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған түрде «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ақпараттандыру нысаны «e-Qurylys.kz» ақпараттық (www.equrylys.kz) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе). Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесін қамтитын қосымша, оның ішінде «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша негізгі талаптар тізбесі).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен анықталған. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы ақпараттық жүйелерден ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін іс-әрекеттер, орындалу ұзақтығы:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттармен өтінішті автоматты тіркеу;
Тармақша 2
2) куәлікті электрондық нысанда беру, қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз ақпараттық жүйемен (компьютермен) жүзеге асырылады – 20-40 (жиырма - қырық) минут ішінде.
Тармақ 8
8. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайларда қайта ресімделеді.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Аккредиттеуден өткен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі, онда заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат жиынтығы, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі, штатында мамандардың болуы туралы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер
Тармақ 11
11. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлік болмаса, ұйымның қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне осы Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдардың өтініші негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл ретте енгізілген кез келген өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидаларға 3-қосымшасында көзделген рұқсат беру талаптарын бұзуға әкеп соқпайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 14
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Тармақ 15
Тармақ 16
Басқа 1
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 1-қосымша «Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­ды ак­кре­дит­теу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі «Элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы: www.​egov.​kz. Сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы ақ­па­рат­тан­ды­ру ны­са­ны «e-Qurylys.kz» ақ­па­рат­тық (www.​equ​ryly​s.​kz) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Заң­ды тұл­ға­ның ата­уы және (неме­се) ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ген кез­де, заң­ды тұл­ға қай­та ұй­ым­да­сты­ры­л­ған кез­де ку­ә­лік­ті бе­ру - қай­та ре­сім­деу-20-40 ми­нут 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бе­ру не қай­та ре­сім­деу. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­лер – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі-Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, түс­кі үзіл­іспен са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін; 2) пор­тал­дың - жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі осы Қа­ғи­да­лар­ға 1) ку­ә­лік­ті ал­ған кез­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес бел­гі­лен­ген ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; осы Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс са­ла­сын­да­ғы Жо­ба­лар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі ұй­ым­дар­ға қой­ы­ла­тын рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кес мә­лі­мет­тер; 2) ак­кре­дит­теу ту­ра­лы ку­ә­лік­ті қай­та ре­сім­деу ке­зін­де пор­тал­ға: осы Қа­ғи­да­лар­ға 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш; заң­ды тұл­ға­ны бө­ліп шы­ға­ру ны­са­нын­да қай­та ұй­ым­да­сты­ру ке­зін­де бө­лі­ніп шық­қан заң­ды тұл­ға­ның ку­ә­лі­гін қай­та ре­сім­де­у­ге ке­лі­сі­мі ту­ра­лы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен ре­сім­дел­ген ше­шім­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі. 9 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер Жоқ 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс іс­те­рі жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­ның және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да www.​gov.​kz ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: (1414).
Басқа 35. ӨТІНІШ
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 2-қосымша Нысан ӨТІНІШ Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуді өтінемін Мекенжай___________________________________________________________ (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail) Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ______________________________ ____________________________________________________________________ (орналасқан жері және деректемелері) Осымен: барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні; өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны; барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады. Басшы _____________ _______________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «__» __________
Басқа 36. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалармен басқару бойынша ұйымдарға қойылатын рұқсат етілетін талаптар
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 3-қосымша Нысан Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалармен басқару бойынша ұйымдарға қойылатын рұқсат етілетін талаптар № р Рұқсат етілген талаптар Рұқсат етілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар Ескерту 1 2 3 4 1 Келесі мамандықтар бойынша бірінші деңгейдегі жауапкершілікті объектілер бойынша техникалық тексерісті жүзеге асыру бойынша ұштен кем емес аттестатталған сарапшылардың бар болуы: Тіреу және қоршау конструкциялар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес); Инженерлік желі бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес); Технологиялық жабдықтар бөлімінде (бір сарапшыдан кем емес) Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны 2 «Жобаның басты инженері» және/немесе «Басты инженер» мамандығы бойынша аттестатталған инженер-техник жұмыскердің бірден кем емес болуы Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны 3 Квалификацияланған инженер-сметшінің бірден кем емес болуы Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны 4 Жеке мүліктік немесе басқа да заңдық негізде құқығы бар әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың бар болуы Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны 5 Материалды-техникалық жабдықтардың бар болуы, жеке алғанда есептер жүргізуді, графикалық және басқа да материалдарды толықтыру және құрастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуі бар жұмыс станциясының бар болуы Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
Басқа 37. Мәліметтер нысаны
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 4-қосымша Нысан Мәліметтер нысаны 1) Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________ 2) Лауазымы _________________________________________________________ 3) Осы ұйымда жұмыс жасайды _________________________________________ (тұрақты немесе уақытша көрсету) 4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________ (мамандық бойынша және атқаратын лауазымында көрсету) 5) Оқу орнының атауы ________________________________________________ 6) Бітірген жылы _____________________________________________________ 7) Диплом бойынша біліктілігі _____________________________________ 8) Диплом бойынша мамандығы ______________________________________ 9) Сарапшының аттестаты ___________________________________________ (берілген күні мен нөмірін көрсету) Әкімшілік-тұрмыстық жайлар туралы мәліметтер 10) Мекенжайы: _____________________________________________________ ____________________________________________________________________ 11)Алаңы___________________________________________________________ 12) жеке мүлік немесе басқа заң негізінде құқығы барын растайтын құжат атауы және деректемелер____________________________________________________ Материалдық-техникалық жабдықтар туралы мәліметтер 13) Атауы:___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 14) Өлшем бірлігі _____________________________________________________ 15) Саны ____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 16) Пайдалану мерзімі_________________________________________________ 17) Ескертпе________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Басқа 38
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 5-қосымша Нысан Аккредиттеу туралы осы куәлік__________________________________ ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________ берілді, (заңды мекенжайы) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына АККРЕДИТТЕЛДІ және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді. Куәліктің қолданылу мерзімі _________________________________ дейін Уәкілетті орган______________________________ __________ қаласы 20__ж. «____» ___________
Басқа 39
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларына 6-қосымша Нысаны _____________________________________________________________ (уәкілетті органның толық атауы)) _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі), заңды тұлғада бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) №__________ бастап «___» _________ 20___ _______________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің толық атауы) жүзеге асыруға берілген куәлікті келесі негіздеме бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын: 1) заңды тұлға атауының өзгеруі ___________ 2) заңды тұлғаның орналасқан жерін өзгерту ________ Заңды тұлғаның мекен-жайы_________________________________________ (шетелдік заңды тұлға үшін – ел, пошталық индексі, ОБЛЫСЫ, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі) Электрондық пошта _____________________________________________ Телефондар ___________________________________________________ Факс __________________________________________________________ Банктік шот _________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері) Қоса беріледі _ парақ. Осымен расталады, бұл: барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; өтініш берушіге қызметтің осы түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбаған; барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады; өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келіседі. Басшы __________ ________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Толтыру күні: «__» __________ 20__ жыл