Об утверждении Правил формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4)  осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсан № 939 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес әзірленген және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
Тарау 2. 2. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру тәртібі
2. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 2
2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесін сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 3-тарауына сәйкес біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;
Тармақша 2
2) сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған;
Тармақша 3
3) олармен жасалған жеткізу шарты немесе дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы мәліметті қамтиды (өнім берушілер) (бұдан әрі – өнім беруші):.
Тармақ 3
3. Тізбе заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Сатып алуды ұйымдастырушы немес бірыңғай дистрибьютор жосықсыз өнім беруші деп тану туралы күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде оны Тізбеге қосады және интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Тізбені алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
Тармақ 6
6. Өнім беруші, оны жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай мерзімге Тізбеге қосылады.
Тармақ 7
7. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін өнім берушіні Тізбеден шығарады.
Тармақ 8
8. Жосықсыз өнім беруші деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда, жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтері бар Тізбедегі жазбаны сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тиісті сот актісін алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде алып тастайды.
Тармақ 9
9. Тізбе өзгерген кезде сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор 3 жұмыс күнінің ішінде жаңартылған Тізбені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган жаңартылған Тізбені алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде оны уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.
Басқа 25
Жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидаларына қосымша Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесі № Жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы ақпарат Өткізілген сатып алулар туралы мәліметтер Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне қосу негіздемесі, сот шешімінің күшіне енген күні Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) атауы Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) орналасқан жері БСН/ ЖСН сатып алу тәсілі сатып алу нәтижелерін шығару күні сатып алу өткізілген медициналық техниканың, дәрілік заттың және /немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы