О мерах по усилению контроля над производством и оборотом алкогольной продукции Күшін жойған
Басқа 0
Алкоголь өнімдерін өндіру мен оның айналымына бақылау жасауды күшейту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 29.10.2004 № 244/9 қаулысымен.
Облыс аумағында алкоголь өнiмдерi айналымын реттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, тұтынушылар нарығын сапалы өнiммен қамтамасыз ету, акциздердi толығынан жинау, өндiрушiлер мүдделерi мен тұтынушылар құқықтарын қорғау мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ етедi:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес құрамда алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссия туралы қоса берiлiп отырған қағида бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi осыған ұқсас комиссиялар
құруды және аймақтарда алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына
бақылау жасауды күшейтудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 7 маусымдағы "Алкоголь өнiмдерiн өндiру
мен оның айналымына бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" № 145
шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.Н.
Оспановқа жүктелсiн.
Басқа 6. Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен айналымына
бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссияның
құрамы
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 12 маусымдағы
№ 5/1 қаулысына қосымша
Алкоголь өнiмдерiн өндiру мен айналымына
бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссияның
құрамы
Оспанов Мұхаметқали Нығыметұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары – төраға.
Комиссия мүшелерi:
Әлимусин Шортан Дәулетиярұлы - облыс индустрия, сауда және
кәсiпкерлiк дамыту департаментi
бастығының мiндетiн атқарушы;
Бойчин Анатолий Васильевич - облыс бойынша салық комитетi
төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Бұқаев Марат Мiртайұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
кiрiс министрлiгi акциздiк өнiмдер
өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк
бақылау жасау жөнiндегi Комитетi облыс
бойынша аумақтық басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша);
Жұмабаев Медеу Қалыбайұлы - облыс бойынша кеден басқармасы
бастығының орынбасары (келiсiм бойынша);
Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы - облыс iшкi iстер басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша);
Поповиченко Татьяна Васильевна - облыс бойынша ақпарат және қоғамдық
келiсiм басқармасының бөлiм бастығы
(келiсiм бойынша);
Төлегенова Әмина Ясминқызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
стандартты мемлекеттiк қадағалау
жөнiндегi облыс бойынша басқармасы
бастығының мiндетiн атқарушы (келiсiм
бойынша);
Ысмағұлов Мiржан Қапарұлы - облыс бойынша қаржы полициясы
департаментi бастығының орынбасары
(келiсiм бойынша).
Басқа 7. Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына
бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссия туралы
қағида
Облыс әкiмиятының
2001 жылғы 12 маусымдағы
№ 5/1 қаулысымен бекiтiлдi
Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына
бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссия туралы
қағида
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң заңдарына, кесiмдерiне, облыс әкiмиятының қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерiне және осы қағидаға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз қызметiн мемлекеттiк органдармен өзара қарым-қатынаста жүргiзедi, өз функцияларын алкоголь өнiмдерi айналымы саласында жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес алкоголь өнiмдерi айналымы ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi және бақылайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның шешiмдерi нұсқау берушiлiк сипатта болады.
Тармақ 2
2. Комиссияның мақсаты, мiндетi мен функциялары.
Тармақ 5
5. Комиссияның мақсаты әкiмият пен облыс әкiмiне облыстаєы алкоголь өнiмдерi айналымы мәселелерi туралы ұсыныстар, ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыс аумағында алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау саласындағы бiртұтас саясатты қалыптастыру;
Тармақша 2
2) облыс әкiмияты мен әкiмiнiң алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау саласындағы нормативтiк-құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне бақылау жасау саласындағы қызметтерiн ведомствоаралық үйлестiру;
Тармақша 4
4) өздерiнiң алкоголь өнiмдерi айналымы саласындағы, облыс аумағында алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымын қолданылып жүрген заңнама нормаларына сәйкес мемлекеттiк реттеу мәселелерi жөнiндегi заңнамаларды қамтамасыз ету жөнiндегi функцияларын жүзеге асыратын облыс қалалары мен аудандары әкiмдерiнiң, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың қызметтерiне бақылау жасау;
Тармақ 7
7. Комиссия заңнамада белгiленген тәртiпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) облыс әкiмияты мен әкiмiне облыс аумағындағы алкоголь өнiмдерi нарығының жай-күйi туралы мониторинг пен ақпараттық-талдау материалдарын берудi жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) алкоголь өнiмдерi айналымы саласындағы өз қызметтерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң алкоголь өнiмдерi айналымының ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi және бақылайды;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк органдардың облыс аумағында алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасау жөнiндегi өзара жұмыстарының қарым-қатынас нобайын бекiтедi;
Тармақша 4
4) құқық қорғау, салық және басқа мемлекеттiк органдардың алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымын бақылау жөнiндегi жұмыс нәтижелерiне талдау жасайды;
Тармақша 5
5) алкоголь өнiмдерi айналымы саласындағы өз қызметтерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң алкоголь өнiмдерi айналымының ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi өз функцияларын жүзеге асырудағы мемлекеттiк органдар басшыларының есептерiн тыңдайды.
Тармақ 8
8. Комиссияға жүктелген алкоголь өнiмдерi өндiрiсi мен айналымы саласындағы негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асырған кезде ол:
Тармақша 1
1) облыс мемлекеттiк органдарынан, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнен Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды сұратуға;
Тармақша 2
2) алкоголь өнiмдерiн өндiру және оның айналымына қатысты мәселелерде жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ақпараттық деректер банкiлерiн пайдалануға;
Тармақша 3
3) облыс әкiмияты мен әкiмiнiң нормативтiк-құқықтық кесiмдерiн
дайындауға ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз сарапшылар мен мамандарды заңнамада
белгiленген тәртiпте тартуға;
Тармақша 4
4) алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына бақылау жасауды
жақсарту жөнiнде облыс әкiмi мен мүдделi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар
жасауға;
Тармақша 5
5) Комиссия құзыры мәселелерiне қатысты нормативтiк-құқықтық
кесiмдердiң жобаларын дайындауға қатысуға;
Тармақша 6
6) Комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша ресми түсiнiктемелер
беруге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес
басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
Комиссияны төраға – облыс әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және қызметiне басшылық
жасайды, Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз
функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi, өз құзыры шеңберiнде
Комиссияның барлық мүшелерiне, облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерiне
мiндеттi болып табылатын тапсырмалар мен нұсқаулар бередi.