Об утверждении Положения о Министерстве обороны Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 357 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.07.05 № 916 Қаулысымен.
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 жыл, N 15, 142-бап) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 38-1), 38-2), 38-3), 38-4), 38-5), 38-6), 38-7) және 38-8) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.03.2019 № 131 қаулысымен.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2001 жы­л­ғы 16 та­мы­зда­ғы № 1074 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереже 📌 Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707; өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 01.07.2014 № 754 (құпия) қаулыларымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін əскери-саяси жəне əскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ мемлекеттік авиация және аумақтық қорғаныс салаларындағы уəкілетті орган болып табылады. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685; 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бейбіт уақыттағы ведомствосы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бар. 📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және директиваларымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 14-үй. 📌 Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 10
10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі. 📌 Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 772 қаулысымен.
Тарау 2. 2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің миссиясы – Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігін және әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштерді әскери-саяси және әскери-экономикалық басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) агрессияға тойтарыс беру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қарулы қорғау, мемлекеттік және әскери объектілерді күзету және қорғау, әуе кеңістігін қорғау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындау үшін Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін және жауынгерлік қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Функциялары: орталық аппараттың функциялары:
Тармақша 1
1) қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Əскери доктринаны, Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын, сондай-ақ əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс мəселелері жөніндегі тұжырымдамаларды əзiрлейдi;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлеуді үйлестіреді жəне бекітуге ұсынады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының Президенті жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жəне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің құрылымын жəне штат санын, штаттарды, штаттарға табельдерді əзірлейді, əскери басқару органдарының штаттарын жəне штаттарға табельдерін есепке алуды жүргізеді;
Тармақша 4
4) мемлекетте бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің әскери құрамдасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының қызметін ұйымдастырады;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектері мен арнайы әскерлердің жедел мақсаты мен міндеттерін, оларды басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен өзара іс-қимылда қолдануды айқындайды;
Тармақша 6-1
6-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады;
Тармақша 7
7) қорғаныстық зерттеулерге, əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу, тəжірибелік-конструкторлық жəне басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асырады, олардың сапасын бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 7-1
7-1) қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді, оның ішінде қорғаныстық зерттеулерді ұйымдастырады жəне үйлестіреді;
Тармақша 8
8) әскерлерді инспекциялауды және Қарулы Күштердегі қаржы қаражатының жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ведомстволық әскери оқу орындарына қабылдауды, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-1
9-1) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тəртібін айқындайды;
Тармақша 10
10) ведомстволық әскери оқу орындарының және әскери даярлықты жүзеге асыратын басқа да білім беру ұйымдарының қызметін және оқу-тәрбие жұмысының сапасын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке даярлауды үйлестіреді;
Тармақша 11-1
11-1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
Тармақша 11-2
11-2) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;
Тармақша 11-3
11-3) қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 11-4
11-4) бітімгершілік операцияға дайындық қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ оларды орындауды ұйымдастырады;
Тармақша 11-5
11-5) бітімгершілік операцияға дайындық жоспарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 11-6
11-6) экономиканы, мемлекеттік органдарды жəне меншік нысанына қарамастан ұйымдарды жұмылдыру дайындығын ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 11-7
11-7) жеке әскери-есептік құжаттарды ресімдеу, оларды беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібін айқындайды, сондай-ақ жеке әскери-есептік құжаттар бланкілерін жасауды ұйымдастырады;
Тармақша 11-8
11-8) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 12
12) қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
Тармақша 13
13) халықаралық әскери және әскери-экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 13-1
13-1) әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 14
14) террорризмге қарсы операцияларды жүргізу кезінде әуе, су және жерүсті кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 15
15) мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін, Қарулы Күштердің ұдайы жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстайтын және қамтамасыз ететін, өз құзыреті шегінде сыртқы барлауды, терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимылды, сондай-ақ әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 15-1
15-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелері басшыларының тамақтандыруды жəне монша-кір жуу қызметін көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындайтын жеке жəне заңды тұлғаларға ғимараттарды, асханалардың, монша-кір жуу комбинаттарының үй-жайларын жəне олардағы əскери мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 16
16) Қарулы Күштерде заңдылық пен құқық тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және әскери қызметшілерді, олардың отбасы мүшелері мен азаматтық персоналды әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз етеді;
Тармақша 17
17) өз құзыретi шегінде қорғаныс және Қарулы Күштер мәселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 17
17) өз құзыретi шегінде əскери қызмет өткеру, қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мəселелерi бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды жəне олардың орындалуын бақылайды;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуге және қорғауға қатысуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 19
19) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерді оқу орындарында даярлауға жәрдемдеседі;
Тармақша 20
20) азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін бірлесіп пайдаланылатын диапазондардағы радиожиілік спектрін бөлу мен пайдалануды келіседі, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында радиожиілік спектрін және тиісті радиоэлектрондық құралдарды пайдалануды реттеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде шифрлау жұмысын, мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғауды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың криптографиялық құралдарын жобалауды, өндіруді, енгізуді, сүйемелдеуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 22-1
22-1) өз құзыреті шегінде əскери қауіпсіздік саласындағы ақпараттық кеңістікке мониторингті жəне оған қатер төндіретін көздерге қарсы іс-қимылды жүргізеді;
Тармақша 23
23) азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға қатысады;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен;
Тармақша 26
26) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен;
Тармақша 27
27) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен;
Тармақша 28
28) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен;
Тармақша 29
29) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен;
Тармақша 30
30) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және оларды қабылдап алуды жүзеге асырады;
Тармақша 30-1
30-1) уəкілетті мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жəне ұйымдарға, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның азаматтық қорғанысты басқару органдарына, ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің əскери бөлімдеріне шартты атаулар береді;
Тармақша 31
31) қарулы жанжалға мәжбүрлеу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан болған арандатушылық іс-әрекеттерден, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзудан туындаған төтенше жағдайлардан сақтандыруға қатысады;
Тармақша 32
32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін материалдық- техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 32-1
32-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-тарихи және мәдени жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 33
33) өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты даярлау және қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін бақылайды;
Тармақша 33-1
33-1) аумақтық əскерлер туралы ережені, аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын, аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, аумақтық əскерлерге басшылықты жүзеге асырады, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғаныс мəселелері бойынша ақпарат беру тəртібі мен мерзімдерін айқындайды;
Тармақша 33-2
33-2) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді;
Тармақша 34
34) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 34-1
34-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кадр саясаты тұжырымдамасын əзірлейді жəне бекітеді, өз құзыреті шегінде кадрларды орналастыруды жəне əскери атақтар беруді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына лауазымдар тізбесіне сəйкес лауазымдарға тағайындау жəне əскери атақтар беру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 35
35) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелері шегінде әскери мүлікті береді, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) береді;
Тармақша 35-1
35-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдаланылмайтын мүлік деп таниды;
Тармақша 35-2
35-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды бекітеді;
Тармақша 36
36) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
Тармақша 36-1
36-1) қарулануды бақылау саласындағы халықаралық шарттарды сақтау мəселелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды жəне басқа да қатысушы мемлекеттердің осы шарттарды орындауын байқайды;
Тармақша 37
37) aлып тасталды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.
Тармақша 38
38) әскери медицина саласындағы бағдарламаларды іске асырады;
Тармақша 38-1
38-1) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді; 📌 Ескерту. 38-1) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-2
38-2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 38-3
38-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады; 📌 Ескерту. 38-3) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-4
38-4) стандарттау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады; 📌 Ескерту. 38-4) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-5
38-5) стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарайды; 📌 Ескерту. 38-5) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-6
38-6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады; 📌 Ескерту. 38-6) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-7
38-7) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады; 📌 Ескерту. 38-7) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-8
38-8) өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 📌 Ескерту. 38-8) тармақша 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы қаулының 3-тармағымен.
Тармақша 38-9
38-9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін ұлттық қауіпсіздік органдары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамасын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 38-10
38-10) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде арнайы тексерулер мен арнайы зерттеулерді ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 38-11
38-11) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 38-12
38-12) құзыреті шегінде ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізеді;
Тармақша 38-13
38-13) Қазақстан Республикасының әскери ұлттық стандарттарын әзірлейді, келіседі, әзірлеуге, өзгертуге және олардың күшін жоюға қатысады;
Тармақша 38-14
38-14) әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобалардың іске асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 38-15
38-15) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, қосарланған және әскери мақсаттағы ғарыш қызметі саласындағы жобаларды іске асырады;
Тармақша 38-16
38-16) қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының радиоэлектрондық құралдары үшін жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға рұқсат береді;
Тармақша 38-17
38-17) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38-18
38-18) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 38-19
38-19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
Тармақша 38-20
38-20) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 38-21
38-21) пилотсыз ұшу аппараттарының шекаралық белдеудің үстінен ұшуын келіседі;
Тармақша 38-22
38-22) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 38-23
38-23) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 38-24
38-24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 38-25
38-25) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;
Тармақша 39
39) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Ведомствоның функциялары:
Тармақша 1
1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының директиваларын əзірлейді;
Тармақша 2-1
2-1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзырет болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 3
3) әскерлерді жоспарлау, дайындау және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жұмылдыру жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштерді жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінде ұстау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 6-1
6-1) экономика салаларынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 6-2
6-2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін күзетуді және қорғауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.10.2017 № 685 қаулысымен;
Тармақша 11
11) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді;
Тармақша 12
12) Қарулы Күштерді әскерге шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілермен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды шетел мемлекеттерінің қарулы күштерімен жедел қолдану және олардың өзара іс-қимылы жоспарын әзірлеуге қатысады;
Тармақша 14
14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 15
15) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар беруді, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөніндегі ұсыныстарды енгізуді жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Қарулы Күштерді қару-жарақтың, әскери техниканың қажетті түрлерімен, оқ-дәрілермен және басқа да материалдық құралдармен қамтамасыз етуді, оларды пайдалануды, сақталуын, есепке алуды, есептен шығару мен кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды, сондай-ақ бейбіт уақытта әскерлерді жұмылдыра өрістету үшін осы құралдардың қорларын жинақтауды және орналастыруды жоспарлауды ұйымдастырады;
Тармақша 16-1
16-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады;
Тармақша 16-2
16-2) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті органның өтініші негізінде пайдаланылмайтын мүлікке жатқызылған оқ-дәрілерді жоюға жәрдем көрсетеді;
Тармақша 17
17) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 18
18) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Тармақша 19
19) әскерлердің қызметіне байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
Тармақша 20
20) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды, ал жергілікті әскери басқару органдары арқылы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық басқармаларды тиісті жауынгерлік әзірлік дәрежесіне келтіру туралы, сондай-ақ жұмылдыруды жариялау туралы хабардар етеді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери жиындарды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 22
22) халық пен аумақты қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарынан қорғау жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру және оның салдарын жою жөніндегі міндеттерді шешу кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 23
23) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
Тармақша 24
24) мемлекеттік авиация қызметі саласында бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 25
25) мемлекеттік авиациядағы әуе кемелері ұшуларының қауіпсіздігін қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 25-1
25-1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыруды, жинақтауды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асырады;
Тармақша 25-2
25-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 25-3
25-3) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен соғыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жарамсыз күйге түскен немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамының өмiрiне қатер төнген кезде жоғалған әскери мүлікті есептен шығарады;
Тармақша 25-4
25-4) Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген тәртіппен өздерiнiң жедел басқаруындағы әскери мүлiктің есебін жүргізедi;
Тармақша 25-5
25-5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын əзірлейді;
Тармақша 26
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдануды және басқаруды, олардың басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылын жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.06.2015 № 425; 29.12.2015 № 1107; 15.11.2016 № 704; 30.10.2017 № 685; 16.11.2018 № 772; 19.03.2019 № 131; 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2021 № 217 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.09.2021 № 694 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
Тармақша 3
3) демеушілік, қайырымдылық көмектi, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберiнде көрсетiлетiн көмектi алу және пайдалану;
Тармақша 4
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне басшылық жасауды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі жүзеге асырады, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдарға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының, Министрлік пен оның құрылымдық бөлімшелері лауазымды адамдарының, Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) Қарулы Күштер түрлерінің, әскер тектерінің құрылымын, штат санын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі бекіткен Қарулы Күштердің, Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиті шегінде Министрлікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын белгілейді;
Тармақша 3
3) бекітілген штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымын және оның бөлімшелерінің штат санын айқындайды;
Тармақша 4
4) Министрліктің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 5
5) барлық мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштер жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президентіне белгіленген номенклатураға сәйкес Қарулы Күштердегі лауазымдарды алмастыру үшін және жоғары әскери атақтар беруге генералдар мен офицерлердің кандидатураларын ұсынады;
Тармақша 8
8) бұйрықтар мен директивалар шығарады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Президентіне Қарулы Күштердің құрылымы жөніндегі ұсыныстарды, оларды қолдану, жұмылдыра өрістету және қаржылық қамтамасыз ету жоспарларын бекітуге ұсынады;
Тармақша 10
10) өз өкілеттіктері шегінде әскери қызметшілерді лауазымдарға тағайындайды, қызметі бойынша ауыстыру, әскери атақтар беру және одан айыру, сондай-ақ Қарулы Күштер қатарынан шығару жөніндегі мәселелерді шешеді;
Тармақша 11
11) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы және әскер түрлері, тектері мен өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің басқару органдары туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 12
12) қару-жарақтың, әскери техниканың, күрделі салымдар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың негізгі түрлеріне тапсырыстар беру, сатып алу көлемін, сондай-ақ Қарулы Күштердің түрлері, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар мен Министрліктің құрылымдық жабдықталым бөлімшелері бойынша бюджет қаражатын бөлуді бекітеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қару-жарағына қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 13-1
13-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен əскери техниканы шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 14
14) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарағы мен әскери техникасының кадастрын бекітеді;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 16
16) Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналын Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге ұсынады, көтермелейді, сондай-ақ жазалар қолданады;
Тармақша 17
17) азаматтардың шағымдарын, өтініштерін қарауды және Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелерінің, зейнеткерлерінің, қызметшілері мен қызметкерлерінің құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауды ұйымдастырады;
Тармақша 18
18) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
Тармақша 19
19) меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-1
19-1) жоғары оқу орындарында және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдары жанындағы әскери факультеттерде әскери даярлық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-2
19-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштерді жабдықтау нормаларын бекітеді;
Тармақша 19-3
19-3) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебiн жүргізу тәртiбi туралы қағидаларды бекiтедi;
Тармақша 19-4
19-4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
Тармақша 19-5
19-5) əскери атташе аппараты əскери қызметшілерінің қызметін жəне қызмет өткеру шарттарын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-6
19-6) жергілікті әскери басқару органдары туралы ереженi бекітеді;
Тармақша 19-7
19-7) азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-8
19-8) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру тәртібін бекітеді;
Тармақша 19-9
19-9) жалпыға бірдей әскери оқыту бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 19-10
19-10) әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекітеді;
Тармақша 19-11
19-11) оларда қызмет өткеру әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беруге құқық беретін жергілікті жерлердің тізбесін бекітеді;
Тармақша 19-12
19-12) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдеріне өтемақы мөлшерін бекітеді;
Тармақша 19-13
19-13) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-14
19-14) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-15
19-15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-16
19-16) дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің жəне өзге де əскери-геральдикалық белгілердің, əскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, əскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық жəне басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери қызметшілерінің тағып жүру тəртібін бекітеді;
Тармақша 19-17
19-17) əскери бөлімдер мен ұйымдарға нақты жəне шартты атаулар беру жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде хат-хабар алмасу кезінде оларды қолдану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-18
19-18) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-19
19-19) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының əскери қызметшілеріне қызметтік куəлік беру қағидаларын жəне оның сипаттамасын бекітеді;
Тармақша 19-20
19-20) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қаржылық жəне шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-21
19-21) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арсеналдарында, базалары мен қоймаларында зымырандарды жəне оқ-дəріні сақтауды ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 19-22
19-22) қару мен оқ-дəрінің ұрлануы, жоғалуы не əскери қызметшінің əскери бөлім орналасқан жерді қаруымен өз бетінше тастап кетуі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері қолбасшылығының жəне əскери полиция органдарының ден қою қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-23
19-23) бастапқы əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-24
19-24) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-25
19-25) əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-26
19-26) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери дайындық қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-27
19-27) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің əскери оқу орындарынан шығарып жіберу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-28
19-28) денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін бекітеді;
Тармақша 19-29
19-29) білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша əскери оқу орындары мен əскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-30
19-30) шетелдік əскери оқу орындарында даярлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшілерін іріктеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-31
19-31) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі дене шынықтыру дайындығы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-32
19-32) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін топогеодезиялық қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 19-33
19-33) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін навигациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-34
19-34) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінiң мəдениет аясында жəне спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелерi ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтерді бекітеді;
Тармақша 19-35
19-35) полиграфологиялық жəне психологиялық-физиологиялық зерттеулерді қолданумен тексеру жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-36
19-36) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-37
19-37) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери көлік құралдарының жəне арнайы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы колонналар өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-38
19-38) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тəртіптеме жəне онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау тəртібі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-39
19-39) əскери қызметшілердің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының гауптвахтасында əкімшілік қамаққа алуды өтеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-40
19-40) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының патрульдік-бекеттік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-41
19-41) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері əскери полиция органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруы қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-42
19-42) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери полиция органдары əскери қызметшілерінің қызметтік əдеп қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-43
19-43) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде əскерлер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-44
19-44) анықтау, тергеу органдарынан жəне соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен əскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-45
19-45) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жария етілмейтін құрамының тізбесін бекітеді;
Тармақша 19-46
19-46) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-47
19-47) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру» бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға көзделген қаражатты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-48
19-48) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері полигондарының және оқу-жаттығу орталықтарының қызметі қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-49
19-49) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратына өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-50
19-50) Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-51
19-51) Жергілікті әскери басқару органдарында кезекшілер қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-52
19-52) Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-53
19-53) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрiлік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекітеді;
Тармақша 19-54
19-54) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ведомстволық күзет бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін күзетуін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-55
19-55) Ішкі аудит қызметі туралы ережені бекітеді;
Тармақша 19-56
19-56) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-57
19-57) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-58
19-58) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті атқаруды бағалау әдістемесін бекітеді;
Тармақша 19-59
19-59) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 19-60
19-60) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондарында, әскери бөлімдері мен мекемелерінде диверсияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-61
19-61) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-62
19-62) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді;
Тармақша 19-63
19-63) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен шығарылатын адамдарды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 19-64
19-64) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-65
19-65) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-66
19-66) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде есептеу техникасы құралдарын (жергілікті есептеу желілерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде) қолдана отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді өңдеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-67
19-67) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 19-68
19-68) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің арнайы сараптамаларын және командирлерді (бастықтарды) аттестаттауды жүргізу жөніндегі сараптама комиссияларының құрамын бекітеді;
Тармақша 19-69
19-69) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындары ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-70
19-70) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сүңгуірлік түсулерді ұйымдастыру және қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-71
19-71) ұйымдық-штаттық іс-шаралардың материалдарын жоспарлау және дайындау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің штаттары мен табельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-72
19-72) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Әскери атақтар тізбесіне сәйкес әскери қызметшілердің штаттық лауазымдарының, әскери атақтарының, әскери-есептік мамандықтарының тізбесін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері лауазымдары мен әскери атақтарының кодтарын бекітеді;
Тармақша 19-73
19-73) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери басқару органдарының, республикалық мемлекеттік мекемелерінің орналасу есебін жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-74
19-74) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін жұмылдыруды жүргізу және жергілікті әскери басқару органдарының адам және көлік ресурстарын жұмылдыруды жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-75
19-75) Бітімгершілік операцияларына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін іріктеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-76
19-76) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органдарының кинологиялық қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-77
19-77) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды және 200 шақырымнан астам қашықтықта пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-78
19-78) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде парашюттік (парашюттік-десанттық, әуе-десанттық) даярлық жөніндегі қағидаларды бекітеді;
Тармақша 19-79
19-79) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін әскери мүлікпен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-80
19-80) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-81
19-81) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-82
19-82) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-83
19-83) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде құпияландырылған байланыстың ведомстволық желісі жабдығын орналастыру және монтаждау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-84
19-84) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде байланыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және байланыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-85
19-85) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің республикалық мемлекеттік мекемелерінде қызметтік хат алмасу және іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-86
19-86) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының және Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-87
19-87) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-88
19-88) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарының қызметтік жұмысын бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
Тармақша 19-89
19-89) алғашқы көмек (жеке, топтық) дәрі қобдишаларының тізімдемелерін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 19-90
19-90) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының жедел-іздестіру қызметін жүргізу, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қажетті ақпаратты алу қағидаларын және негіздерін бекітеді;
Тармақша 19-91
19-91) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде және Қарулы Күштерінде қызметтік пайдаланудағы техникалық құралдарды (ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын және мобильді құрылғыларды) кіргізу, шығару және пайдалану қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-92
19-92) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің террористік тұрғыдан осал әскери бөлімдері мен мекемелерінің тізбесін олардың санаттарына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 19-93
19-93) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ұйымдастыру қағидаларын жəне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде əскери тасымалдарды ресімдеу жəне оларға ақы төлеу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-94
19-94) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-медициналық мекемелерінде әскери қызметшілерге медициналық қарап-тексеру жүргізудің қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-95
19-95) тағайындау кезінде əскери қызметшілер мен азаматтық персонал адамдарына қатысты психологиялық-физиологиялық жəне полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізілетін әскери лауазымдар тізбесін бекітеді;
Тармақша 19-96
19-96) соғысқа қатысушы куәлігін беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-97
19-97) ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-98
19-98) қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 19-99
19-99) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарты бойынша жекеше әріптеске және концессионерге шығындарды өтеу үшін қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын бекітеді;
Тармақша 20
20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкілеттіктерін орындауды оның орнында болатын адам жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 671 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2017 № 685; 16.11.2018 № 772; 16.10.2020 № 669 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 08.04.2021 № 217 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.
Тармақ 23
23. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Аппарат басшысы басқарады.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкi
4. Мемлекеттік органның мүлкi
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бекiтiліп берілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, егер заңнамада өзгелер белгіленбесе, оған бекiтiліп берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен иелік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және қысқарту
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi Құпия. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тiзбесi Құпия.