О дополнительных мерах по обеспечению проведения оперативно-розыскных мероприятий на сетях телекоммуникаций Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" және "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004.09.29. N 998 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алты айлық мерзімде ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға бұрынырақ берілген лицензияларды осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) үш айлық мерзімде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету бөлігінде байланысты ұйымдастыру жабдықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетіне бекітуге және тіркеуге ұсынсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, алты айлық мерзімде Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу мен пайдалану кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл ережесін әзірлесін және оны қолданысқа енгізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.