Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел–тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 729 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі
2. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі
Тармақ 2
2. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) қаржы мониторингі органдары қызметкерлерінің (бұдан - қызметкерлер) кәсіптік әрекеттерін және қызметтік жүктемені ретке келтiрудiң оңтайлы дәрежесiне жету үшін белгіленеді. Сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын айқындау кезінде есепке алынады.
Тармақ 3
3. Жұмыс стандарттары өзіне мыналарды қосады:
Тармақша 1
1) өздерінің қызметтік міндеттерін сапалы орындау үшін қызметкерлердің нақты іс-қимылын нақты регламенттеу;
Тармақша 2
2) қызметке алғаш кірген, сондай-ақ функционалдық міндеттерінің өзгеруіне алып келген жаңа лауазымдарға тағайындалған қызметкерлердің бейімделу процесін жеделдету;
Тармақша 3
3) халықтың сенім деңгейін жоғарылату;
Тармақша 4
4) нақты жұмыс учаскелерінде, қызмет бағыттарында қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалауға арналған өлшемшарттар жүйесін жасау;
Тармақша 5
5) нақты жұмыс учаскелерінде қызметкерлердің жұмыс істеу шарттарының оңтайлы өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 6
6) ойдағыдай орындалғаны не орындалмағаны туралы айғақтайтын нақты, өлшенетін нәтижелерді айқындай отырып, барлық жұмыс процестерін сипаттау.
Тармақ 4
4. Қаржы мониторингі органдары қызметінің әрбір бағыты және әрбір лауазымы бойынша орындалатын жұмыстардың талдауы жеке-жеке бірқатар кезекті кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) әрбір лауазым қызметінің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін жасау;
Тармақша 2
2) олардың қатаң кезеңділігімен тиісті жұмыс түрін қалыптастыратын нақты әрекеттердің тізбесін жасау;
Тармақша 3
3) әрбір нақты әрекет уақытының нормаларын айқындау;
Тармақша 4
4) нақты әрекеттердің нәтижелеріне талаптар. Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әзірлейді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса беріледі.
Тармақ 5
5. Бекітілген жұмыс стандарттарын енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) қызметкерлерді жұмыс стандарттары енгізілетіні туралы хабардар ету, мақсаттарды және жұмыс стандарттарын енгізуге байланысты ұйымдастырушылық өзгерістерді түсіндіру;
Тармақша 2
2) қызметкерлерді жұмыс стандарттарымен таныстыру және жұмыс стандарттарын орындау жөнінде оқыту тренингтерін өткізу;
Тармақша 3
3) бақылауды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қызметкерлердің қажетті білімін, дағдысы мен машығын, жұмыстарды орындау үшін ынтасының жеткілікті болуын айқындау мақсатында бекітілген жұмыс стандарттарын талдау (қажет болған жағдайда, қызметкерлердің кәсіптік деңгейі мен біліктілігін жоғарылату жөнінде жұмыстар ұйымдастырылады).