Об утверждении Правил и методики проведения ежегодного социологического мониторинга состояния морально-психологического климата в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы «Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жылсайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 726
бұйрығымен бекітілген
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жылсайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) моральдық-психологиялық ахуалдың
жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы»
2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 54-1-бабының
1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі - ЭТҚ) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг (бұдан әрі - социологиялық мониторинг) жүргізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Социологиялық мониторингті жүргізудің мақсаты:
Тармақша 1
1) қызметкерлер қызметінің тиімділігін арттыру;
Тармақша 2
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды профилактикалау;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің кәсіби және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану;
Тармақша 4
4) қызметкерлердің басқару құзыреттерінің кәсіптік дамуы және жетілдіруі;
Тармақша 5
5) қызметкерлердің еңбегіне уәждемені арттыру, қызметтік жұмысты ұйымдастыру, басқару процесін оңтайландыру, бөлімшелердің ұйымшылдығын арттыру;
Тармақша 6
6) проблемалық бөлімшелерді анықтау, формальды және формальды емес қарым-қатынас құрылымын анықтау (оның ішінде формальды емес көшбасшыларды анықтау);
Тармақша 7
7) бөлімшелерде психологиялық атмосфераны жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлеу;
Тармақша 8
8) «тәуекел тобына» жататын, жүйке-психикалық тұрақсыздығын, өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділігін көрсететін, есірткі заттарын пайдалануға бейім адамдарды анықтау болып табылады.
Тарау 2. 2. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесі
2. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесі
Тармақ 3
3. Социологиялық мониторинг жыл сайын ЭТҚ қызметкерлері үшін тамыз айында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Социологиялық мониторингтің жүргізілуін ұйымдастыру құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасарына, құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша
(бұдан әрі – аумақтық органдар) басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының кадр қызметіне (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.
Тармақ 5
5. Қосымша социологиялық мониторинг қажеттілігі бойынша жыл бойы Комитет төрағасының және аумақтық органдары басшыларының шешімдері бойынша аутоагрессиялық көріністер жағдайында, қызметкердің шағымы, жанжалды жағдай, еңбектің төмен тиімділігі және кадрлардың жоғары тұрақсыздығы бойынша өткізіледі.
Тармақ 6
6. Социологиялық мониторинг электрондық немесе қағаз түріндегі тестілеу/сауалнама жүргізу жолымен жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Социологиялық мониторингті өткізу үшін психологтардың (бұдан әрі – уәкілетті тұлғалар) қызметтері пайдаланылады.
Тармақ 8
8. ЭТҚ қызметкерлеріне социологиялық мониторинг жүргізген тұлға социологиялық мониторингтің нәтижелерін жариялағаны үшін тәртіптік жауапкершілікте болады.
Тармақ 9
9. Социологиялық мониторинг:
Тармақша 1
1) ерікті негізде, құпия, жауап алынған адамдарға зерттеу жүргізудің мақсаты мен анонимдігі туралы алдын ала түсіндірумен зерттеулерді өткізу талаптарын қатаң сақтау кезінде;
Тармақша 2
2) ЭТҚ қызметкерлерінің қалауы бойынша қазақ не орыс тілдерінде;
Тармақша 3
3) социологиялық мониторингті өткізудің уақыты алпыс минутты құрайды;
Тармақша 4
4) арнайы жабдықталған үй-жайларда жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Зерттеулердің нәтижелерін объективті бағалау үшін ЭТҚ қызметкерлерінің іс жүзіндегі санынан кем дегенде 70% қатысуы қажет.
Тармақ 11
11. Социологиялық мониторингті ашу, өңдеу және талдау жүргізуді кадр қызметінің қызметшілері және уәкілетті тұлғалар өткізеді.
Тарау 3. 3. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі
3. ЭТҚ-ғы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің әдістемесі
Тармақ 12
12. Социологиялық мониторингті өткізу өзіне мынадай кезеңдерді қосады:
Тармақша 1
1) мониторингті дайындау және ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) міндеттерді қою және зерттеу пәнін таңдау;
Тармақша 3
3) ұйымдастырушылық жұмыс (жеке құрамды жинау);
Тармақша 4
4) аспаптарды әзірлеу;
Тармақша 5
5) зерттеу деректерін жинау;
Тармақша 6
6) жиналған ақпараттың сапасын бақылау;
Тармақша 7
7) алынған деректерді өңдеу, алынған деректерді сандық және сапалық талдау;
Тармақша 8
8) талдамалы анықтамаларды және ұсынымдарды дайындау.
Тармақ 13
13. Социологиялық мониторингті жүргізуге дайындалу кезінде электрондық не қағаз тасымалдағыштарындағы сауалнамаға енгізілетін сұрақтардың тізбесі жасалады және сұрауға қатысушылардың құрамы (жауап алынатындардың іріктемелі жиынтығы), сұрауды жүргізу орны мен мерзімі айқындалады.
Тармақ 14
14. Сұрауға қатысушылардың құрамы сұраудың тақырыбына және міндеттеріне байланысты айқындалады.
Тармақ 15
15. Мониторинг нәтижелерін түсіндіру қызметкердің қызметтегі қоршаған жағдайына субъективті пікіріне және қарым-қатынасына негізделеді:
Тармақша 1
1) еңбек қызметімен қанағаттануы;
Тармақша 2
2) әріптестерге қарым-қатынасы;
Тармақша 3
3) басшының стиліне;
Тармақша 4
4) жеке қабылдауының және бағаның негізінде топтық нормаларға және құндылықтарға, өзара пікір алмасуға.
Тармақ 16
16. Еңбекпен қанағаттанудың тура өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) кәсіптік қызметке қанағаттанудың жоғары және ортадан жоғары деңгейі;
Тармақша 2
2) пікірлерді келісудің жоғары және ортадан жоғары дәрежесі;
Тармақша 3
3) басшылар мен бағыныстылардың қолайлы өзара қарым-қатынасы болып табылады.
Тармақ 17
17. Еңбекпен қанағаттанбаудың жанама өлшемшарттары:
Тармақша 1
1) қызметкерлердің кәсіби қызметінің уәждемесін өзгертумен, кәсіптік күюімен (оның ішінде – жеке жетістіктердің редукциясымен), кәсіптік денсаулықтың нашарлауымен, кәсіптік қызметпен қанағаттанудың төмен бағасымен, жұмыста перспективалардың болмауымен, еңбектің ауыр шарттарымен, еңбекақының төмен деңгейімен, әлеуметтік қорғалудың нашарлауымен байланысты кадрлардың тұрақтамауы;
Тармақша 2
2) ұжымның қызметтік жұмыс тиімділігінің төмендігі, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейінің төмендігі, басшылықтың ұжыммен авторитарлық стилі, атқарушылық тәртіп деңгейінің төмендігі;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің даулылығы және төмен толеранттылық болып табылады.
Тармақ 18
18. Толтырылған тесттердің/сауалнамалардың жинауын арнайы жабдықталған контейнерде өткізіледі. Контейнерге мөр қойылады және кадр қызметі басшысының қатысуымен ашылады, сауалнамалар/тесттер қайта саналады және өңдеуге уәкілетті тұлғаға беріледі.
Тармақ 19
19.Мониторинг нәтижелері қағаз және электрондық тасымалдағыштарындағы қорытындылар мен ұсынымдары бар зерттеулерді жүргізу туралы талдамалы анықтама түрінде ресімделеді және Комитеттің төрағасына және аумақтық қаржы мониторингі органдарының басшыларына ұсынылады.