О некоторых вопросах, связанных с поступлением на службу и замещением вакантных должностей в оперативно-следственных подразделениях органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына және 29-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мына:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №727
бұйрығына 1-қосымша
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке түсумен және бос лауазымдарға орналасумен байланысты кейбір мәселелер туралы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыруды және жұмыс тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі
2. ЭТҚ-ға кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастыру және жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 2
2. Деректер банкін, оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетіндегі (бұдан әрі - Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі
(бұдан әрі – аумақтық органдар) өткізеді.
Тармақ 3
3. Деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен жұмыс істейді және олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен ақпаратын қамтиды.
Тармақ 4
4. Деректер банкі қағаз тасымалдағышында осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсетумен қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызметке орналасатын кандидаттару туралы мәліметтерді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізу жолымен қалыптастырылады.
Тармақ 5
5. Экономикалық тергеу қызметіндегі кандидаттар туралы ақпарат
«е-Қаржымин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадрлық әлеуетін басқару, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну» кіші жүйесінде жинақталады, олар кандидатқа арналған есепті деректерде көрсетіледі және кандидаттың мынадай деректерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) туған күні, айы, жылы;
Тармақша 3
3) ұлты;
Тармақша 4
4) бар біліктілік сыныбы/атағы (ол болған кезде);
Тармақша 5
5) білімі, ғылыми дәрежесі;
Тармақша 6
6) мемлекеттік органдардағы өтілі (өтілі болған кезде);
Тармақша 7
7) еңбек сіңірген жылдары (басқа құқық қорғау органдарында еңбек сіңірген жылдары болған кезде);
Тармақша 8
8) шет тілдерін білуі;
Тармақша 9
9) экономикалық тергеу қызметіне кандидат тағайындалуға үміттеніп тұрған лауазымның санаты мен атауы;
Тармақша 10
10) қызметкердің іріктеуге немесе кадр резервіне қойылу кезеңдері.
Тармақ 6
6. Деректер банкінен кандидат туралы мәліметтердің жоюын кадр қызметі тағайындалған сәтінен бастап не қаржы мониторингі органының конкурсынан өткен сәтінен бастап бір жылдың өтуі бойынша жүзеге асырады.
Басқа 1. Олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсете отырып қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтер
Қаржы мониторингі
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
Ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін көрсете отырып қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке кандидаттар туралы мәліметтер
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) (оның ішінде бұрынғы), туған күні, айы, жылы және жері
2. Жеке басын және азаматтығын куәландыратын құжаттың деректері
3. Тұрғылықты және тіркеу орны бойынша мекенжай
4. Телефондардың (мобильді және үй), соның ішінде оның атына тіркелмегендердің нөмірлері
5. Әскери мiндеттiлер есебiне алынған және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар
(сериясы, нөмірі, берілген күні, әскери билетті, тіркеу куәлігін берген органның атауы)
4.Отбасы құрамы туралы
7. Қызметке жарамдылығын айқындау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден (оны өткен жағдайда) өткендігі туралы мәлімет
8. Кандидаттардың және олардың жақын туыстарының соттылығы туралы мәлімет
9. Аттестаттаудың (оны өткен жағдайда) нәтижелері
10. Білімі, біліктілігі туралы және арнаулы білімдердің және арнайы даярлықтың бар болуы туралы мәлімет (сериясы, нөмірі, дипломның берілген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
11. Біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы (оны өткен жағдайда) туралы мәлімет
(сериясы, нөмірі, біліктілікті арттыруы және қайта даярлығы туралы құжатты немесе сертификатты берген күні, білім беру мекеменің атауы мен орналасқан жері)
12. Қызметкерлердің мемлекеттік және ведомстволық наградалары, құрмет және арнаулы атақтары, көтермелеулері (оның ішінде награданың, атақтың немесе көтермелеудің атауы немесе аты, марапаттау туралы нормативтік актінің күні және түрі немесе көтермелеу күні), ғылыми дәрежесі немесе атағы туралы мәлімет
Басқа 2
Қаржы мониторингі
органдарының жедел-тергеу
бөлімшелерінде (экономикалық
тергеу қызметі) кандидаттардың
Ведомстволық деректер банкін
қалыптастырудың және онымен
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Еңбек қызметі туралы мәлімет
Күні
Лауазымы, жұмыс орны,
ұйымның орналасқан жері
келу
кету
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №727
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web-порталында қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді орналастыру қағидалары және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтері
(бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы
6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) бос басшы лауазымдары және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web- порталында орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) әкімші – web-порталдың барлық элементтеріне шектелмеген қол жетімділігі бар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметшісі;
Тармақша 2
2) модератор – web-порталда ақпараттық материалдарды орналастыру құқығымен қол жетімділігі бар Комитеттің құрылымдық бөлімшенің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеу департаменттеріндегі (бұдан әрі – аумақтық органдар) қызметшісі;
Тармақша 3
3) web-портал – Комитеттің ресми интернет – ресурсы, домендік атауы (мекенжайы) www.kfm.gov.kz.
Тарау 2. 2. Қаржы мониторингі органдарының жедел – тергеу бөлімшелерінде
(экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web–порталында орналастыру тәртібі.
2. Қаржы мониторингі органдарының жедел – тергеу бөлімшелерінде
(экономикалық тергеу қызметі) бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің web–порталында орналастыру тәртібі.
Тармақ 3
3. Мәліметтердің орналастыруын ақпараттық материалдарды web-порталда орналастыру үшін жауапты модераторлар жүргізеді.
Тармақ 4
4. Комитеттің web-порталында бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру үшін жауапты модераторды Комитеттің төрағасы, аумақтық органдардың басшысы айқындайды.
Тармақ 5
5. Комитеттің және аумақтық органдардың кадр қызметі бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді дайындайды.
Тармақ 6
6. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді кадр қызметінің қызметшісі Комитеттің web-порталында оларды орналастыру үшін жауапты модераторға жолдайды.
Тармақ 7
7. Web-порталға ақпаратты орналастыру үшін жауапты модератор ауысқан жағдайда Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық органдары модератордың құқықтарына қол жетімділікті беру үшін
5 жұмыс күні ішінде әкімшіге ақпараттандырады.
Тармақ 8
8. Мәліметтерді орналастыру web-порталы бар басқару жүйесінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер «Біз туралы» деген 1-бөлімнің «Кадрлық қамтамасыз ету» деген бөлімшесінде орналастырылады.
Тармақ 10
10. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтер бос басшы лауазымдар пайда болған кезде жаңартылады.
Тармақ 11
11. Бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтерді орналастыру кезінде web-порталда бар барлық тілдік нұсқалардағы түпнұсқалылығы сақталады.
Тармақ 12
12. Комитеттің және аумақтық органдарының кадр қызметтерінің басшылары бос басшы лауазымдар және оларға орналасу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар туралы мәліметтердің дұрыстығын, нақтылығын, өзектілігін, ұсынудың уақтылығын және жаңартылуын қамтамасыз етеді.