Об утверждении Перечня руководящих должностей оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований), подлежащих ротации, и Правил их перемещения Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдардың тізбесі;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 724 бұйрығына 1-қосымша Ротацияға жататын мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппаратында басқарма басшысы; Комитеттің аумақтық органдарында: құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша экономикалық тергеу департаменттері басшысының орынбасары; басқарма басшысы.
Басқа 2. Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 724 бұйрығына 2-қосымша Ротацияға жататын қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ауыстыру қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ротацияға жататын, басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді ауыстыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерін ауыстыру тәртібі
2. Ротация – қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) қызметкерлерін ауыстыру тәртібі
Тармақ 3
3. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында басшылық лауазымын атқаратын қызметкерлердің ротациясы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ротацияға Комитеттің және оның аумақтық органдарының ЭТҚ қызметкерлері жатады.
Тармақ 5
5. ЭТҚ қызметкерлерінің ротациясы Комитет төрағасының шешімі бойынша жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. ЭТҚ қызметкерлерін ротациялау мынадай схема бойынша жүйелі негізде өткізіледі:
Тармақша 1
1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);
Тармақша 2
2) өңірааралық («өңір-өңір»);
Тармақша 3
3) сектораралық («орталық-орталық»).
Тармақ 7
7. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу бойынша, оның ішінде қызметкерлерді ротациялау бойынша жоспар жобаларын жасау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру Комитеттің кадр қызметіне кемінде бес жылға жүктеледі.
Тармақ 8
8. Ротациялау жоспар жобасында ЭТҚ қызметкерлері туралы мынадай мәліметтер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ЭТҚ қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) ЭТҚ қызметкерінің лауазымы, біліктілік сыныбы;
Тармақша 3
3) аталған басшылық лауазымда ротациялаудың жоспарланған мерзімі;
Тармақша 4
4) отбасы жағдайы және отбасы мүшелерінің саны;
Тармақша 5
5) ЭТҚ қызметкерін қызметтік тұрғын үй-жаймен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы ақпарат.
Тармақ 9
9. ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу жоспары құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасы орынбасарымен, аумақтық қаржы мониторингі органдарының басшыларымен келіседі және Комитет төрағасы бекітеді.
Тармақ 10
10. Жоспарды бекіту ЭТҚ қызметкерлеріне ротациялауды жүргізу кезеңі болғанға дейін кемінде үш ай бұрын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. ЭТҚ қызметкерлерін ротациялау бойынша шешім қабылдаған кезде олардың қызметін бағалау нәтижесі есепке алынады (жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктері, кәсіби құзыреттілік деңгейі, біліктілігін арттыруы).
Тармақ 12
12. Ротациялау жоспарына енгізілген ЭТҚ қызметкерлері ол бекітілгеннен кейін үш күндік мерзімде жоспармен таныстырылады. Ротациялау бойынша қабылданған шешім жеке құрам бойынша Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 13
13. ЭТҚ қызметкерін ротациялау тәртібінде басқа елді-мекенге тағайындау туралы мәселені шешкен кезде, тиісті қаржы мониторингі органының кадр қызметі ЭТҚ қызметкерін тағайындағанға дейін кем дегенде 10 күнтізбелік күн бұрын қызметкердің тағайындалуы жоспарланған тиісті қаржы мониторингі органына (Комитетке немесе аумақтық органына) тұрғын үй қажеттілігі туралы уәжді ақпаратты жолдайды.
Тармақ 14
14. Жоспардан тыс жүзеге асырылатын ЭТҚ басшылық лауазымдарына ЭТҚ қызметкерін тағайындау ротация болып табылмайды.
Тармақ 15
15. ЭТҚ қызметкерін басқа елді-мекендегі қызметке ротациялауға қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесінде – лауазымында болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің жазбаша келісімінсіз жол беріледі.
Тармақ 16
16. Басқа елді-мекенге көшумен байланысты ротациялауға мүгедек балалары (қамқоршы болып табылатын), оның ішінде асырап алған ұлдары (қыздары) немесе асырауында қарт ата-аналары, не онымен бірге тұрақты тұратын және 1 және 2-топ мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар қызметкерлер жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжаттармен расталуы тиіс.
Тармақ 17
17. ЭТҚ қызметкерін ауыстыру, бір басшылық лауазымнан ЭТҚ басшылық лауазымы бойынша бұрынғы лауазымдағы бірдей біліктілік сыныбы мен жалақысын көздейтін басқа тең дәрежелі лауазымға жүргізіледі.