Об утверждении размеров фактических затрат на копирование или печать и порядка их оплаты обладателю информации, а также порядка освобождения социально уязвимых слоев населения от оплаты фактических затрат на копирование или печать Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Нақты шығындардың мөлшері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысымен бекітілген Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі Нақты шығындардың мөлшері
Тармақ 1. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
1. Сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалатын шығындарды ақпарат пайдаланушы мынадай мөлшерде төлейді: сұрау салынатын ақпарат А4 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,1 %-ы; сұрау салынатын ақпарат А3 пішімінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 0,2 %-ы; сұрау салынатын ақпарат А2 немесе А1 пішімдерінде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 2 %-ы; сұрау салынатын ақпарат А0 пішімінен асатын пішімде ұсынылған жағдайда – сұрау салынатын ақпараттың әрбір парағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 5 %-ы. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Ақпарат иеленуші меншік нысанына қарамастан, сұрау салынатын ақпаратты осы қаулының талаптарын ескере отырып, өзінде бар құжаттар және (немесе) материалдар көлемінде және пішімінде ұсынады.
Тармақ 3
3. Ақпарат иеленуші 1-тармаққа сәйкес нақты шығындардың құнын есептейді және ақпарат пайдаланушыға белгіленген тәртіппен алынған сұраудың тіркелген күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде шот ұсынады. Бұл ретте ақпарат иеленуші:
Тармақша 1
1) сұрау салынатын құжаттың және (немесе) материалдың көлемі мен пішімін;
Тармақша 2
2) сұрау салынатын құжаттардың және (немесе) материалдардың көшірмелерін жасауға жұмсалған шығыстар мөлшерін;
Тармақша 3
3) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін төлемді аударуға төлем құжатын толтыру үшін қажетті ақпаратты;
Тармақша 4
4) сұрау салынатын ақпаратты ұсыну үшін ақпарат пайдаланушының төлемді енгізуінің он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімін көрсетеді.
Тармақ 4
4. Ақпарат иеленуші мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме болған жағдайда, ақпаратты пайдаланушы ақпаратты ұсыну үшін төлемді 2-тармаққа сәйкес мемлекеттік бюджетке аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, олардың иелігіндегі экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпаратқа және азаматтардың елді мекендермен өндіріс объектілерінің амандығы қауіпсіздігіне қамтамасыз етуге кері әсері бар басқа да факторларға, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілерімен өндіретін (өткізетін), тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты бөлікте сұратылған жағдайда ақпарат пайдаланушы 2-тармаққа сәйкес ақпарат иеленушінің шотына ақпарат бергені үшін төлемді аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 6. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі
6. Ақылы негізде берілетін ақпарат 2-тармақтың талаптарына сәйкес көрсетілген ақпараттың ұсынылғаны үшін ақпарат пайдаланушы төлем жүргізгеннен және ақпаратты иеленушіге төленгенін растайтын төлем құжаты ұсынылғаннан кейін жолданады (беріледі). Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға және басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібі
Тармақ 7
7. Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындарды төлеуден мынадай әлеуметтік осал топтарға жататын ақпарат пайдаланушылар босатылады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 2
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;
Тармақша 3
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 4
4) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
Тармақша 6
6) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 7
7) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, кәмелеттік жасқа дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар (мұндай адамдар әскери қызметке шақыру кезінде жасы жедел әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады);
Тармақша 8
8) қандастар;
Тармақша 9
9) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
Тармақша 10
10) көп балалы отбасылар;
Тармақша 11
11) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқару, әскери қызметте, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Тармақша 12
12) толық емес отбасылар.
Тармақ 8
8. 7-тармақта көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар ақпарат иеленушіге тиісті мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынған кезде төлемнен босатылады.
Тармақ 9
9. Тиісті мәртебені растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі 3-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мерзімнен аспауы қажет.