Об утверждении перечня отдельных видов товаров, работ, услуг, закупаемых у общественных объединений лиц с инвалидностью Республики Казахстан и (или) организаций, созданных общественными объединениями лиц с инвалидностью Республики Казахстан, производящих и (или) поставляющих товары, выполняющих работы, оказывающих услуги, и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 51-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Өндірілетін тауарлар:
Тармақша 1
1) төсек жаймаларының барлық атаулары, көрпе, матрастар, жамылғы, әртүрлі жастықтар, сүлгі, майлықтар, жастық тыстары, матрасқа арналған тыстар, жаялықтар;
Тармақша 2
2) мақтадан жасалған күртеше, мақтадан жасалған жылы шалбар, жылуды сақтайтын костюм, жылы шолақ комбинезон, жылы кеудеше, жылы күртеше, бүркемеленген далалық костюм, шалбар;
Тармақша 3
3) мақта-матадан жасалған жұмыс костюмі, мақта-матадан жасалған далалық костюм, бүркемеленген далалық күртеше, дәнекерлеуші костюмі, аккумуляторшы костюмі, жұмыс комбинезоны;
Тармақша 4
4) аспаз костюмі, наубайшы костюмі, түрлі қалпақтар;
Тармақша 5
5) түрлі халаттар, түрлі алжапқыштар, бірегей нысанды киім, сигналдық кеудеше, хирургиялық костюмдер, мақта-матадан жасалған бахилалар, өндірістік және шаруашылық персоналдың нысанды киімі, көрпе;
Тармақша 6
6) әртүрлі пижамалар, ерлердің іш киімдері, трусилер, шылғаулар, әртүрлі ішкі жейделер, әртүрлі жейделер;
Тармақша 7
7) түрлі үшкіл орамалдар, беторамал, жаға астары, қолғаптар;
Тармақша 8
8) перделер, шымылдықтар, түрлі қаптар;
Тармақша 9
9) құжат тігілетін папкалар, конверттер, қағазға арналған папкалар, сызғыштар;
Тармақша 10
10) орайтын қораптар, архив қораптары;
Тармақша 11
11) ағаш бұйымдар;
Тармақша 12
12) жиһаз.
Тармақ 2
2. Өндірілетін және (немесе) берілетін тауарлар:
Тармақша 1
1) тифлотехникалық құралдар;
Тармақша 2
2) жүріп-тұруға арналған арнайы құралдар;
Тармақша 3
3) міндетті гигиеналық құралдар.
Тармақ 3
3. Орындалатын жұмыстар:
көгалдандыру.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту техникасын (балдақтар, таяқтар, жасанды ағаш аяқтар, көтергіш құрылғылар мен механизмдер, телерадиоаппаратура) жеткізу, құрастыру, жөндеу және оған қызмет көрсету;
Тармақша 2
2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарын жөндеу және қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар адамдардың демалысын және санаторий-курорттық емдеуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) орын-жайлар мен аумақтарды жинау, клинингтік қызметтер;
Тармақша 5
5) абаттандыру, көгалдандыру;
Тармақша 6
6) полиграфиялық көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 7
7) кір жуу қызметтері.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1181 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Тауарлар өндіретін және (немесе) беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан сатып алынатын жекелеген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 16, 193-құжат).
Тармақ 2
2. «Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 431 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 32, 285-құжат).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 618 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 43, 325-құжат).