Об утверждении Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами Күшін жойған
Басқа 0
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді
қабылдау қағидаларын бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 15-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 721 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 31, 338-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 60, 827-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1182 қаулысымен
бекітілген
Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер мынадай талаптарға сай келеді:
Тармақша 1
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдығын белгілейді;
Тармақша 2
2) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай талаптарды белгілейді;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер, лауазымды тұлғалар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажыратады;
Тармақша 5
5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) эргономикалық, ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және медициналық нормаларды белгілейді;
Тармақша 7
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келеді.
Тармақ 3
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдер мен нормативтерді қамтуға тиіс.
Тарау 2. 2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі
Тармақ 4
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейтін мемлекеттік орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын орындайтын өзінің бөлімшелерінің біріне тапсырады.
Жұмыс тобының құрамына өздерінің мақсатына қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері қосылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсыруы немесе оны дайындауды шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсыруы мүмкін. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары жұмыс тобына қарауға ұсынылады.
Тармақ 7
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде:
Тармақша 1
1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;
Тармақша 2
2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
Тармақша 3
3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
Тармақша 4
4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
Тармақша 5
5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;
Тармақша 6
6) өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) өндірістік орын-жайларға қойылатын талаптар;
Тармақша 8
8) өндірістік алаңдарға (өндірістік орын-жайлардан тыс жерлерде орындалатын процестер үшін) қойылатын талаптар;
Тармақша 9
9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;
Тармақша 10
10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;
Тармақша 11
11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптар;
Тармақша 12
12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 13
13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимі;
Тармақша 14
14) қызметкерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар;
Тармақша 15
15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;
Тармақша 16
16) қорғаныш құралдарын қолдануға қойылатын талаптар;
Тармақша 17
17) қызметкерлерді санитариялық-тұрмыстық орын-жайлармен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар қамтылады.
Тармақ 8
8. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық акт қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Жұмыс тобы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегеннен кейін оларды тиісті уәкілетті мемлекеттік органға бекітуге ұсынады.
Тармақ 10
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
Нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады.