Об утверждении Типового положения об условиях оплаты труда и премирования руководящих работников национальных компаний, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству Күшін жойған
Басқа 0
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар директорлар кеңестерінің басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын Үлгілік ережеге сәйкес белгілеуді қамтамасыз етсін.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы төрағасының және басқарма мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі айқындайды.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1183 қаулысымен
бекітілген
Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – ұйымдар) басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларды ынталандыру мәселелерінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Үлгілік ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) еңбекақы төлеу – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне және осы Үлгілік ережеге сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
Тармақша 2
2) лауазымдық жалақы – қызметкердің біліктілігін, орындалатын жұмыстың күрделілігін, санын, сапасы мен жағдайын ескере отырып, еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін айына жұмыскердің еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері;
Тармақша 3
3) жылдық сыйлықақы – қол жеткізілген табыстарды материалдық көтермелеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс нәтижелеріне байланысты ұйымның басшы жұмыскерлеріне бір жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша жылына бір рет төленетін сыйақы. Жылдық сыйлықақы тұрақты сипатта болмайды.
Тармақ 3
3. Ұйымның басшы жұмыскерлеріне:
Тармақша 1
1) бірінші басшы;
Тармақша 2
2) басшының орынбасары;
Тармақша 3
3) атқарушы органның (басқарманың) мүшесі жатады.
Тармақ 4
4. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетінде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Ұйымның басшы жұмыскерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері, жылдық сыйлықақы алуға құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалатын еңбек шартында айқындалады.
Тарау 2. 2. Еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары
2. Еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары
Тармақ 6
6. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлық жалақысының мөлшері орындалатын жұмыстың күрделілігіне, атқарып отырған лауазымына, өндірістің (бизнестің) ерекшеліктері мен ауқымына және оларға байланысты тәуекелдерге, еңбектің салалық ерекшелігіне, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ұйымның рөлі мен орнына байланысты сараланып айқындалады және ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Тармақ 7
7. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің өндірістің тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыруға мүдделілігін күшейту үшін жылдық сыйлықақы төлеу жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Жылдық сыйлықақының мөлшері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар болып табылатын акционерлік қоғамдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың әрбір басшы жұмыскерінің қызметін бағалаудың жеке тәсілі негізінде айқындалады және олардың даму жоспары орындалуының сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты болады.
Тармақ 9
9. Ұйымның басшы жұмыскерлеріне жылдық сыйлықақы төлеу тәртібі мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Тармақ 10
10. Басшы жұмыскерлерге жылдық сыйлықақылар аудиттелген қаржылық есептілік негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қаржы жылының нәтижелері бойынша төленеді.
Тармақ 11
11. Басшы жұмыскердің орташа жалақысын есептеу жылдық сыйлықақысын ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Ұйымның басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары Директорлар кеңесінің шешімімен айқындалады.
Тармақ 13
13. Басшы жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру жүйесін белгілеу кезінде ұйымның Директорлар кеңесі осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1183 қаулысымен бекітілген
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 291-құжат).
Тармақ 2
2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 399 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 145-құжат).
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 317-құжат).
Тармақ 6
6. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1638 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 43, 418-құжат).
Тармақ 7
7. «Акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 558 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1470 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 80, 1182-құжат).
Тармақ 8
8. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қоры тобының құрамына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) әкімшілік шығыстарының жекелеген түрлерінің лимиттерін және оларға мониторинг жүргізу тетігін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 1266 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 74, 664-құжат).