Об утверждении Правил осуществления клиринговой деятельности по биржевым сделкам и Требований к аппаратно-программному комплексу клирингового центра товарной биржи Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-6) тармақша және 17-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары 1-қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптары 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қағидалардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енетін 2-қосымшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «___» ________
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына 1-қосымша Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және биржалық мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Осы Қағидалардың талаптары құнды қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша клирингтік қызметіне қатыстырылмайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) есеп айырысу ұйымы – екінші деңгейдегі банк немесе онымен тауар биржасының клирингтік орталығы биржалық сауда–саттық өткізу және (немесе) биржалық сауда–саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі озара іс қимыл тәртібі туралы шарт жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Тармақша 1-1
1-1) ақша қаражатын есепке алудың клирингтік тіркелімі - тауар биржасы мүшелерінің ақша қаражаты қозғалысының есебін жүргізу үшін клирингтік ұйым пайдаланатын электрондық дерекқор;
Тармақша 2
2) клиринг – биржа мәмілелерін жасасу нәтижесінде, оның ішінде міндеттемелер неттингін жүзеге асыру нәтижесінде тауар биржасы мүшелерінің талаптары мен (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі және осындай міндеттемелерді тоқтатудың және (немесе) орындаудың негізі болып табылатын құжаттарды (ақпаратты) дайындау;
Тармақша 3
Тармақша 4
4) уәкілетті орган – тауар биржалары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
Тармақ 2
2. Клирингтік орталық Заңның 17-бабының 7-тармағына сәйкес клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық–бағдарламалық кешені болуы.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Тауар биржасының клирингтік орталығы бір немесе бірнеше тауар биржаларына, электрондық сауда алаңдарына, сондай-ақ биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Тауар биржасына бірнеше клирингтік орталықтардың клирингтік қызмет көрсетуіне жол берілмейді.
Тарау 2. 2-тарау. Клирингтік қызметті жүзеге асыру
2-тарау. Клирингтік қызметті жүзеге асыру
Тармақ 5
5. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін тауар биржасы клирингтік ұйыммен клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Клирингтік ұйымның биржалық саудаға қатысушыларды аккредиттеуін жүргізуге жол берілмейді. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін клирингтік ұйым биржалық саудаға қатысушымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде клирингтік қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
Тармақ 6
6. Тауар биржасының клирингтік ұйыммен шарт өзара әрекет ету, ақпаратты алмасу, биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде рәсімдерді жасау бойынша тәртібі туралы талаптарды қамтылады.
Тармақ 7
7. Биржалық мәмілелер бойынша клирингті, есептерді және міндеттемелерді есепке алуды жүзеге асыру мақсатында тауар биржасының клирингтік орталығы есеп айырысу ұйымымен биржалық сауда-саттықты жүргізу және (немесе) биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі туралы тиісті шарт жасасады.
Тармақ 7-1
7-1. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шарт жасалғаннан кейін биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар ақша қаражатын есепке алудың клирингтік тіркелімінде ескеріледі. Тауар биржасы мүшесінің ақшалай қаражаты есеп айырысу ұйымындағы клирингтік орталықтың ағымдағы шотына ақшалай қаражатты енгізу туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, тауар биржасы мүшесі тауар биржасының клирингтік орталығына жүгінген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ақша қаражатын есепке алудың клирингтік тіркеліміне енгізіледі. Бұл ретте тауар биржасының мүшесін биржалық қамтамасыз етуді қайтаруды тауар биржасының клирингтік орталығы биржалық қамтамасыз етуді қайтаруға өтініш берілген кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Тауар биржасының клирингтік орталығы, зардап шеккен тараптың пайдасына кінәлі тараптың биржалық қамтамасыз ету сомасын аудару жағдайларын қоспағанда, тауар биржасының мүшелері биржалық қамтамасыз ету ретінде енгізген ақшалай қаражатқа билік етпейді.
Тармақ 7-2
7-2. Биржалық мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету үшін тауар биржасының клирингтік орталығы биржалық сауда-саттықтың әрбір қатысушысына биржалық қамтамасыз етуді және биржалық мәміле бойынша тауарға ақы төлеу үшін енгізілген ақшаны есепке алу бойынша бөлек тіркелімдері бар сауда шоттарын ашады. Биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың ақшасы тауар биржасының клиринг орталығының жеке банктік шотында сақталуға жатады. Тауар биржасының клирингтік орталығы брокер мен оның клиенттері ақшасының бөлек есебін жүргізеді. Тауар биржасының клирингтік орталығы әрбір жасалған мәміле бойынша оқшауланған биржалық қамтамасыз етудің есебін жүргізеді.
Тармақ 8
8. Клирингтік қызмет жүзеге асырылатын биржалық мәмілелерге орай, клирингтік орталықтар Заңның 17-бабының 6-тармағымен айқындалған қызметтерді атқарады.
Тармақ 9
9. Өз функцияларын іске асыру үшін клиринг орталық осы клиринг орталық клирингтік қызмет көрсететін мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтауды жүзеге асырады, алшақтық болған жағдайда оларды салыстырады және түзетеді.
Тармақ 10
10. Клиринг ұйымы клиринг қызметіне байланысты ақпарат пен құжаттарды сақтауды және осындай ақпаратты күн сайын резервтік көшіріп алуды жүзеге асырады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуға тиіс және клиринг ұйымының резервтік техникалық орталығында жаңартылған резервтік көшірмелерімен алмастырылғанға дейін сақталады.
Тармақ 11
11. Тауар биржасының клирингтік орталығы резервтік техникалық орталықтың дереу жандандыруға тұрақты дайын болуын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:
Тармақша 1
1) клиринг қызметіне байланысты негізгі ақпаратқа ұқсас ақпараттың резервтік көшірмелерін қамтиды;
Тармақша 2
2) биржалық мәмілелер бойынша клиринг қызметті жүзеге асыру процесінде пайдаланылатын тауар биржасының клирингтік ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуінің көшірмесін қамтиды;
Тармақша 4
4) тауар биржасының клирингтік орталығының қызметін жүзеге асыруға қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 5
5) тауар биржасының клирингтік орталығының орналасқан жері бойынша клирингті жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда осы жағдай туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей клирингті жүзеге асыру мүмкіндігін ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Клирингтік орталықтың ақпаратты ашуы және сақтауы
3-тарау. Клирингтік орталықтың ақпаратты ашуы және сақтауы
Тармақ 12
12. Тауар биржасының клирингтік орталығы өзінің қызметі туралы ақпараттың ашылуын және барлық мүдделі тұлғаларға коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпараттармен танысуға еркін қолжетімділікті аталған ақпаратпен бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде жариялау (орналастыру) жолымен қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Клирингтік ұйымның интернет-ресурсында немесе ол қызмет көрсететін тауар биржасында келесідей:
Тармақша 1
1) клирингтік ұйым туралы жалпы ақпараттың (клирингтік ұйым органының құрамы, клирингтік ұйымның жетекші қызметкерлерінің тегі, аты-жөні, егер бар болса әкесінің аты, клирингтік ұйымның орналасқан жері, байланыс телефондары);
Тармақша 2
2) клирингтік ұйымның құрылтайшы құжаттарын;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйым бекіткен қаржылық есептілікті қоса алғанда, клирингтік ұйымның жылдық қаржылық есептілігі, және аудиторлық есебін;
Тармақша 4
4) клирингтік ұйым қызмет көрсететін тауар биржалардың атауын;
Тармақша 5
5) тауар биржасы/клирингтік ұйым қызмет көрсететін есеп жүргізу ұйымының (дарының) атауын ақпараттардың ашылуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 14
14. Клирингтік орталық келесідей:
Тармақша 1
1) тауар биржасы мүшесінің клирингтік есепке алу тіркелімдерінде ескерілетін ақша мен өзге де міндеттемелердің сомалары туралы, оның ішінде тауар биржасы мүшесінің берешегі туралы;
Тармақша 2
2) тауар биржасы мүшесінің клирингтік орталыққа немесе есеп жүргізу ұйымдарына берілген тапсырмалар туралы және өзге де құжаттар туралы;
Тармақша 3
3) тауар биржасы мүшелерінің клирингтік орталықтарда ескерілген міндеттемелері туралы және клирингтік орталықтың тауар биржасы мүшелері алдындағы міндеттемелері туралы;
Тармақша 4
4) бір тарап болып тауар биржасы мүшесі саналатын биржалық мәмілелер туралы ақпараттың құпиялылығын сақтайды. Клирингтік орталық осы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес құзыретті органдарға олардың коммерциялық құпиялардан тұратын мәліметтерді алу олардың жазбаша сұраныстарының негізінде ашады.
Тармақ 14-1
14-1. Тауар биржасының клирингтік орталығы осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тауар биржасының мүшесі туралы ақпаратты тікелей тауар биржасының мүшесіне оның жазбаша сұрау салуы негізінде ұсынуды қамтамасыз етеді. Осы ақпаратты ұсыну мерзімі сұрау салуды алған кезден бастап үш жұмыс күнінен аспайды.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығына 2-қосымша Тауар биржасының клирингтік орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Клирингтік орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптары (бұдан әрі – Талаптар) «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Тауар биржасының клирингтік орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Талаптары құнды қағаздар нарығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін фьючерстік және опциондық мәмілелер бойынша клирингтік қызметіне қатыстырылмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар
2-тарау. Тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Биржалық саудаға қатысушылардың биржалық сауда-саттыққа олар енгізген биржалық қамтамасыз етудің мөлшеріне байланысты рұқсат беруін автоматтандырылған бақылауды қоса алғанда, клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін клирингтік орталықтың қарамағында клиринг процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешені болады.
Тармақ 4
4. Клирингтік орталықтың аппараттық-бағдарламалық кешені жұмыс станцияларынан (компьютерлік базадан), серверлік аппараттық қамтамасыз етуден тұруы және мыналарды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ақпаратты сенімді сақтау, оларды рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғау, дерекқордың тұтастығын және мынадай жағдайларда электрондық мұрағаттар мен дерекқорлардағы ақпараттардың толықтай сақталуын: кез-келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез-келген учаскесінде толықтай немесе ішінара электр тоғы өшіру кезінде; желілерде, телекоммуникацияларда апатты жағдайлар орын алғанда, деректерді алмасу операцияларын орындау кезінде орнатылған нақты және виртуалдық жалғаулар үзіліп кеткен жағдайда; бағдарламалық қамтамасыз ету ақпараттарына рұқсат етілмеген қолжетімділік әрекеттері кезінде;
Тармақша 2
2) бағдарламалық қамтамасыз етуде жүзеге асырылған кіріс деректеріне, қызметтеріне, операцияларына, есептеріне көп деңгейлі қолжетімділік. Бағдарламалық қамтамасыз ету екіден кем емес негізгі қолжетімділік деңгейлерін қарастырады: «әкімші» және «пайдаланушы»;
Тармақша 3
3) енгізілген деректердің толықтығына бақылау жүргізу (қызметтерді немесе операцияларды барлық жолдарды толықтай толтырылмаған жағдайда бағдарлама тиісті хабарламаны беруді қамтамасз етеді);
Тармақша 4
4) жекелеген сұраныстар бойынша және кез-келген белгілері бойынша ақпараттарды іздестіру, сондай-ақ ақпараттарды кез-келген параметрлері бойынша сұрыптау және осының алдындағы күндерде берілген ақпараттарды қарау мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) ақпаратты күндері бойынша қысқартуларсыз өңдеу және сақтауды;
Тармақша 6
6) нормативті құқықтық актілермен бекітілген есептер формаларын, сонымен қатар хабарламаларды, анықтамаларды, жеке тұлға есепшоттарынан үзінділерді, ақпараттық операциялардың жүзеге асырылғанын растайтын жүргізілген операциялар мен құжаттар туралы есептерді рәсімдеуді автоматтандыру;
Тармақша 7
7) мұрағаттану мүмкіндігі (мұрағаттан алынған деректерді қалпына келтіру);
Тармақша 8
8) шығыс құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігі;
Тармақша 9
9) электронды құжаттармен алмасу мүмкіндігі;
Тармақша 10
10) бағдарламалық қамтамасыз етудегі жаңылулар болған жағдайда үздіксіз және үзіліссіз жұмыс жасау;
Тармақша 11
11) берілген клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсету, оны тексеру мен түзетуді жүзеге асыратын келісімдер бойынша ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және сақтау;
Тармақша 12
12) клирингтік қызмет көрсетуге қабылданған саудаластық және (немесе) тауарлық биржадағы ұйымдастырушының сауда жүйесінде жасалған шарттардың барлық параметрлерін есепке алу;
Тармақша 13
13) саудаластықтың тауар биржасы мүшелері үшін клирингтік қызмет нәтижелері туралы есепті рәсімдеу;
Тармақша 14
14) мынадай операцияларды автоматты түрде орындау: тауар биржасы мүшесінің қаражатын бөлек есепке алу; тауар биржасы қатысушысының биржалық қамтамасыз ету қаражатын бұғаттау және биржалық мәмілелерді жасау нәтижелері бойынша бұғаттау алып тастау; тауар биржасы мүшелерінің бос қаражаты болған жағдайда саудаға жіберу (өтінімдер мен мәмілелер бойынша өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде бұғатталмаған); биржалық қамтамасыз етуді есепке алу;
Тармақша 15
15) тауар биржасы мүшесінің өзгертілетін деректерінің сақталуы және бұрынғы деректер бойынша тіркелген тұлғаны іздеу;
Тармақша 16
16) бүкіл мерзім ішінде есепке алудың клирингтік тізілімі бойынша өткізілген операциялардың барлық түрлері бойынша ақпараттың сақталуы;
Тармақша 17
17) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қорғалған байланыс арналары арқылы клиенттерге, есеп айырысу ұйымдарына, тауар биржасына және монополияға қарсы органға ақпарат беру;
Тармақша 18
18) бұйрық беруге уәкілетті тұлға атынан оның ашқан есепке алудың клирингтік тізілімі бойынша операцияларын жасау үшін құжатты алу фактін сәйкестендіру;
Тармақша 19
19) тек қана уәкілетті тұлғалар бұйрықтары негізінде есепке алудың клирингтік тізілімдері бойынша операцияларды жүргізу;
Тармақша 20
20) бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеуі процесінде еркін нысанда аудит журналын жүргізу.
Тармақ 5
5. Клирингтік орталық аппараттық-бағдарламалық кешеніндегі ақпараттың сақталуы қосымша сервердегі жүйелік транзакциялар журналында және дерекқорлардағы резервтік көшірмелерді автоматты түрде күн сайынғы сақтау жолымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Клирингтік орталық ақпаратының қорғалуы қол жетімділіктің негізгі деңгейлері - «әкімші» және «пайдаланушымен» қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) қол жетімділік деңгейі - «әкімші» мыналарды қамтиды: пайдаланушылар топтарын анықтау, оларды орындайтын қызметтері бойынша санаттарға бөлу және ақпаратқа қол жетімділік деңгейін олардың бекітуі, парольдер ауыстыру; бағдарламалық қамтамасыз ету қызметінің параметрлерін баптау; бағдарламалық қамтамасыз ету дерекқорына қосылған пайдаланушыларды қарау; операциялық күнді ашу (жабу); жұмыс күнін ауыстыру; ұзақ мерзімді сақтау деректерінің алынбалы-салынбалы тасымалдағыштарында мұрағаттық және резервті көшірмелерін жасау;
Тармақша 2
2) қол жетімділік деңгейі - «пайдаланушы» мыналарды қамтиды: бағдарламалық қамтамасыз ету дерекқорында анықтамалық ақпаратты жүйелі түрде жаңартып отыру; деректерді бағдарламалық қамтамасыз етуге енгізу; клиенттердің құралдарымен белгіленген операцияларды бағдарламалық қамтамасыз етуде жүргізу; есептік (шығыс) формаларын қалыптастыру; қажетті ақпаратты сақтау; есептер мен шығыс құжаттарды басып шығару.
Тармақ 7
7. Бағдарламалық қамтамасыз етудің әрбір пайдаланушысы үшін жеке пороль бойынша кіру қарастырылады. Қол жетімділік деңгейі -«әкімші» үшін парольдерді өзгерту маңыздылығы қарастырылады. Шығыс деректерге, функцияларға, операцияларға, есептерге қол жетімділік отыз күнтізбелік күн ішінде бір реттен кем емес өзгертіліп отыратын сәйкес порольді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Бағдарламалық қамтамасыз етуде (қол жетімділік деңгейіне тәуелсіз) мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) белгілі бір функциялар мен операцияларды оларды орындаудың бекітілген тәртібін бұзумен орындауға мүмкіндік беретін құралдар мазмұны;
Тармақша 2
2) рәсімделген шығыс құжаттарының деректеріне өзгертулер тікелей енгізуге мүмкіндік беретін функцияларға ие болу;
Тармақша 3
3) клирингтік есепке алу тізілімінің жағдайы туралы және жүргізілген операциялар туралы, осы операцияларға (функцияларға) арналғандарды қоспағанда, деректерді өзгерту (жою).
Тармақ 9
9. Операцияларды орындау кезінде клирингтік орталықтың бағдарламалық қамтамасыз етуі келесі жағдайлардың туындағаны туралы хабар беріледі:
Тармақша 1
1) клирингтік есепке алу тізілімінен сызып тасталуы тиіс құралдар саны ондағы құралдар санынан артылады;
Тармақша 2
2) шарттарды орындау мерзімдерін бұзу;
Тармақша 3
3) құралдан сызылып тасталатын клирингтік есепке алу тізілімі блокталған.
Тармақ 10
10. Тауар биржасы мүшелері – клирингтік орталықтың аппараттық -бағдарламалық кешенінің пайдаланушыларына келесі талаптар орындалады:
Тармақша 1
1) пайдаланушының жұмыс орнында жүйелі түрде жаңартылып отыратын және операциялық жүйенің жүйелік жаңартылуыларн автоматты түрде жүктеу бағдарламалық антивирустық қамтамасыз етуі орнатылады.
Тармақша 2
2) операцияларды жүргізуге пайдаланылатын пайдаланушының дербес компьютерінде электронды құжаттарды дайындау, өңдеу, беру немесе жүргізу бойынша міндеттерді шешуге арналмаған бағдарламалық құралдарды орнатуға жол берілмейді.
Тармақша 3
3) бағдарламалық ортаға кірерде пайдаланушы идентификацияланатын пайдаланушының бір жүйелік атына бір жеке тұлға сәйкес келеді.
Тармақ 11
11. Өзінің аппараттық-бағдарламалық кешенінің жұмысының тоқтаусыз және үзіліссіз болуын қамтамасыз ету үшін клирингтік орталық бірі негізгі ретінде, ал қалғандары- резервті ретінде пайдаланылатын үздіксіз электр қорегінің екеуден кем емес көздерінің болуын, немесе бірден белсенді жұмысқа кірісуге дайын резервті генератор болуымен бір ғана үздіксіз электр қорегінің көзінің болуын қарастырады.
Тармақ 12
12. Клирингтік орталықтың серверлік аппараттық қамтамасыз етуі өзінің құрамында зақымдалу, жою немесе негізгі құрылғыны пайдалану мүмкін болмаған жағдайында бірден бенсенді жұмыс істеуге дайын резервті құрылғысы болады. Осы кезде серверлік құрылғысы бар жай қол жетімділікті бақылау жүйесімен жабдықталады.