Об утверждении Правил формирования кадрового резерва, требований к квалификации сотрудников, зачисляемых в кадровый резерв, и работы с ведомственным банком данных сотрудников, зачисленных в кадровый резерв оперативно-следственных подразделений органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидаларын бекіту туралы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы қаңтардағы Заңының 34-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015 жылғы
29 желтоқсандағы № 728
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты жүргізудің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. ЭТҚ кадр құрамын қалыптастыру, ЭТҚ-ғы басшы лауазымдардың жинақталуын қамтамасыз ету мақсатында ЭТҚ кадр резерві құрылады.
Тармақ 3
3. Қызметкердің кадр резервінде болу мерзімі үш жыл. Кадр резервіне қойылған, бірақ оларға жоспарланған лауазымға кадр резервінде болу кезеңінде тағайындалмаған адамдар, қайтадан ортақ негіздемелерде кадр резервіне қойылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Бос басшы лауазымына ЭТҚ кадр резервінде тұрған қызметкер орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкер ұсынылған бос лауазымнан бас тартқан кезде, оған аттестаттау нәтижелері немесе кадрларды іріктеу бойынша басқа қызметкер орналасады.
Тарау 2. 2. Кадр резервін қалыптастырудың тәртібі
2. Кадр резервін қалыптастырудың тәртібі
Тармақ 5
5. ЭТҚ кадр резерві аттестаттау нәтижелері бойынша басшы лауазымына немесе үлкен көлемді жұмысқа орналасуға ұсынылған қызметкерлер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсеткен адамдар қатарынан кейіннен бос басшы лауазымға орналасу үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру үшін жауапкершілік құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті
(бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасарына, ал аумақтық органдар бойынша - құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық) экономикалық тергеу департаменттері басшыларының орынбасарларына, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының Ішкі әкімшілендіру басқармасына (бұдан әрі – кадр қызметі) жүктеледі.
Тармақ 7
7. Кадр резервін қалыптастыру көздері:
Тармақша 1
1) Комитеттің немесе аумақтық органдардың аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша кадр резервіне қою туралы ұсыным;
Тармақша 2
2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ерекше көзге түскен қызметкерлерді жеке және іскерлік қасиеттерін және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың қызметтік жұмысының нәтижелерін зерделеу және бағалау негізінде құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына, Комитеттің департаменттер директорларына, дербес басқармаларының және аумақтық органдарының басшыларына кадр резервіне қою үшін ұсыным болып табылады.
Тармақ 8
8. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу үш жылда бір рет жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
Тармақша 1
1) ұсынылып отырған лауазымға орналасу үшін көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
Тармақша 2
2) қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Тармақша 3
3) қызметкердің қызметін бағалау нәтижелері;
Тармақша 4
4) ұсынылып отырған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіби даярлық пен жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 5
5) тиісті басшылар санатының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
Тармақша 6
6) кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру нәтижелері;
Тармақша 7
7) тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазалардың болуы.
Тармақ 10
10. Қызметкердің кадр резервіне қойылуы оның өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Кадр резервіне кандидаттарды сапалы іріктеу және қою туралы ұсынымдық қорытындыны дайындау мақсатында кадр резервіне қою немесе одан шығару жөніндегі комиссия құрылады.
Тармақ 12
12. Кадр резервіне қою бойынша комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрамы:
Тармақша 1
1) Комитет үшін Комитет төрағасының бұйрығымен;
Тармақша 2
2) аумақтық органдар үшін аумақтық органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия төрағасы мен оның мүшелері кадр резервіне қосуға жататын қызметкерлерге қарағанда, аса жоғары лауазымды атқаруы тиіс.
Тармақ 13
13. Комиссия отырысы кадр резервіне қою үшін ұсынымдардың және аттестаттау комиссиясы шешімдерінің келіп түсуіне қарай, бірақ жылына бір реттен артық емес өткізіледі.
Тармақ 14
14. Кадр қызметі, кандидаттардың кадр резервіне қою үшін келіп түскен материалдарын біліктілік талаптарға сәйкес келуіне қарап, оларды қарастыру үшін отырысты өткізгенге дейін кем дегенде күнтізбелік он күн қалғанға дейінгі мерзімде комиссияға жолдайды.
Тармақ 15
15. Комиссия шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды және отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің санынан басым көпшілігі оған дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған деп саналады.
Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссияның шешімі комиссияның барлық мүшелері, оның отырысына қатысушылар және хатшы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Лауазымдардың тиісті санаттары бойынша кадр резервінің тізімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитет төрағасының немесе аумақтық қаржы мониторингі органдары басшыларының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 17
17. Мынадай жағдайларда қызметкерлер кадр резервіне қойылмайды:
Тармақша 1
1) қарамағында болған кезде лауазымға тағайындалғанға дейін;
Тармақша 2
2) алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы болғанда;
Тармақша 3
3) қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы мәселені шешкенге дейін;
Тармақша 4
4) ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін;
Тармақша 5
5) ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
Тармақша 6
6) қызметтік тергеу аяқталғанға дейін.
Тарау 3. 3. Кадр резервінен шығару
3. Кадр резервінен шығару
Тармақ 18
18. Кадр резервінен шығарудың негіздемелері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қызметкердің бос басшы лауазымына орналасуы;
Тармақша 2
2) кадр резервінде болу мерзімінің өтуі;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қызметкерге, сондай-ақ қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату немесе біліктілік сыныбында бір сатыға төмендеу түрінде тәртіптік жаза салынғанда;
Тармақша 4
4) қызметкердің бұдан әрі қызмет өткеруі үшін басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберілуі;
Тармақша 10
10) қызметтен кетуі.
Тармақ 19
19. Кадр қызметі қызметкерлерді бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен таныстырады.
Тармақ 20
20. Қызметкер оның кадр резервінен шығарылғаны туралы шешіммен келіспеген кезде осы шешімді жоғары тұрған тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Тарау 4. 4. Кадр резервіне қойылған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібі
4. Кадр резервіне қойылған ЭТҚ қызметкерлерінің ведомстволық деректер банкімен жұмыс тәртібі
Тармақ 21
21. Кадр қызметі қалыптастырылған ведомстволық деректер банкі арқылы кадр резервіне қойылған немесе одан шығарылған қызметкерлердің есебін жүргізеді.
Тармақ 22
22. Ведомстволық деректер банкі есептеу техника құралдарын пайдаланумен автоматтандырылған ақпараттық жүйелер негізінде, сондай-ақ қағаз және электрондық тасымалдағыштарында құжаттамалық материалдарды жинақтау жолымен қызмет етеді.
Тармақ 23
23. Кадр резерві туралы ақпарат «е-Қаржымин» интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кадрлық әлеуетін басқару, кадр құрамы бойынша есептерді қалыптастыру және ұсыну» кіші жүйесінде жинақталады, онда кадр резервіне қойылған қызметкер туралы мынадай мәліметтер бар:
Тармақша 1
1) қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
Тармақша 2
2) туған күні, айы, жылы;
Тармақша 3
3) ұлты;
Тармақша 4
4) атқарып отырған лауазымы, біліктілік сыныбы;
Тармақша 5
5) білімі, ғылыми дәрежесі;
Тармақша 6
6) құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдары;
Тармақша 7
7) шет тілдерін білуі;
Тармақша 8
8) қызметкер кадр резервінде тұрған бөлімшенің атауы;
Тармақша 9
9) кадр резервінде тұрған қызметкер тағайындалуға үміттеніп тұрған басшы лауазымның санаты мен атауы;
Тармақша 10
10) қызметкердің кадр резервіне қойылу мерзімдері.
Тармақ 24
24. Кадр қызметі ведомстволық деректер банкін Комиссияның әрбір отырысынан кейін жаңартады.
Басқа 1
Қаржы мониторингі органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және
кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық
деректер банкімен жұмысты
жүргізудің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)________________________________________
2. Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________________
3. Жынысы _________________________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________________
5. Білімі, мамандығы, біліктілігі ________________________________________________
____________________________________________________________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _____________________________________________
7. Лауазымы, тағайындалған күні _______________________________________________
8. Бар біліктілік сыныбы, оны белгілеу туралы бұйрықтың күні және нөмірі, есептеу күні
_____________________________________________________________________________
9. Қызметкердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, сондай-ақ қызметтік жұмысының
сандық өлшемді көрсеткіштерін көрсете отырып, қысқа мінездемесі:
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
10. _________________________________________________________________________
лауазымға кадр резервіне қойылуға ұсынылады.
Кадр резервіне қою мүмкіндігін болдырмайтын негіздемелер жоқ (қарамағында болған
кезде лауазымға тағайындалғанға дейін, алынбаған тәртіптік және (немесе) әкімшілік жазасы
болғанда, қайта аттестаттаудан өту кезінде атқарып отырған лауазымға сәйкестігі туралы
мәселені шешкенге дейін, ақталатын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартқанға дейін,
ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін қызметкерлер
кадр резервіне қойылмайды)
_______________________________ ___________
(басшының лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған кезде))
_______________________________ ___________
(ішкі қауіпсіздік бөлімшесі басшының лауазымы, қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде))
201__ж. «___» _____________
Басқа 2
Қаржы мониторингі органдарының
жедел-тергеу бөлімшелерінің
(экономикалық тергеу қызметі)
кадр резервін қалыптастыру,
кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптарды және кадр
резервіне қойылған қызметкерлердің
ведомстволық деректер банкімен
жұмысты жүргізудің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
____________
___________________
(тізімді бекітетін тұлғаның лауазымы,
тегі (ол болған кезде), аты-жөні және
қолы, күні)
№
р/с
Басшы лауазымның атауы
Резервте-гі адам-ның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Атқарып отырған лауазымы
Туған күні, айы, жылы
Біліктілік сыныбы
Атқарып отырған лауазымдағы өтілі
Құқық қорғау органдарындағы өтілі
Лауазымға тағайындалғаны немесе кадр резервінен шығарылғаны туралы белгі және негіздеме
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Қолы ___________________________________
(тізімді жасаған тұлғаның лауазымы,
тегі, аты-жөні және қолы)