Об утверждении Правил отбора и осуществления предварительного изучения кандидатов, принимаемых на службу (учебу) в оперативно-следственные подразделения органов по финансовому мониторингу (служба экономических расследований) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 7-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 720 бұйрығымен бекітілген Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кандидаттарды іріктеудің негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) жоғары білікті мамандарды анықтау;
Тармақша 2
2) кандидаттардың іскерлік, жеке және моральдық қасиеттерінің қызметтік жұмыстың нақты учаскелерінде ЭТҚ қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес келуін кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін және оның кәсіби құзыретіне сәйкес келу дәрежесін есепке ала отырып анықтау;
Тармақша 3
3) ЭТҚ бос лауазымдарына уақтылы орналасуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. ЭТҚ қызметіне кандидаттарды іріктеудің негізгі қағидаттары:
Тармақша 1
1) олардың қабілеттіліктері мен кәсіби даярлығына сәйкес лауазымға үміткер кандидаттарға бірдей қол жетімділігі;
Тармақша 2
2) кандидаттардың объективтілігі және кәсіби және жеке қасиеттерін жан-жақты бағалау;
Тармақша 3
3) кәсіпқойлық;
Тармақша 4
4) ашықтық;
Тармақша 5
5) заңдылық болып табылады.
Тарау 2. 2. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
2. ЭТҚ қызметіне (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары
Тармақ 4
4. ЭТҚ қызметіне түсу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыстан шығарылған, не теріс себептері бойынша өз өкілеттіктерін тоқтатқан тұлғаларды қоспағанда, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқу бітірген тұлғалар, бұдан бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер, Парламенттің депутаттары болып табылған тұлғалар, саяси мемлекеттік қызметкерлер, өз өкілеттіктерін тоқтатқан судьялар, және тиісті біліктілік талаптарына ұсынылған тұлғалар ЭТҚ-ға конкурстық іріктеуден тыс және арнайы бастапқы оқудан өтпей орналасады.
Тармақ 6
6. ЭТҚ қызметіне қабылданатын кандидаттарды іріктеу, олардың алдын ала зерделеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, кандидаттардың тағайындалуы болжанатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша (бұдан әрі – аумақтық органдары) Экономикалық тергеу департаменттерінің басшыларына және кадр қызметіне жүктеледі.
Тармақ 7
7. ЭТҚ қызметіне түсуге ниет білдірген кандидат жазбаша өтінішті (бұдан әрі – өтініш) береді:
Тармақша 1
1) Комитеттің ЭТҚ лауазымдарына – Комитет төрағасының атына;
Тармақша 2
2) аумақтық органдарының ЭТҚ лауазымдарына – аумақтық қаржы мониторинг органы басшысының атына.
Тармақ 8
8. Кандидат кадр қызметіне өтінішке қоса мынадай құжаттарды табыс етеді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (іс жүзінде тұрғылықты орнының мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (диплом мен қосымшасы);
Тармақша 5
5) әскери қызмет өткергені немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылғаны немесе кейінге қалдырылғаны туралы растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 6
6) өлшемі 3*4 фотосурет (4 дана);
Тармақша 7
7) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған өмірбаянын;
Тармақша 8
8) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн;
Тармақша 9
9) егер құжат тігетін папкаға салынған арнаулы атақты беру туралы немесе біліктілік сыныбын белгілеу туралы (бұрын басқа құқық қорғау органдарында қызмет өткергендерге арналған) бұйрықтан үзінді болса, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді. Құжаттардың көшірмелерін қабылдаған кезде салыстыру үшін олардың түпнұсқалары қарастырылады немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері қабылданады. Кандидаттар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынады.
Тармақ 9
9. Кандидаттың жеке басын зерделеу процесінде оның бар біліміне және арнайы даярлығына сәйкестігі, ол тағайындалатын лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі, отбасы жағдайы, еңбек жолы анықталады. Осы Қағидаларға 10-тармағында көрсетілген құжаттарды табыс еткен кандидат, ЭТҚ тиісті бөлімшесінің басшысында әңгімелесуден өтеді.
Тармақ 10
10. Кадр қызметі зерделеу нәтижелері және оның ЭТҚ басшысымен әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидатты ЭТҚ қызметіне іріктелгені туралы немесе іріктеуден дәлелді бас тартуы туралы хаттама түрінде ресімделетін бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен тиісті нәтижесі бар қорытынды шығарады. Хаттамаға кандидаттың құжаттарын зерделеген кадр қызметінің басшысы және қызметшісі, кандидатпен әңгімелесу жүргізген ЭТҚ басшысы қол қояды. Кандидатқа іріктеудің қабылданған шешімі туралы кадр қызметі кандидаттардың электрондық мекенжайларына және мобильді телефондарына ақпаратты жолдау арқылы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Тармақ 11
11. Қызметке кандидатты іріктеу бойынша мәселе оң шешілген кезде ЭТҚ қызметіне кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне кандидаттың деректерін енгізу туралы шешім қабылданады. Комитеттің және оның аумақтық органдарының кадр қызметі, кандидаттың деректерін қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкіне олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсетумен енгізеді.
Басқа 1. Өтініш
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша Нысан Өтініш Мені ___________________________________________________________________ бос лауазымға орналасу үшін іріктеуге қатысуға жіберуіңізді сұраймын. (қаржы мониторингі органының атауы) (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым. Қоса беріліп отырған құжаттар: ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ___________ ________________________________________________ қолы Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) «___» ___________ 20____ж.
Басқа 2
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша Нысан Кадр есебі жөніндегі жеке І С П А Р А Ғ Ы Л И Ч Н Ы Й Л И С Т О К по учету кадров Тегі ____________________________________________________________________ Фамилия аты ____________________________________________________________________ имя әкесінің аты _____________________________________________________________ отчество (при его наличии) 2. ______________________________________________________________________ тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын өзгерткен болсаңыз, қашан, қайда және қандай себеппен өзгерткеніңізді көрсетіңіз если изменяли фамилию, имя или отчество (при его наличии), то укажите их, а также когда, где и по какой причине изменяли 3. Жынысы _______________________ Пол 4. Туған күні, айы және жылы _________________________________ Год, число и месяц рождения Туған жері ______________________________________________________________ Место рождения (село, ауыл, қала, аудан, облыс, өлке, республика) (село, деревня, город, район, область, край, республика) 6. Ұлты _________________________ Национальность 7. Азаматтық ____________________________________________________________ Гражданство 8. Білімі ________________________________________________________________ Образование Оқу ор­ны­ның ата­уы және оның тұр­ған же­рі На­зва­ние учеб­но­го за­ве­де­ния и его ме­сто­на­хож­де­ние Түс­кен жы­лы Год по­ступ­ле­ния Бі­тір­ген неме­се шық­қан жы­лы Год окон­ча­ния или ухо­да Бі­тір­ме­се, қай кур­стан кет­ті Ес­ли не окон­чил, то с ка­ко­го кур­са ушел Қан­дай ма­ман­дық бой­ын­ша бі­лім ал­ды По ка­кой спе­ци­аль­но­сти обу­чал­ся Оқу ор­нын бі­тір­ген соң, кім бо­лып шық­ты, ди­плом неме­се ку­ә­лік нө­мі­рін көр­се­ту ке­рек Ка­кую ква­ли­фи­ка­цию по­лу­чил в ре­зуль­та­те окон­ча­ния учеб­но­го за­ве­де­ния, ука­зать № ди­пло­ма или удо­сто­ве­ре­ния 9. Қандай шетел тілдерін білесіз (оқи аласыз ба, әлде сөздікпен аудара аласыз ба, әлде түсінісе аласыз ба, еркін сөйлейсіз бе) _________________________________ _______________________________________________________________________ Какими иностранными языками владеете (читаете и переводите со словарем , читаете и можете, объясняться, владеете свободно) 10. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз (қашан берілген, дипломдарыңыздың нөмірі) _______________________________________________________________________ Ученая степень, ученое звание (когда присвоены, номера дипломов) 11. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз бар ________________________ Какие имеете научные труды и изобретения _______________________________________________________________________ 12. Еңбек жолыңыз (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарыңыз, әскери қызмет, қоса атқарған жұмысыңыз, кәсіпкерлік қызметіңіз және т.б. түгел жазылады) ______________________________________________________________________ Бұл тармақты толтырғанда мекемелер мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызметтің лауазымы мен әскери бөлімі қоса көрсетілсін Трудовая деятельность (включая учебу в высших и средних специальных учебных заведениях, военную службу, работу по совместительству, предпринимательскую деятельность и т.п.) _____________________________________________________ ______________________________________________________________________ При заполнении данного пункта учреждения организации и предприятия необходимо именовать так, как они назывались в свое время, военную службу записывать с указанием должности и номера воинской части Айы және жы­лы Ме­сяц и год Қыз­ме­ті, ме­ке­ме, ұй­ым, кә­сі­по­рын, сон­дай-ақ ми­ни­стр­лік (ве­дом­ство) қо­са көр­се­тіл­сін Долж­ность с ука­за­ни­ем учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия, а та­к­же ми­ни­стер­ства (ве­дом­ства) Ме­ке­ме, ұй­ым, кә­сі­по­рын­ның тұр­ған же­рі Ме­сто­на­хож­де­ние учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия кел­ген вступ­ле­ния кет­кен ухо­да Айы және жы­лы Ме­сяц и год Қыз­ме­ті, ме­ке­ме, ұй­ым, кә­сі­по­рын, сон­дай-ақ ми­ни­стр­лік (ве­дом­ство) қо­са көр­се­тіл­сін Долж­ность с ука­за­ни­ем учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия, а та­к­же ми­ни­стер­ства (ве­дом­ства) Ме­ке­ме, ұй­ым, кә­сі­по­рын­ның тұр­ған же­рі Ме­сто­на­хож­де­ние учре­жде­ния, ор­га­ни­за­ции, пред­при­я­тия кел­ген вступ­ле­ния кет­кен ухо­да 13. Жақын туыстарыңыз (әкеңіз, шешеңіз, бауырларыңыз, апа-қарындастарыңыз және балаларыңыз), сондай-ақ жұбайыңыз (зайыбыңыз): Ваши близкие родственники (отец, мать, братья, сестры и дети), а также муж (жена): Туы­сқан­дық дең­гейі Сте­пень род­ства Те­гі, аты, әке­сі­нің аты Фа­ми­лия, имя, от­че­ство Ту­ған же­рі, да­та­сы Да­та, ме­сто рож­де­ния Жұ­мыс ор­ны, қыз­ме­ті Ме­сто ра­бо­ты, долж­ность Тұр­ғы­лық­ты ме­кен-жайы Ад­рес ме­сто­жи­тель­ства Егер туысқандарыңыз фамилиясын, атын, әкесінің атын өзгерткен болса, олардың бұрынғы тегін, атын, әкесінің атын қоса көрсетіңіз Если родственники изменяли фамилию, имя, отчество, то необходимо указать их прежние фамилию, имя, отчество (при его наличии) 14. Қандай мемлекеттік және өзге марапаттарыңыз бар Какие имеете государственные и другие награды (қашан, немен марапатталдыңыз) и (когда и чем награждены) ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 15. Әскери қызметке қатысыңыз және әскери атағыңыз ________________________ Отношение к воинской обязанности и воинское звание 16. Құрамы ______________________________________________________________ Состав (командалық, саяси, әкімшілік, техникалық және т.б.) 17. Әскер түрі ____________________________________________________________ Род войск (командный, политический, административный, технический и т.д.) 18. Мекен-жайыңыз бен телефоңыз _________________________________________ Домашний адрес и телефон «_____»_______________________20 ___ г. Өзінің қолы ____________________ (толтырылған мезгілі) Личная подпись (дата заполнения) (Жеке іс парағын толтырушы қызметкер кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, атақ алуы т.с.с.) қызмет орнына хабарлауға міндетті. Бұл мағлұматтар жеке іс қағазына енгізіледі). (Работник, заполняющий личный листок, обязан о всех последующих изменениях (образовании, присвоении ученой степени, ученого звания и т.п.) сообщать по месту работы для внесения этих изменений в его личное дело).
Басқа 3
Қаржы мониторингі органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша Нысан Өз қо­лы­мен ер­кін тол­ты­ры­ла­ды, алай­да тө­мен­де­гідей де­ректер мін­дет­ті түр­де көр­се­ті­лу­ге ти­іс: те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні және ту­ған же­рі; қай кез­ден, қан­дай қыз­мет­те, қай жер­де жұ­мыс іс­те­ді; қа­шан жұ­мыс іс­тей ба­ста­ды, жұ­мыстан босау, ауы­су се­бе­бі; Қа­ру­лы Кү­ш­тер қа­та­ры­на қыз­мет ету­ге қа­шан ша­қы­рыл­ды, қай­да және қан­дай қыз­мет ат­қар­ды; әке­сі­нің, ше­ше­сі­нің, жұ­бай­ы­ның (ері­нің), ту­ған әп­ке-қа­рын­даста­ры­ның (сі­ңі­лі­ле­рі­нің), ба­уыр­ла­ры­ның және ба­ла­ла­ры­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты, ту­ған кү­ні. Өзі, жұ­байы (ері) және жа­қын туы­ста­ры қыл­мыстық жа­у­ап­қа тар­ты­л­ған ба (қа­шан, не үшін). Пи­шет­ся соб­ствен­но­руч­но в про­из­воль­ной фор­ме, но с обя­за­тель­ным ука­за­ни­ем сле­ду­ю­щих све­де­ний: фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии), да­та и ме­сто рож­де­ния; с ка­ко­го вре­ме­ни на­чал ра­бо­тать, кем, где, ко­гда где ра­бо­тал(а), при­чи­ны пе­ре­хо­да; ко­гда и кем при­зы­вал­ся на служ­бу в Во­ору­жен­ные Си­лы, где и в ка­че­стве ко­го про­хо­дил служ­бу; фа­ми­лия, имя, от­че­ство (при его на­ли­чии), да­та, ме­сяц и год рож­де­ния ро­ди­те­лей, же­ны (му­жа), де­тей, близ­ких род­ствен­ни­ков; при­вле­ка­лись ли Вы, Ва­ша же­на (муж) и род­ствен­ни­ки к уго­лов­ной от­вет­ствен­но­сти (ко­гда, за что). «___» _______________ 20 __ ж./ г. (тол­ты­ры­л­ған да­та) (да­та за­пол­не­ния) Өзі­нің қо­лы ________________________ Под­пись