О Правилах общего водопользования в Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысында ортақ су
пайдаланудың Қағидалары туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38- бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары белгiленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 27 ақпандағы № 9/122 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидасы туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2239 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2013 жылғы 18 сәуірде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау
облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаменті» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ М.Ж. Қадыр
10 желтоқсан 2015 жыл.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Маңғыстау облысының
ішкі істер департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Қ.С. Дәлбеков
10 желтоқсан 2015 жыл.
«Қазақстан Республикасы энергетика
министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік
инспекция комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
экология департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Е.Қ. Умаров
10 желтоқсан 2015 жыл.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар
департаменті» мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Қ.Б. Базарбаев
10 желтоқсан 2015 жыл.
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар
және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ С.О. Сағынбаев
10 желтоқсан 2015 жыл.
Басқа 5
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/435 шешімімен
бекітілген
Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 19-1/252 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Маңғыстау облыстық мәслихаты өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша Маңғыстау облысының әкімдігі белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Маңғыстау облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсынысымен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындайды.
Тармақ 11-1
11-1. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу және оларды пайдалану Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 11197 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Халықтың қауіпсіздігін және шағын көлемді кемелердің өтуін қамтамасыз ету үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы:
Тармақша 1
1) адамдардың шомылу аймағынан тысқарыда шағын көлемді кемелердің өтуі үшін ашық түсті қалқымалармен және қадалармен қоршалған, «Дәліз аймағында шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!» деген ескертумен және шектеу белгілері бар, ені кем дегенде 10 метр және ұзындығы кем дегенде 100 метр дәліз жарақтайды;
Тармақша 2
2) халықтың шомылу аймағын «Қалқымалардан тысқарыда шомылуға үзілді-кесілді тыйым салынады!», «Халықтың шомылу аймағында шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынады!» деген ескертулермен және шектеу белгілері бар ашық түсті қалқымалармен және қадалармен қоршау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Тармақ 12
12. Маңғыстау облысының әкімдігі Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер Маңғыстау облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Маңғыстау облыстық мәслихатына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақша 14-1
14-1. Маңғыстау облыстық мәслихаты ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күн ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 15
15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 15-1
15-1. Су пайдаланушы Маңғыстау облыстық мәслихатынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 17
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Тармақ 18
18. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 364-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 19
19. Осы Қағидалармен реттелмеген құқықтық қатынастар, Кодекстің қолданыстағы нормаларымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Басқа 45. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар
Маңғыстау облыстық
мәслихатының 2015 жылғы
10 желтоқсандағы № 29/435
шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында ортақ
су пайдаланудың Қағидаларына
қосымша
Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар
Ақтау қаласы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 300 метр және ені 20 метр 4а шағын ауданында орналасқан «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы;
Тармақша 2
2) ұзындығы 100 метр және ені 20 метр «Шора» су каналының жағалау аймағы;
Тармақша 3
3) ұзындығы 3800 метр және ені 120 метр «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су каналының жағалау аймағы.
Түпқараған ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 43 шақырымында орналасқан жағалау аймағы;
Тармақша 2
2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 64 шақырымында орналасқан «Голубая бухта» жағалау аймағы;
Тармақша 3
3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 86 шақырымында орналасқан «Саура» жағалау аймағы;
Тармақша 4
4) ұзындығы 3700 метр және ені 30 метр Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Тамшалы» жағалау аймағы.
Қарақия ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;
Тармақша 2
2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары.
Мұнайлы ауданы бойынша:
ұзындығы 380 метр және ені 170 метр Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 шақырымда орналасқан кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.