О применении районных коэффициентов, коэффициентов за работу в высокогорных, пустынных и безводных местностях к должностным окладам и окладам по воинским званиями военнослужащих Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз мекендерде жұмыс iстегенi үшiн коэффициенттердi қолдану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.16. N 789 қаулысымен Еңбек етуге қолайсыз жерлерде тұратын әскери қызметшiлердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығына және басқа да әскери құрамалардың бастықтарына тиiстi аймақтардың өндiрiстiк емес салалар қызметкерлерiнiң жалақысына қолданылып жүрген нормативтiк актiлермен бекiтiлген аудандық коэффициенттердi, биiк таулы, шөлейт және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн қосылатын коэффициенттердi әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақыларына және әскери атақтары бойынша жалақыларына қолдану құқығы берiлсiн. Аталған коэффициенттердi енгiзу осы министрлiктер мен ведомстволардың еңбекақы төлеуге арнап бөлiнген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.