Об утверждении проекта (схемы) зонирования земель, границ оценочных зон и поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки села Торгай Күшін жойған
Басқа 0
Торғай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) және бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2 - қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жангелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер
басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________________Д.Әмірханұлы
2015 жылғы «21» желтоқсан
«Жангелдин ауданының жер қатынастар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________Т.Ганимат
2015 жылғы «21» желтоқсан
Басқа 4
2015 жылғы 21 желтоқсандағы №247
мәслихат шешіміне 1-қосымша
Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылының жерлерін
Аймақтарға бөлу және бағалау аймақтарының шекараларының
ЖОБАСЫ (СХЕМАСЫ)
Басқа 5
2015 жылғы 21 желтоқсандағы №247 мәслихат шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысының Жангелдин ауданы Торғай ауылының жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақнөмері
Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен
аймақтардың қиылысу шекаралары
Аймақ ауданы, гектар
1
2
3
І
002 бөлім, 003 бөлім
164
Аймаққа ауылдың орталық бөлігі қамтылған. Бұл аймақта негізгі әкімшілік мекемелер, мектеп, аурухана, дәріхана, дүкендер орналасқан. Осы аймақ Ахмет Байтұрсынов көшесінің солтүстік-шығысынан, Қасымхан Алтынсары көшесінің оңтүстік- батысымен шектелген
ІІ
001 бөлім, 004 бөлім
165
Аймақ өзіне Ахмет Байтұрсынов көшесінің жерін және солтүстігін, басқа бөлігі Қасымхан Алтынсары көшесін және оңтүстікті қамтиды.
ІІІ
001 бөлім, 002 бөлім, 003бөлім, 004 бөлім 006 бөлім
165
Аймақ өзіне өндірістік бағыттағы жерлерді қамтиды
ІV
001 бөлім, 006 бөлім
22889
Аймақ өзіне Торғай ауылының аумағына кіретін ауыл шаруашылық бағыттағы жерлерді қамтиды.
Басқа 6
2015 жылғы 21 желтоқсандағы №247 мәслихат шешіміне
3-қосымша
Қостанай облысының Жангелдин ауданының Торғай ауылының жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі
Түзету коэффициенттері
Базалық ставканың көтерілу пайызы
1
2
3
I
1,1
+10 %
II
1,0
+/-0 %
III
0,9
-10 %
IV
0,8
-20 %