Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, необходимых для выдачи аттестата энергоаудитора в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесін бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестатын беру үшін қажетті рұқсат беру талаптары мен құжаттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е. Досаев 2015 жылғы 10 желтоқсан
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1125 бұйрығымен бекітілген № Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры Рұқ­сат бе­ру та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар Ес­керт­пе Энер­гия үнем­деу және энер­гия ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы энер­гия ауди­то­ры­ның ат­те­ста­тын алу үшін 1. Жо­ға­ры ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі бар Жо­ға­ры ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі 2. Жал­пы тех­ни­ка­лық жұ­мыс өті­лі ке­мін­де бес жыл, оның ішін­де ке­мін­де (1) бір жыл энер­гия-ауди­тор­лық ұй­ы­мын­да ауди­тор бо­луы Кан­ди­дат­тың ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын элек­трон­дық кө­шір­ме құ­жа­ты 3. Энер­гия үнем­деу және энер­гия тиiм­дiлi­гiн арт­ты­ру са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын кадр­лар­дын қай­та да­яр­ла­удан және (неме­се) бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­дан өт­ке­ні Энер­гия ауди­ті ба­ғы­ты бой­ын­ша кадр­лар­дың қай­та да­яр­лау (неме­се) бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры­нан өт­ке­ні ту­ра­лы элек­трон­дық кө­шір­ме ку­ә­лі­гі 4. Электр қон­дыр­ғы­лар­да жұ­мысқа рұқ­сат­тың III және одан жо­ға­ры топ­тар­да бар бо­луы III және одан жо­ға­ры топ­та­ры­ның бі­лі­мін бі­лік­ті­лік тек­се­ру хат­та­ма­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі