Об утверждении Правил конкурсного отбора территориальных кластеров Күшін жойған
Басқа 0
Аумақтық кластерлерді
конкурстық іріктеу қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаменті (Б.Т. Бекенов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_______________ А. Мамытбеков
2015 ж. 18 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_______________ А. Сәрінжіпов
2015 ж. 19 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2015 ж. 21 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2015 ж. 22 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 ж. 23 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_______________ В. Школьник
2015 ж. 24 желтоқсан
Басқа 0. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 873 бұйрығымен
бекітілді
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
Тарау 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аумақтық кластер – түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірушілерді, жиынтықтаушыларды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықтарды өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымды жеткізушілерді, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа ұйымдарды қамтитын өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырланған тобы;
Тармақша 2
2) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастырушы (бұдан әрі – іріктеуді ұйымдастырушы) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысушылар (бұдан әрі – іріктеуге қатысушылар) – кәсіпкерлік субъектілерінің топтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компаниялары, бизнес-қауымдастықтар;
Тармақша 4
4) аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – іріктеуді ұйымдастырушының шешімімен мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатарынан құрылған комиссия;
Тармақша 5
5) ұлттық институт – индустрияны дамыту саласындағы ұлттық институт.
Тарау 2. 2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі
2-бөлім. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібі
Тармақ 3
3. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуден өткізу туралы шешімді іріктеуді ұйымдастырушы қабылдайды.
Тармақ 4
4. Іріктеуді ұйымдастырушы мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өткізілетіні туралы хабарландыруды орналастырады.
Тармақ 5
5. Аумақтық кластерлерге конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын жарияланады.
Тармақ 6
6. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін іріктеу қатысушылары іріктеуді ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді ұсынады.
Тармақ 7
7. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне келесі құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісімді;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін ұсынылатын мәліметтерді қамтиды.
Бұл ретте іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімінде және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген, ұсынылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта екі данада – саны бір данадағы түпнұсқасы мен саны бір данадағы көшірмесі және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.
Тармақ 9
9. Іріктеуге қатысушы аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға тіркелген өтінімге өзгерістер енгізе алады немесе оны аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін іріктеуді ұйымдастырушыны жазбаша хабардар ету арқылы кері қайтарып ала алады.
Тармақ 10
10. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім бір немесе бірнеше папкаға (томдарға) топтастырылып, нөмірленуі тиіс. Өтініш пен тиісті құжаттар орналасқан парақтарды көрсете отырып, өтінім құрамына кіретін құжаттар тізбесі бірінші тігіледі. Өтінім құрамында бірнеше папка (том) ұсынылған жағдайда, папкалардың (томдардың) нөмірлері және тиісінше әрбір папкадағы (томдағы) парақтар саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Өтінімдерді қабылдауға арналған мерзім өткен соң ұсынылған аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылданбайды және аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеу шеңберінде қаралмайды.
Тармақ 12
12. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді тіркеу сәтінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іріктеуді ұйымдастырушы берілген өтінімдерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді және егер осы Қағидалардың талаптарына жауап бермесе, іріктеуге қатысушыны жазбаша хабардар ете отырып, аумақтық кластерлерді ағымдағы конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді қайтарады.
Тармақ 13
13. Іріктеуді ұйымдастырушы ұсынылған өтінімдерді тексеру мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді ұлттық институтқа жібереді.
Тармақ 14
14. Ұлттық институт ұсынылған құжаттарды осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі мәніне талдау жүргізеді (бұдан әрі – талдау) және сарапшылық қорытындысын береді.
Тармақ 15
15. Ұлттық институттың сараптамалық қорытындысы осы Қағидаларға4-қосымшада көрсетілген аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттарына сәйкестік бөлігінде тұжырымдардан тұрады және ұсынымдық сипатында болады.
Тармақ 16
16. Ұлттық институттың талдауы мен сараптамалық қорытындысын беру аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы талдау мен сараптамалық қорытынды беруге арналған мерзім аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес мерзімде іріктеуді ұйымдастырушыға беріледі.
Тармақ 18
18. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімдердің материалдары және ұлттық институттың аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған әрбір өтінім бойынша сараптамалық қорытындысы іріктеуді ұйымдастырушымен 3 (үш) жұмыс күнінен артық емес мерзімде Комиссияға енгізіледі.
Тармақ 19
19. Комиссия аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша шешімді қабылдайды.
Тармақ 20
20. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша қабылданған Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 21
21. Іріктеуді ұйымдастырушы Комиссия хаттамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.
Басқа 1. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
______________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)
Аумақтық кластерлерді
конкурстық іріктеу
қағидаларына
1-қосымша
______________________________
Индустриялық қызметті
мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган
нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінім
______________________________________________________
(компания, өңір, сала атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар пакетімен қоса осы өтінімді жібереді.
Қосымша:
1._______________
2._______________
3._______________
________________________
________________________
(өтінімді берген адамның лауазымы)
________________________
________________________
________________________
(тегі, аты, әкісінің аты (жеке
куәлігінде көрсетілген жағдайда)
________________________
(қолы)
Қабылдады:
____________________________
(өтінімді қабылдаған адамның
тегі, аты, әкісінің аты)
Қолы: _______________, № ______,
қабылдау күні 20__ жылғы
«___» _________
Басқа 2. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісім
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
2-қосымша
________________________________
Өтінім беруші компаниясы/ұйымының атауы
Нысан
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысуға арналған келісім
Осы арқылы _____________________________________________________
(компания атауы)
аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтініміне қосуға келісімін береді және алдағы конкурстық іріктеу шеңберінде бірлескен жұмысқа, сондай-ақ кластерді одан әрі дамыту бойынша іс-шараларға қатысуға мүдделілік танытады.
________________________________
________________________________
(өтінімді берген адамның лауазымы)
________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкісінің аты (жеке куәлігінде көрсетілген жағдайда)
________________________________
(қолы)
Басқа 3. Аумақтық кластарлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін
ұсынылатын мәліметтер
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
3-қосымша
Аумақтық кластарлерді конкурстық іріктеуге қатысу үшін
ұсынылатын мәліметтер
Тармақ 1
1. Кластердің қысқаша сипаттамасы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластердің орналасқан жері;
Тармақша 2
2) аумақтық кластердің салалық және салааралық тиесілігі;
Тармақша 3
3) аумақтық кластердің негізгі қатысушылары.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластерді құру мақсаттары мен міндеттері.
Тармақ 3
3. Қалыптастырылған аумақтық кластердің даму деңгейі:
Тармақша 1
1) өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың шоғырланған тобының болуы;
Тармақша 2
2) технологиялық тізбекті ұзартуға бағытталған жобалардың болуы (технологиялық тізбек – толық технологиялық цикл шеңберінде технологиялық тізбектің түпкілікті өнімін әзірлеу, жасау және ілгерілету жөніндегі өндірістік және өзге де қызметті жүзеге асыратын, бизнесті бірлесіп жүргізу бойынша операцияларды орындау процесіндегі ретке келтірілген заңды тұлғалардың жиынтығы);
Тармақша 3
3) аумақтық кластердің қызметін қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (инвестициялар, жекеменшік және/немесе қарыз қаражат).
Тармақ 4
4. Аумақтық кластердің құрылымы және мамандануы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластердің құрылымы және аумақтық кластерден тыс әріптестік байланыстар, аумақтық кластерді интернационалдандыру әлеуеті;
Тармақша 2
2) кластердің даму көрінісі: аумақтық кластер қатысушылары ұсынылған өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің құнын жасау тізбектері.
Тармақ 5
5. Аумақтық кластерді дамытудың перспективалылығы:
Тармақша 1
1) аумақтық кластерді дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері (нысаналы индикаторларын көрсете отырып);
Тармақша 2
2) қолдау шараларын көрсете отырып (қаржылай, қаржылай емес шаралар) кластерлік бастамаларды қажетті қолдау бойынша ұсыныстар, қолдау шараларын пайдаланудың негіздеумен қоса бағыттар, кластер үшін жалпы проблемалар туралы ақпарат (технологиялық, нарықтық, әкімшілік).
Мынадай деректерді қосымша ұсыну талап етілуі мүмкін:
Тармақ 1
1. Аумақтық кластерді одан әрі дамыту үшін жағдайлардың болуы
Тармақша 1
1) қажетті шикізат және табиғи ресурстар (су және жер ресурстары);
Тармақша 2
2) талап етілетін біліктілік деңгейі бар адами ресурстардың қолжетімділігі;
Тармақша 3
3) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі қызметтерді жасауға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
Тармақша 4
4) энергетикалық инфрақұрылымның дамығандығы;
Тармақша 5
5) көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамығандығы;
Тармақша 6
6) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамығандығы (индустриялық аймақтар, конструкторлық бюролар, технопарктер, технологиялар трансферті орталықтары);
Тармақша 7
7) білім беру, ғылыми және зерттеу инфрақұрылымының болуы;
Тармақша 8
8) халықаралық байланыстардың болуы, халықаралық жеткізілімдер тізбектеріне кірістіру;
Тармақша 9
9) қаржы ресурстары.
Тармақ 2
2. Аумақтық кластердің өңірлік, ұлттық даму стратегияларының басымдықтарына және Қазақстанның кластерлік саясатына сәйкестігі:
Тармақша 1
1) ұлттық басымдықтар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1055 қаулысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 423 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аумақтық кластердің басым секторлар жиынтығына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 2
2) өңірлік басымдықтар – аумақтық кластердің өңірлік даму бағдарламаларына сәйкестігін бағалау;
Тармақша 3
3) аумақтық кластерді дамытудың маңыздылығы (өткен жылдардың серпіні негізінде):
аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін жұмыспен қамтылғандардың саны.
тұтас алғанда, жұмыспен қамтылғандардың саны, аумақтық кластер кәсіпорындарындағы өндіріс көлемі және аумақтық кластердің барлық кәсіпорындарының экспорт көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін.
Басқа 4. Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді конкурстық
іріктеу қағидаларына
4-қосымша
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу өлшемшарттары
Аумақтық кластерлерді іріктеуге қатысу үшін мынадай өлшемшарттарға сәйкес болуы қажет:
Тармақ 1
1. Қосылған құн тізбегінің даму деңгейі:
Тармақша 1
1) өзара байланысты және өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың сындарлы массасының болуы, сондай-ақ ШОБ белгілі бір мамандану деңгейі;
Тармақша 2
2) қажетті шикізат және табиғи ресурстар;
Тармақша 3
3) адами ресурстардың қолжетімділігі;
Тармақша 4
4) технологиялық тізбекті және қажетті ілеспелі көрсетілетін қызметтерді құруға арналған өндірістік қуаттар (кәсіпорындар);
Тармақша 5
5) индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның дамуы;
Тармақша 6
6) білім беру инфрақұрылымының дамуы.
Тармақ 2
2. Өңірдегі жағымды орта:
Тармақша 1
1) энергетика инфрақұрылымының дамуы;
Тармақша 2
2) көлік инфрақұрылымының дамуы;
Тармақша 3
3) қаржы ресурстарының қолжетімділігі.
Тармақ 3
3. Ол қызмет ететін салаға және өңірге кластерді дамыту бойынша бастамалардың болжанған әлеуметтік-экономикалық ықпалы (алдыңғы 5 жыл деректерінің серпіні негізінде) және ұлттық әрі өңірлік стратегияларға сәйкестік:
Тармақша 1
1) аумақтық кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспорты көлемі тұрғысынан өзі орналасқан өңір үшін;
Тармақша 2
2) тұтас алғанда, кластер кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны, өнім өндірісінің көлемі және олардың экспортының көлемі тұрғысынан өзі жататын сала үшін маңызы (алдыңғы 5 жылдағы серпіннің дамуы негізінде).
Тармақ 4
4. Кластердің дамытудың перспективалылығы, ішкі, өңірлік және жаһандық нарықтардың дамуын ескеріп, болжанған қызмет көрсеткіштері
Ескертпе: аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу жеңімпаздарын айқындау бойынша бағалау кешенді түрде, іріктеу қатысушылары ұсынған деректердің негізінде, сондай-ақ аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеудің әрбір өлшемшарты бойынша күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін талдау, сондай-ақ осы өлшемшарттарға ықпал ететін факторларды талдау негізінде жүргізіледі. Кешенді талдауы көбірек бәсекеге қабілеттілік көрсеткен аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеуге қатысу өтінімдеріне артықшылық берілетін болады.