Об установлении Правил общего водопользования на водных объектах Костанайской области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің  38-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 118 «Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 тіркелген, 2013 жылғы 27 сәуірде «Костанайские новости» газетінде жарияланған) және Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 162 «Қостанай облыстық мәслихатының 2013 жылғы 1 наурыздағы № 118 «Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4171 тіркелген, 2013 жылғы 16 шілдеде «Костанайские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________Г. Оспанбекова 2015 жылғы «11» желтоқсан «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________ В. Нечитайло 2015 жылғы «11» желтоқсан «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы _________________________ А. Әлімбаев 2015 жылғы «11» желтоқсан Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ___________________ Қ. Төлеубаев 2015 жылғы «11» желтоқсан
Басқа 4
Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 468 шешіміне қосымша Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 38-бабы 1) тармақшасына, 65-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11434 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттары үшін;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын көлемді кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша облыстың жергiлiктi атқарушы органымен белгiленеді.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үсті су объектілері, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе ішінара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берілген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады. Су объектілерін кеме қатынасы санатына жатқызу тәртібі және кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып: халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган тыйым салған жерлерде жер үсті және жер асты су объектілерінен ауыз су және шаруашылық қажеттіліктері үшін су алу; су айдындарында тиісті тыйым салатын немесе ескертетін қауіпсіздік белгілері орнатылған жерлерде шағын кемелерде және басқа жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтыны айқындалсын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) талаптарына (бұдан әрі - Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары) сәйкес су айдындарының қауіпті және демалу мен шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде жергілікті атқарушы органдар су айдындарында тыйым салатын және ескертетін қауіпсіздік белгілерін орнатады.
Тармақ 11-1
11-1. Су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде, су айдындарында тиісті қауіпсіздік белгілері орнатылған жерлерде шомылуға жол берілмейтіні айқындалсын.
Тармақ 11-2
11-2. Егер су айдынының учаскесі Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, шомылуға рұқсат етіледі.
Тармақ 12
12. Облыстың жергілікті атқарушы органы тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстың жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілді органына ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 14-1
14-1. Облыстың жергілікті өкілді органы маслихаттың кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.
Тармақ 15
15. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауызсу мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 15-1
15-1. Су пайдаланушы облыстың жергілікті өкілді органынан оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және өзге де іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстамауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 17
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағар май материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.
Тармақ 17-1
17-1. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзушылық Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 364-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.