О внесении изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 18-03/1111 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі бұйрықтарының
тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7472 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы
9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының
35) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылық алқаптарды бекітіп бергенге дейін жүргізілетін аңшылық шаруашылығының шекаралары мен санаттарын, алаңын есептеуді, жануарлар дүниесі мен ол мекендейтін ортаның жай-күйін айқындау тәртібін анықтайды.».
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7492 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) сандарында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағындағы жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.».
Тармақ 4
4. «Қорықшылардың омырауға тағатын белгісінің нысаны мен айырым белгілері бар нысанды киімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/121 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7582 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы
26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 34) тармақшасына БҰЙЫРАМЫН:».
Тармақ 5
Тармақ 7
7. «Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме (бұдан әрi - биологиялық негiздеме) дайындаудың тәртiбiн айқындайды.».
Басқа 1
Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Басқа 2
Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша