Об утверждении Правил обязательной периодической аттестации производственных объектов по условиям труда Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 бұйрығымен бекітілген Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабының 29) тармақшасына және 183-бабының 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
Тармақша 2
2) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 3
3) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
Тармақша 5
5) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
Тармақша 6
6) жеке қорғаныш құралдары (бұдан әрі – ЖҚҚ) – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім;
Тармақша 7
7) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Тармақша 8
8) жұмыскерлердiң өкiлдерi – жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтар және олардың бiрлестiктерi, ал олар болмаған кезде Еңбек кодексінің 20-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік даусымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер;
Тармақша 9
9) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары;
Тармақша 10
10) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;
Тармақша 11
11) өндірістік объектілер – өндірістік қызмет жүзеге асырылатын цехтар, учаскелер, жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған өзге де бөлімшелері;
Тармақша 12
12) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханалары бар ұйымдар;
Тармақша 13
13) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі – аттестаттау) – өндірістік объектілерде орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;
Тармақша 14
14) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да көп жұмыс істеушілерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Тарау 2. 2 тарау. Аттестаттауды жүргізу тәртібі
2 тарау. Аттестаттауды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар 5 жылда бір реттен сиретпей мерзімділікпен жүргізеді.
Тармақ 4
4. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері жатады. Қайта құрылған (жаңа технологиялық жабдықтарды, процестерді ауыстыру, енгізу, орнату) өндірістік объектілерді аттестаттау оларды пайдалануға енгізгеннен соң күнтізбелік 90 күннен кейін кешіктірілмей жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер) интернет-ресурста орналастырады.
Тармақ 6
6. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші құрамында төраға, мүшелер және өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
Тармақ 7
7. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді.
Тармақ 8
8. Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
Тармақша 1
1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс орындарын бөле отырып, аттестаттауға жататын өндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды;
Тармақша 2
2) өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторлардың толық тізбесін жасайды;
Тармақша 3
3) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымды айқындайды және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс енгізеді;
Тармақша 4
4) ұйымның өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
Тармақша 5
5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты өңдеуді жүргізу үшін цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32276 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін соңғы 12 айға өндірістік жарақаттану және кәсіби ауру-сырқаудың себептерін, сондай-ақ өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау жүргізеді;
Тармақша 8
8) өндірістік жарақаттануды және өндірістік бақылау нәтижелерін бағалау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, зиянды еңбек жағдайларымен жұмыс орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен жабдықты айқындайды;
Тармақша 9
9) аттестаттау жөніндегі жұмыс көлемін ескере отырып, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі;
Тармақша 10
10) өндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымда ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Тармақша 11
11) зиянды өндірістік факторларды өлшеу, сондай-ақ жарақат қауіпсіздігі мен арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды жүргізген кезде қатысады;
Тармақ 9
9. Аттестаттау ұйымның өндірістік объектілері еңбек жағдайларының нақты жай-күйін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды және мынадан тұратын:
Тармақша 1
1) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалауды;
Тармақша 2
2) еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалауды;
Тармақша 3
3) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін бағалауды;
Тармақша 4
4) жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
Тармақ 10
10. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығының көрсеткіштерін, жарақат қауіпсіздігінің деңгейін айқындауды, жеке қорғаныш құралдарымен және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамсыздандырылуын қамтитын еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган анықтайтын тәртіппен бекітілетін санитарлық қағидаларда, гигиеналық нормативтерде көзделген тәртіпте және көлемде жұмыс берушінің өкілімен айқындалатын жұмыс орындарында жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Еңбек зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек гигиенасының дәрежесін бағалау зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және технологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері өндірістік және технологиялық процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды болған кезде орындалады. Жерасты көмір шахталарындағы жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық өлшеулер жүргізілмейді. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеуді жүргізген кезде белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын пайдалану қажет.
Тармақ 12
12. Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы ағзаның функционалдық күш түсіру дәрежесімен сипатталады. Еңбек процесінің ауырлығы осы процеске қатысатын адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан еңбек процесін сиаттайтын эргонометриялық шамаларда көрсетілген көрсеткіштер бойынша бағаланады. Еңбек процесінің ауырлығының негізгі көрсеткіштері:
Тармақша 1
1) физикалық динамикалық жүктеме;
Тармақша 2
2) қолмен көтерілетін және тасымалданатын жүктің массасы;
Тармақша 3
3) стереотипті жұмыс қозғалысы;
Тармақша 4
4) статикалық жүктеме;
Тармақша 5
5) жұмыс қалпы;
Тармақша 6
6) корпустық еңкеюлері;
Тармақша 7
7) кеңістікте орын ауыстыру болып табылады. Жұмыскерлердің кәсіби тобының еңбек процесінің қауырттылығын бағалау еңбек қызметі және оның құрылымын талдауға негізделеді, олар бүкіл жұмыс күні ауқымында хронометраждық бақылау арқылы кем дегенде бір апта кезеңде зерделенеді. Еңбек процесінің кернеулігін бағалау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) зияткерлік жүктемелер;
Тармақша 2
2) сенсорлық жүктемелер;
Тармақша 3
3) эмоционалдық жүктемелер;
Тармақша 4
4) жүктемелердің монотондылығы;
Тармақша 5
5) жұмыс тәртібі. Еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығын бағалау осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамаларымен ресімделеді.
Тармақ 13
13. Өндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық жай-күйіне, паспорттық параметрлеріне және өндірістік процесс технологиясының талаптарына сәйкестігіне байланысты болады. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері:
Тармақша 1
1) өндірістік жабдық;
Тармақша 2
2) құрылғылар мен құрал-саймандар;
Тармақша 3
3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
Тармақша 4
4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу;
Тармақша 5
5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады. Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде өндірістік жабдықтың қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты конструкциялық қауіпсіздік элементтерін көрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады. Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды. Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады. Өндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 14
14. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау. Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды өндірістік ортаның зиянды факторларын ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім және басқа ЖҚҚ берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы сәйкестік сертификаттарымен расталады. «Қамтамасыз етілді» деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады. Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 15
15. Өлшеулер мен бағалаулар хаттамаларының негізінде еңбек жағдайларының нақты жай-күйін жалпы бағалау үшін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау жөніндегі қорытынды есеп дайындалады.
Тармақ 16
16. Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мына мақсаттарда:
Тармақша 1
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
Тармақша 2
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;
Тармақша 3
3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын талаптарына сәйкестігін айқындау;
Тармақша 4
4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау кезде еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын жасау және беру үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
Тармақша 5
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
Тармақша 7
7) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу;
Тармақша 8
8) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін пайдаланылады.
Тармақ 17
17. Жұмыс орындары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға анықталған көрсеткіштердің сәйкессіздігі кезде еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі.
Тармақ 18
18. Жұмыс орындағы еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына жатқызылған кезде аттестаттау комиссиясы ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырады, оны жұмыс беруші бекітеді олар зиянды өндірістік факторларының әсер ету деңгейін төмендетуге, не олардың әсер ету уақытын азайтуға бағытталған шараларды, сондай-ақ жарақатқауіпсіздігі мен ЖҚҚ бойынша талаптарды қамтамасыз ету бойынша талаптар, оның ішінде ескірген техника мен жабдықты ауыстыру және өндірістік процесс технологиясын жетілдіруге бағытталған шараларды көздейді.
Тарау 3. 3 тарау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
3 тарау. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі
Тармақ 19
19. Аттестаттау нәтижелері төмендегілерді қамтитын есеп түрде мамандандырылған ұйымдармен ресімделеді:
Тармақша 1
1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке өндірістік бөлімшелер бойынша санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді көрсете отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, аттестаттау комиссиясының құрамы);
Тармақша 2
2) өндірістің қысқаша технологиясын (өндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын технологиялар, барлық зиянды, қауіпті өндірістік факторлардың, қауіпті өндірістік жабдықтың және процестердің тізбесі);
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бағалау және өлшеулер хаттамалары;
Тармақша 4
4) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп.
Тармақ 20
20. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйым өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық жеткізгіштерде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы есепті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Басқа 0.1
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 1-қосымша Нысан Аккредиттеу белгісі үшін орын ______________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, _______ қаласы, ________ көшесі, _________, индекс үй № телефон.:__________; e-mail:_________ Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ______ дейін Зиянды өндірістік факторларды өлшеу № _____ ХАТТАМАСЫ __ бет барлығы ___ бет 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________ 2. Өлшеуді жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ________________ 3. Өлшеуді жүргізу күні: ________________________________________ 4. Үй-жайдың сипаттамасы: - ауданы: __________ - ұжымдық қорғаныш жүйесі: ________________ - жабдықтардың түрі және олардың саны: __________________________ - кәсіптердің, лауазымдардың атауы: _____________________________ 5. Өлшеу құралдары: Р/с № Атауы Зауыт нөмірі Тексеру күні 6. Өнімге (объектіге) нормативтік құжат: 7. Қоршаған ортаның жағдайлары: температура - ___0С, салыстырмалы ылғалдылық - ____%, атм. қысым – сынап бағанасының ____ миллиметрі 8. Зиянды өндірістік факторларды өлшеу нәтижелері: Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды Кә­сіп­тер, ла­у­а­зым­дар ата­уы Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның ата­уы, өл­шем бір­лі­гі Өл­шеу әді­сіне нор­ма­тив­тік құ­жат Рұқ­сат еті­л­ген шек­ті кон­цен­тра­ция/ рұқ­сат еті­л­ген шек­ті дең­гейі нор­ма­сы Нақ­ты дең­гейі Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры рұқ­сат еті­л­ген зи­ян­ды Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды) 2 3.1 3.2 3.3 3.4 4 Бағалауды жүргізген: __________________ ______________________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: __________________ ______________________________________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Құжаттың соңы Өлшеу нәтижелері өлшеуден өткен объектілерге ғана таралады. Өлшеу хаттамасы сынақ зертханасының рұқсатынсыз ішінара қайта шығарылмайды
Басқа 0.2. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 2-қосымша Нысан __________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________көшесі, _________, индекс үй № тел.: ________________; e-mail: _______________ Аккредиттеу аттестаты № _________ ____________ бастап _____________ дейін Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _____________________________________________________ 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________________________ 3. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) _____________________________________ _______________ жынысы ____________ 4. Бағалауды жүргізу күні: ___________ 5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: _____________________________________________________ 6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері: Жұмыс орнының коды Кәсіптердің, лауазымдардың атауы Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері Нақты мәндері Еңбек жағдайларының сыныптары оңтайлы рұқсат етілген зиянды 1 2 3.1 3.2 Бағалауды жүргізген: ______________ _______________________________ қолы / тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: ___________ _______________________ қолы / (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 0.3.. Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 3-қосымша нысан ___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, ______ көшесі, _______, тел.:_____; e-mail:_____ индекс үй № Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ___________ дейін Еңбек процесі қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ ___бет барлығы___бет 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________ 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________ 3. Бағалауды жүргізу күні: ______________________________________________________ 4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері: Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Ар­найы ки­ім, ар­найы аяқ ки­ім мен же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін ба­ға­лау (қам­та­ма­сыз еті­л­ген/ қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген) Ес­керт­пе қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар­ға сәй­кес (ата­уы) нақ­ты бе­рі­л­ге­ні (иә/жоқ) МЕМСТ, сер­ти­фи­ка­ты Бағалауды жүргізген: __________ _______________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ____________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 0.4
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 4-қосымша нысан ___________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, ______ қаласы, _____ көшесі, ______, индекс үй № телефон.:____; e-mail:____ Аккредиттеу аттестаты № __________ __________ бастап ___________ дейін Жарақат қауіпсіздігін бағалау № ____ ХАТТАМАСЫ __ бет __ бет барлығы ___ бет 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: ________________________________________ 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): ___________________________________ 3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________ 4. Бағалауды жүргізу күні: ______________________________________________________ 5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: _________________________________ 6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері: Жұмыс орнының коды Кәсіптер, лауазымдар атауы Жұмыс орындарының саны Жабдықтар, құрылғылар мен құрал-саймандардың, ұжымдық қорғаныш құралдарының атауы Техникалық құжаттамасы (паспорт, сертификат және т.б.) Бағалау нәтижелері (сәйкес келеді/ сәйкес келмейді) Сәйкес келмеу себептері Бағалауды жүргізген: ___________ ____________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: ________ ________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 0.5. Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 5-қосымша нысан _____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, ____________ көшесі, _________, индекс үй № тел.:__________; e-mail:_________ Аккредиттеу аттестаты № _____________ __________ бастап ___________ дейін Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау № _____ ХАТТАМАСЫ ___бет барлығы___бет 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: _________________________________________________ 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _________________________________________________ 3. Тегі,аты,әкесінің аты (ол болған жағдайда) _________________________________________________ 4. Бағалауды жүргізу күні: _________________________________________________ жынысы__________ 5. Орындалатын жұмыстың қысқаша сипаттамасы: _________________________________________________ 6. Еңбек процесі ауырлығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері: Жұ­мыс ор­ны­ның ко­ды Кә­сіп­тер­дің, ла­у­а­зым­дар­дың ата­уы Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Ар­найы ки­ім, ар­найы аяқ ки­ім мен же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­ның тіз­бе­сі ЖҚҚ-мен қам­та­ма­сыз еті­лу­ін ба­ға­лау (қам­та­ма­сыз еті­л­ген/ қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген) Ес­керт­пе қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­лар­ға сәй­кес (ата­уы) нақ­ты бе­рі­л­ге­ні (иә/жоқ) МЕМСТ, сер­ти­фи­ка­ты Бағалауды жүргізген: __________ _____________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның / жұмыскерлердің өкілі: _________ ___________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 0.6. Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 6-қосымша ____________________________________________________________________ (өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымның атауы) Қазақстан Республикасы, ___________ қаласы, __________ көшесі, _________, индекс үй № тел.: __________; e-mail: _________ Аккредиттеу аттестаты № ___________ __________ бастап ____________ дейін Бағалаудың барлық көрсеткіштерінен тұратын өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау нәтижелері жөніндегі есеп ___бет барлығы___бет 1. Тапсырыс берушінің атауы, мекенжайы: __________________________________________ 2. Бағалауды жүргізу орны (өндіріс, цех, учаске): _____________________________________ 3. Жұмыс орнының коды ___, жұмыс орнының саны ___ оның ішінде: ерлер ___ әйелдер ___ 4. Бағалауды жүргізу күні: _______________________________________________________ 5. Еңбек жағдайларын бағалау нәтижелері: Фак­тор Ең­бек жағ­дай­ла­ры­ның сы­нып­та­ры Рұқ­сат еті­л­ген Зи­ян­ды, ауыр және қа­уырт­ты Қа­уіп­ті (экс­тре­мал­ды) 2 3.1 3.2 3.3 3.4 4 Хи­ми­я­лық Био­ло­ги­я­лық Ба­сым фиб­ро­ген­ді әре­кет ете­тін аэро­золь­дар Шу Виб­ра­ция Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну Ион­да­у­шы емес сәу­ле­ле­ну Жа­рық­тан­ды­ру Ин­фра­ды­быс Уль­тра­ды­быс Мик­ро­кли­мат Жал­пы виб­ра­ция Жер­гі­лік­ті виб­ра­ция Элек­тро­ста­ти­ка­лық өріс Тұ­рақ­ты маг­нит өрі­сі Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің электр өрі­сте­рі (50 герц) Өнер­к­ә­сіп­тік жи­і­лі­лік­тің маг­нит өрі­сте­рі (50 герц) Бей­не­дис­плей тер­ми­на­лы мен дер­бес ком­пью­тер­мен құ­ры­ла­тын элек­тро­маг­нит­тік өріс Ра­дио­жи­і­лік­ті диа­па­зон­ның элек­тро­маг­нит­тік сәу­ле­ле­ну­ле­рі Ла­зер­лік сәу­ле­ле­ну Уль­тра­күл­гін сәу­ле­ле­ну Ең­бек­тің ауыр­лы­ғы: ер­лер әй­ел­дер Ең­бек­тің қа­уырт­ты­лы­ғы ер­лер әй­ел­дер Ең­бек жағ­дай­ла­рын жал­пы ба­ға­лау: ер­лер әй­ел­дер Бағалауды жүргізген: ________ ______________________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Ұйымның/ жұмыскерлердің өкілі: _______ ____________________________ қолы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Басқа 0.7
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 7-қосымша Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынылады Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлар бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есеп. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): Т-07 Кезеңділік: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестациялау. Есепті кезең: 20__ - 20__ жыл. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерде аттестаттауды жүргізу. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде ұсыну. Бизнес сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электронды түрде. Бекітемін _________________________ Мамандандырылған ұйымның басшысы ______ ____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20___ жылғы _____ ________ Жалпы мәліметтер Ат­те­стат­тау жүр­гі­зі­л­ген күн Ат­те­стат­тал­ған жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны Бар­лы­ғы Олар­дың ішін­де бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­мей­т­ін­дер Бел­гі­лен­ген ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді Өн­ді­рі­стік ор­та фак­тор­ла­ры­ның зи­ян­ды­лы­ғы және қа­уіп­ті­лі­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша Бе­ру нор­ма­сы­на сәй­кес же­ке қор­ға­ныш құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз еті­луі бой­ын­ша Жа­ра­қат қа­уіп­сіз­ді­гі көр­сет­кіш­те­рі бой­ын­ша Ең­бек про­це­сі­нің ауыр­лы­ғын ба­ға­лау Ең­бек про­це­сі­нің қа­уырт­ты­лы­ғын ба­ға­лау Оқу және нұс­қау құ­рал­да­ры­мен қам­ты­луын ба­ға­лау 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________________ Мамандандырылған ұйымның атауы _______________________________________________ Аттестаттау жүргізген ұйымныңатауы ______________________________________________ Аттестаттау жүргізген ұйымның мекенжайы ________________________________________ Телефоны ______________________________________________________________________ Электрондық почта мекенжайы ___________________________________________________ Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ________________ қолы __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Мөрдің орны Ескертпе: «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме.
Басқа 0.7.1. «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: Т-07, кезеңділігі: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестаттау)
Жинауға арналған әкімшілік деректер өтеусіз негізде нысанға қосымша «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есеп» «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: Т-07, кезеңділігі: 5 жылда бір рет/ кезектен тыс аттестаттау)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша өткізілген аттестаттау нәтижелері туралы есепке» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды. 2.Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға мамандандырылған ұйымның басшысы және аттестаттауды өткізген зертхана басшысы қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментіне ұсынады.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 6
6. Нысанның 1-бағанында аттестаттауды өткізу күні көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 2-бағанында аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 3-бағанында өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 4-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін өндірістік орта факторларының зияндылығы мен қауіптілігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 5-бағанында беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Нысанның 6-бағанында белгіленген еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін беру нормаларына сәйкес жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 7-бағанында жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 8-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін жарақат қауіпсіздігі көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Нысанның 9-бағанында еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Нысанның 10-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің ауырлық көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Нысанның 11-бағанында еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Нысанның 12-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін еңбек процесінің шиеленіс көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Нысанның 13-бағанында оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нысанның 14-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Нысанның 15-бағанында еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келетін аттестатталған жұмыс орындарының жалпы саны көрсетіледі.
Басқа 0.8
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 8-қосымша
Басқа 0.9
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 9-қосымша
Басқа 0.10
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 10-қосымша
Басқа 0.11
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 11-қосымша
Басқа 0.12
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларына 12-қосымша