Об утверждении Стандарта организации оказания пульмонологической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық кызметтерді стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының, 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 3
3. Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтеріне (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
Тармақ 4
4. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жіберу жолдамадарын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 2
2) өкпені оңалту – тәни және әлеуметтік бейімделуді оңтайландыру үшін әзірленетін, нутритивтік статусты түзетуді, тыныс алу бұлшық еттерін жаттықтыруды, тыныс алу жолдарының дренажды функциясын жақсартуды, созылмалы аурулардың базистік терапиясын таңдау мен түзетуді және олардың профилактикасын, респираторлық қолдауды қамтитын тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге мультитәртіптік көмек;
Тармақша 3
3) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 4
4) пульмонология – тыныс алу ағзаларының патологиясын зерттейтін және оның профилактикасын, дигностикасын және емдеу әдістерін әзірлейтін ішкі аурулар бөлімі;
Тармақша 5
5) респираторлық медицина – аурудың этиологиясы мен патогенезіне қарамастан жіті және созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастармен айналысатын денсаулық сақтау бөлімі;
Тармақша 6
6) респираторлық мектеп – оның мақсаты тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге және оларды күтетін адамдарға оқыту бағдарламаларын жүргізу болып табылатын білім беру іс-шараларының кешені;
Тармақша 7
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Кодекстің 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы, міндеттері мен функциялары
2. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы, міндеттері мен функциялары
Тармақ 5
5. Меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан халыққа (ересектер, балалар) пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға (бұдан әрі – МҰ), құрылымында оларға жүктелген функцияларға байланысты:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық емханаларда, консультациялық-диагностикалық орталықтардың құрамындағы пульмонологтың кабинеті;
Тармақша 2
2) қалалық, облыстық көпбейінді ауруханалар, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымындағы (терапиялық және педиатрлық бейін) пульмонологиялық бөлімшелер ұйымдастырылады.
Тармақ 6
6. Пульмонолог кабинетінің және пульмонологиялық бөлімшенің негізгі міндеттері мен функциялары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6955 болып тіркелген) Пульмонологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеде айқындалған.
Тармақ 7
7. Пульмонолог дәрігер лауазымына жоғары медициналық білімі, «Пульмонология» мамандығы (ересектер, балалар) бойынша сертификаты бар маман тағайындалады.
Тарау 3. 3. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасында пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасында халыққа пульмонологиялық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Пульмонологиялық көмекті көрсететін МҰ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, профилактикаға, ерте диагностикаға, пациенттерді емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге пульмонологиялық көмек көрсету (ересектерге және балаларға) мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
Тармақша 2
2) стационарлық көмек;
Тармақша 3
3) стационарды алмастыратын көмек;
Тармақша 4
4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
Тармақ 11
11. МСАК респираторлық патология профилактикасы, диагностикасы мен емдеу, медициналық оңалту, саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша қолжетімді медициналық қызметтердің кешенін көздейді.
Тармақ 12
12. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК:
Тармақша 1
1) медициналық және фельдешрлік-акушерлік пункттерде;
Тармақша 2
2) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);
Тармақша 3
3) ауылдық, аудандық, қалалық емханада көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге МСАК-ты, стационарды алмастыратын көмекті «Терапия», «Педиатрия», «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді.
Тармақ 15
15. Амбулаториялық емханалық деңгейде пульмонологиялық көмек көрсету:
Тармақша 1
1) тыныс алу ағзаларының ауруларын ерте анықтау, пациенттің жағдайын анықтау және диагноз қою мақсатында дәрігердің қарап-тексеруін;
Тармақша 2
2) бронх-өкпе патологиясын анықтау мақсатында азаматтарды зертханалық-аспаптық зерттеп-қарауды;
Тармақша 3
3) анықталған нозологияға және клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі – КХ) сәйкес емді таңдау және тағайындауды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес Порталда жолдаманы тіркеу және пациенттің МҰ-ды еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін анықтау арқылы МҰ-ға жоспарлы емдеуге жатқызуға іріктеу және жіберуді;
Тармақша 5
5) респираторлық аурулардың профилактикасына, халықтың барлық жас топтарында респираторлық аурулардан болатын сырқаттанушылықты, мүгедектік пен өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуді;
Тармақша 6
6) диспансерлік бақылауды талап ететін тыныс алу ағзарарының әртүрлі аурулары бар пациенттерді есепке алу және диспансерлеуді;
Тармақша 7
7) бронх-өкпе патологиясы бар пациенттерге медициналық оңалту жүргізуді;
Тармақша 8
8) оның мақсаты пациенттер мен оларды күтетін адамдар үшін оқыту іс-шараларын жүргізу болып табылатын «респираторлық мектептер» ұйымдастыруді;
Тармақша 9
9) ауыр тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге үйде респираторлық қолдауды ұйымдастыруды (өкпенің инвазивті емес желдету, оттегі терапиясы);
Тармақша 10
10) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бастапқы медициналық құжаттамаларды ресімдеу және жүргізуді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтама беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді;
Тармақша 12
12) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) респираторлық патологиясы бар пациенттерге дәрілік препараттарға, соның ішінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша рецепттер беруді қамтиды.
Тармақ 16
16. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге КДК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Пульмонологиялық аурулары бар пациенттерге КДК:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық емханада;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық орталықта пульмонолог дәрігерлер көрсетеді.
Тармақ 18
18. Пульмонолог дәрігерлердің КДК деңгейінде пульмонологиялық көмек көрсету мынадай қызмет түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге профилактикалық, емдік-диагностикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) жүргізілген амбулаториялық емдеу тиімсіз болған кезде тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерді жоспарлы және қажет болған жағдайда шұғыл емдеуге жатқызуға жіберу;
Тармақша 3
3) респираторлық патологиясы бар пациенттерге үйде стационар түрінде стационарды алмастыратын көмекті ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) медициналық көмек көрсеткен кезде аралас мамандардың (торакалды хирург, фтизиатр, онколог, психолог, аллерголог, иммунолог, генетик, диетолог, реабилитолог және басқа да аралас мамандар) консультациясын ұйымдастыру (мультитәртіптік әдіс);
Тармақша 5
5) пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу;
Тармақша 6
6) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге, соның ішінде торакалды хирургиялық араласуды бастан өткерген пациенттерге өкпені оңалтуды ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) пациенттер үшін «Респираторлық мектеп» ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) № 907 бұйрыққа сәйкес есеп құжаттамасын ресімдеу және жүргізу;
Тармақша 9
9) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттердің сырқаттанушылығына мониторинг және талдау жүргізу;
Тармақша 10
10) халық арасында саламатты өмір салтын насихаттау.
Тармақ 19
19. Пульмонолог дәрігердің кешенді функционалдық зерттеп-қарау жүргізуіне:
Тармақша 1
1) пикфлоуметрия;
Тармақша 2
2) сыртқы тыныс алу функциясының диагностикасы (спирометрия, спирография);
Тармақша 3
3) бронхиалдық обструкцияның қайтымдылығын және бронх тармағының реактивтілік деңгейін анықтауға арналған бронхолитикалық және бронхтың өршуін анықтау тесттері;
Тармақша 4
4) өкпені шолу рентгенограммасы немесе кеуде қуысының флюорографиясы;
Тармақша 5
5) электрокардиограмма;
Тармақша 6
6) бронхологиялық зерттеп-қарау;
Тармақша 7
7) аллергологиялық тесттен өткізу;
Тармақша 8
8) бодиплетизмография;
Тармақша 9
9) тыныс алу жолдарын эндоскопиялық зерттеу;
Тармақша 10
10) компьютерлік тестті қолданып темекі шегетін адамды көп жоспарлы зерттеп-қарау, темекі шегетін адамның ішке тартқан ауасындағы улы газдың деңгейін анықтау;
Тармақша 11
11) жүктемені пайдаланып кешенді клиникалық-функциялық зерттеу нәтижелері бойынша тыныс алу жеткіліксіздігі деңгейін бағалау: 6 минуттық қадамдық тест, пульсоксиметрия, қандағы газдарды анықтау;
Тармақша 12
12) обструктивтік апноэ мен ұйқы кезіндегі тыныс алудың бұзылуын зерттеп-қарау;
Тармақша 13
13) ауырлық дәрежесін бағалау және бақылау бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструктивтік аурулары (бұдан әрі – ӨСОА) және басқа респираторлық аурулар жатады.
Тармақ 20
20. Пульмонолог дәрігердің амбулаториялық жағдайда әртүрлі емдік бағдарламаларды қолдана отырып кешенді емдеуді жүргізуі (пульмонолог кабинетінің, соның ішінде балалар дәрігері үшін):
Тармақша 1
1) базалық терапияны, асқынуларды емдеуді іріктеу мен бақылауды қоса алғанда бронх-өкпе ауруларын кешенді емдеу;
Тармақша 2
2) пациенттер үшін ингаляциялық препараттарды жеткізу тәсілдерінің оңтайлы әдісін, небулайзерлік терапия режимдерін және басқаны таңдау;
Тармақша 3
3) арнайы иммунотерапия;
Тармақша 4
4) респираторлық инфекциялардың бактерияға қарсы оңтайлы терапиясы;
Тармақша 5
5) бронх-өкпе аурулары бар пациенттерге өкпе оңалтуы;
Тармақша 6
6) пульмонологтың байқауымен оттегі концентраттарын қолдана отырып, созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігін үйде емдеу, өкпені қосалқы инвазивті емес желдету;
Тармақша 7
7) темекі шегетін пациенттің кешенді терапиясы: алдын ала тесттен өткізу, пациенттің келісімімен толық зерттеп-қарауға жазу, пульмонологтың емдеуі және динамикалық байқауы;
Тармақша 8
8) семіздік синдромы кезінде обструктивтік ұйқы апноэсін емдеу -гипожелдету, қорылдау, түнгі апноэ (тыныс алу жолдарын тұрақты оңтайлы қысымды қалыптастыру әдісімен емдеу – СРАР-терапия);
Тармақша 9
9) операция алдындағы респираторлық дайындық және тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттердің операциядан кейін ерте тыныс алу жолдарын оңалту қосылады.
Тармақ 21
21. Пульмонологиялық аурулары бар пациенттерге стационарлық көмек № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Стационарға емдеуге жатқызуға көрсетілімдер тәулік бойы медициналық байқаумен жасалатын білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қажеттілігі болып табылады.
Тармақ 23
23. Стационарлық деңгейдегі пульмонологиялық көмек:
Тармақша 1
1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге шұғыл және жоспарлы білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырлыған стационарлық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) зерттеп-қарау нәтижелерін кейіннен түсіндіре отырып, КХ сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауді;
Тармақша 3
3) емдеуші дәрігердің бөлімше меңгерушісміен бірлесіп КХ сәйкес ем таңдауды және тағайындауды;
Тармақша 4
4) пациенттерді күнделікті қарап-тексеру, бөлімше меңгерушісінің қарап-тексеруіне қатысуды;
Тармақша 5
5) пациенттерге бейінді мамандардың (көрсетілімдер болған жағдайда) консультациясын, консилиумдар ұйымдастыруды;
Тармақша 6
6) № 907 бұйрығына сәйкес медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдеу және жүргізуді;
Тармақша 7
7) тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасын, емдеудің жаңа әдістерін енгізуді;
Тармақша 8
8) пациенттердің функциялық респираторлық статусын бағалауды (пикфлоуметрия, спирометрия, пульсоксиметрия, қандағы газдың құрамын талдау, 6 минуттық қадамдық тест және басқа);
Тармақша 9
9) небулайзерлік терапия жүргізу (көрсетілімдер бойынша) және тыныс алу жеткіліксізідігін түзетуды (оттегі терапиясы және өкпені инвазивті емес желдету);
Тармақша 10
10) бөлімше жұмысының және көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін талдау, медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және ауруханалық өлімді төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді көздейді.
Тармақ 24
24. Пульмонологиямен ауыратын пациенттерге стационарды алмастыратын көмек, әсіресе үйдегі стационарлық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге көрсетілетін МСАК, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлемдері анағұрлым дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық көрсетілімдер бойынша белгіленеді.
Тармақ 26
26. Пациенттерге жедел медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10678 болып тіркелген) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған медициналық және санаторийліқ-курорттық ұйымдарда пульмонологтар, реабилитологтар көрсетеді.
Тармақ 28
28. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар көрсетеді және өзіне арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды, медициналық оңалтуды пайдалануды талап ететін аурулармен жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
Тармақ 29
29. Шұғыл жағдайларда тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттер тиісті стационарға МҰ-ның жедел медициналық жәрдем станциясының (бөлімшелер) санитариялық автокөлігі мен санитариялық авиациямен медицина қызметкері жеткізеді немесе өз бетінше жүгінеді. Ерекше жағдайларда пациенттерді стационарға ішкі істер органының қызметкерлері немесе азаматтар жеткізеді.
Тармақ 30
30. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті бейінді мамандар стационарлық жағдайда ғана көрсетеді және өзіне инновациялық, аз инвазивті, арнайы әдістерді және күрделі медициналық технологияларды пайданалануды медициналық оңалтуды талап ететін аурулармен және жай-күйлердің профилактикасын, диагностикасын, емдеуді қамтиды.
Тармақ 31
31. Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарында пульмонологиялық көмек:
Тармақша 1
1) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге консультативтік-диагностикалық, емдік, оңалту көмегін көрсетуді;
Тармақша 2
2) тыныс алу ағзаларының аурулары бар пациенттерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
Тармақша 3
3) дәлелді медицинаға негізделген тыныс алу ағзалары ауруларының диагностикасы, емдеу, профилактика және оңалтудың заманауи әдістерін практикаға енгізуді;
Тармақша 4
4) диагностикалық және емдік мақсатта пульмонологиялық науқастарға торакалды хирургиялық көмек жүргізуді;
Тармақша 5
5) медициналық ұйымдарды және пульмонологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі мамандарды ұйымдастыру-әдістемелік көмекпен қамтамасыз етуді;
Тармақша 6
6) бронх-өкпе патологиясы бар пациенттерге арналған оқыту бағдарламаларын («респираторлық мектептер») енгізуді;
Тармақша 7
7) пульмонологиялық қызметті дамыту бойынша стратегиялар мен нормативтік құқықтық базаларды әзірлеуге қатысуды;
Тармақша 8
8) ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және оған қатысуды;
Тармақша 9
9) тыныс алу ағзалары ауруларының эпидемиологиясы, олардың құрылымы, жас шамасының критерийлері, қосалқы патология бойынша талдау жүргізуді;
Тармақша 10
10) пульмонологиялық бейіндегі медициналық көмектің барлық түрлерін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін талдауды;
Тармақша 11
11) бронх-өкпе аурулары бойынша тіркелімдерді жасау және оны енгізуді;
Тармақша 12
12) республиканың пульмонологиялық қызметін үйлестіруді қамтиды.