Об утверждении Правил ведения реестра производителей органической продукции Күшін жойған
Басқа 0
Органикалық өнім өндірушілердің
тізілімін жүргізу қағидаларын
бекіту туралы
«Органикалық өнімді өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау органикалық өнім өндірісі жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 22 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 желтоқсан
Басқа 8
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсанда
№ 1-3/1102 бұйрығымен
бекітілген
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Органикалық өнім өндіру туралы» 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және органикалық өнім өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тізілімді жүргізу органикалық өнім өндірушілерді есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі
2. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Тізілімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын деректер негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді.
Тармақ 4
4. Органикалық өнім өндірушілер Тізілімде қазақ және орыс тілінде алфавиттік тәртіппен орналасады.
Тармақ 5
5. Тізілімді жүргізу:
Тармақша 1
1) органикалық өнім өндірушілер туралы деректерді Тізілімге алғашқы рет енгізу;
Тармақша 2
2) Тізілімді апта сайын жаңарту;
Тармақша 3
3) Тізілімді Министірліктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сәйкестікті растау жөніндегі органдардан органикалық өнім өндірудің және органикалық өнімнің сәйкестігін растау мен инспекциялық бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Министрілікке Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы деректер ұсынады.
Тармақ 7
7. Министрліктің органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан деректерді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде деректерді Министріліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Басқа 21
Органикалық өнім
өндірушілердің тізілімін
жүргізу қағидаларына
қосымша
Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі
Нысан
р/с №
Сәйкестік сертификатының берілген күні, тіркеу нөмірі және әрекет ету мерзімі
Өндіруші
Нақты орналасқан жері
Қызмет түрі
Сертификатталған органикалық өнімнің атауы
Органикалық өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат туралы деректер *
Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы және мекенжайы
Оған сәйкестендіру үшін сертификаттау жүргізілген құжаттың атауы
Тізілімге енгізу күні
Өндіруші
Нақты орналасқан жері
Қызмет түрі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
* – өңдеу кәсіпорындары толтырады