Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области производства органической продукции Күшін жойған
Басқа 0
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 2
2) мыналарға:
осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге;
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субьектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
________________ С. Айтпаева
2015 жылғы 29 желтоқсан
Басқа 1. Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1139 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 818 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және «Тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес, бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізу үшін органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелеріне жатқызу мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
Тармақша 2
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге сәйкес келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
Тармақша 3
3) бақылау субъектісі (объектісі) – органикалық өнім өндіру қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) болмашы бұзушылық – елеулі, өрескел бұзушылыққа жатқызылмаған, органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, оның ішінде тиісті қора-жайлармен және жануарларды жаю жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзу;
Тармақша 5
5) елеулі бұзушылық – органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды өсімдіктерден және жануарлардан алынатын қалдықтарды және жанама өнімдерді кәдеге жарату бөлігінде бұзу;
Тармақша 6
6) өрескел бұзушылық – халық денсаулығының нашарлауына алып келуі мүмкін органикалық өнім өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, атап айтқанда гендік түрлендірілген объектілерді қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану, сондай-ақ ауру жануарлар мен залалданған өсімдіктерді, жануарлардан және өсімдіктерден алынған қауіпті өнім мен шикізатты пайдалану;
Тармақша 7
7) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
Тармақша 8
8) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – органикалық өнім өндіру саласында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін ең төменгі ықтимал дәрежеде шектеу мақсатында кейін бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекел дәрежелері бойынша бөлу жолымен қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) мұндай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі;
Тармақша 9
9) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 10
10) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
Тармақша 11
11) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – органикалық өнім өндіру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
Тармақша 12
12) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес нақты мемлекеттік бақылау саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
Тарау 2. 2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары кезең кезеңмен жүзеге асырылатын (шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Екінші кезеңде тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары бойынша бақылау субъектілері (объектілері) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады.
Тармақ 5
5. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелілігіне, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Органикалық өнім өндіру саласындағы талаптардын бұзушылық дәрежесі осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
Тармақ 1. 1-параграф. Объективті өлшемшарттар
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
Тармақ 7
7. Объективті өлшемшарттар бойынша органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекелі жоғары бақылау субъектілеріне (объектілеріне) мыналар жатады:
Тармақша 1
1) органикалық өсімдік шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері);
Тармақша 2
2) органикалық мал шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері (объектілері).
Тармақ 2. 2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
Тармақ 8
8. Субъективті өлшемшерттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) дерекқорларды қалыптастыру және ақпарат жинау;
Тармақша 2
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
Тармақ 9
9. Бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізу үшін субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін бағалау үшін алдыңғы тексерулердің және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.
Тармақ 10
10. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде талдауға және бағалаула жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректер қалыптастырылады.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау әлеуетті тәуекелі ең жоғары бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) профилактикалық бақылау жүргізуді шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178-бабы 1-тармағына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне арналған тізімдерді қалыптастыру кезінде оларды қосуға жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Өлшемшарттардың 3-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Тәуекелдерді басқару
3-параграф. Тәуекелдерді басқару
Тармақ 12
12. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) осы Өлшемшарттардың 19-тармағында белгіленген кезеңге субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылауды жүргізуден босатылады.
Тармақ 13
13. Тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі органикалық өнім өндіру саласында осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауы тиіс.
Тарау 3. 3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
Тармақ 14
14. Мемлекеттік орган осы Өлшемшарттардың 9-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және дерекқорды қалыптастырады.
Тармақ 15
15. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы бара отырып жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші мен субъективті өлшемшарттар бойынша айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC ,
мұнда:
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есептеу органикалық өнім өндіру саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте органикалық өнім өндіру саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.
Тармақ 16
16. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бара отырып алдыңғы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі балмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 17
17. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті xi өлшемшарты көрсеткішінің үлес салмағы
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
Тармақ 18
18. R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R –жекелеген бақылау субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
Тармақ 19
19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылаудың жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады, бірақ жылына екі реттен жиілетпеу керек.
Тармақ 20
20. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2-бабы 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Басқа 1.1. Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Органикалық өнім өндіру
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша
Органикалық өнім өндіру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
№
Өлшемшарттардың атауы
Бұзушылық дәрежесі
1
2
3
Органикалық өсімдік шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты
1.
Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдары ретінде қолданылатын жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттарды және агрохимикаттарды, зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттарды, органикалық өнім өндіруде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізіміне сәйкес пайдалануға ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттарды пайдалануға қойылатын талаптардың сақталмауы
өрескел
2.
Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек өндіруге қойылатын талаптардың сақталмауы
елеулі
Органикалық мал шаруашылығындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты
3.
Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек өндіруге қойылатын талаптардың сақталмауы
елеулі
4.
Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтердің сақталмауы. Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
100-ге дейін;
200-ге дейін;
350-ге дейін;
350-және одан жоғары.
бір басқа шаршы метр:
1,5;
2,5;
4,0;
5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,1;
1,9;
3;
3,7.
болмашы
5.
Сүтті сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
4,5.
болмашы
6.
Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
10.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
30.
болмашы
7.
Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. Ересек мал:
жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5.
Төл
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,35.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,5.
болмашы
8.
40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
7,5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5.
болмашы
9.
Шошқаларды бордақылауға арналған күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
50-ге дейін;
85-ке дейін;
110-ға дейін.
бір басқа шаршы метр:
0,8;
1,1;
1,3.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,6;
0,8;
1.
болмашы
10.
Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
30-ға дейін;
бір басқа шаршы метр:
0,6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,4.
болмашы
11.
Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дараққа – 2,5;
бір еркек дараққа (серуендету пайдаланылғанда – 10) – 6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дараққа – 1,9;
бір еркек дараққа – 8,0.
болмашы
12.
Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң: бір шаршы метрге құс саны – 6;
бір құсқа орын – 18 сантиметр;
ұя – 1 ұяға 7 жұмыртқалайтын тауық немесе жалпы ұя жағдайында – 1 құсқа 120 шаршы сантиметр.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр алаң: 4, жылына азот 1 гектарға 170 килограммнан асып кетпеген жағдайда.
болмашы
13.
Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 10, ең жоғарғы жалпы тірідей салмағы 21 килограмм болған кезде;
бір құсқа арналған сырық, сантиметр – 20 (тек мысыр тауығы үшін);
ұя – 4 бройлер мен мысыр тауығы, 4,5 үйрек, 10 күркетауық, 15 қаз; барлық түрлер үшін жылына бір гектарға азот шегі 170 килограммнан асыпаған жағдайда.
болмашы
14.
Үй құсын күтіп-бағу және жемдеу (мобильді қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң: бір шаршы метрге құс саны – 16, құсқа арналған жылжымалы қора-жайда ең жоғары жалпы тірідей салмағы 30 килограмм болған кезде;
бір құсқа арналған сырық, сантиметр – 2,5, жылына бір гектарға азот шегі 170 килограммнан аспаған жағдайда.
болмашы
15.
Шарбақтарда өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы:
сүйрік – бір текше метрге 25 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 10 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 44 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 25 килограмм.
болмашы
16.
Бассейндерде өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы:
сүйрік – бір текше метрге 10 килограмм;
бекіре – бір текше метрге 22,8 килограмм;
қортпа – бір текше метрге 50 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 35 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм.
болмашы
17.
Тұйық циклді сумен жабдықталатын қондырғыларда өсірілетін ортаға балықтарды орналастыруды ең жоғары тығыздығының сақталмауы:
бекіре – бір шаршы метрге 20 килограмм;
жайын – бір шаршы метрге 200 килограмм;
бақтақ – бір текше метрге 50 килограмм.
болмашы
18.
Бейімделген көлдер мен тоғандардағы өсірілетін ортаға балықтарды орналастырудың ең жоғары тығыздығының сақталмауы:
ақсақа балықтар (пайда балық, көкшұбар балық, ақсақа, шыр, ақ балық) – бір гектарға 400 килограмм;
өсімдік қоректілер (ақ амур, қара амур, ақ және сұр дөңмаңдай), тұқы (сазан), көксерке, шортан, кәдімгі жайын) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 3000 килограмнан аспайды;
бекіре тұқымдастар (орыс бекіресі, сібір бекіресі, шоқыр) – түрлері бойынша жиынтық бір гектарға 1070 килограмнан көп аспайды;
канал жайыны – бір гектарға 3000 килограмм.
болмашы
Басқа 2. Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1139 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 818 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Органикалық өсімдік шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы тексеру парағы тексеру парағы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________________________
__________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________
__________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-
сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________
Орналасқан мекенжайы ____________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттарды, өсімдіктерді қорғау құралдары ретінде қолданылатын жануарлардан немесе өсімдіктерден алынатын заттарды және агрохимикаттарды, зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және олар бөлетін заттарды, органикалық өнім өндіруде қолданылатын, рұқсат етілген құралдар тізіміне сәйкес пайдалануға ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін рұқсат етілген заттарды пайдалануға қойылатын талаптардың сақталмауы
2.
Органикалық өнімдерді органикалық өнімге жатпайтын өнімді өндіруден бөлек қойылатын талаптардың сақталмауы
Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ _______________________
лауазымы қолы
____________________________________________________________________
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
Басқа 3. Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын
субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы
тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05/1139 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 818 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Органикалық мал шаруашылығында қызметін жүзеге асыратын
субъектілерге қатысты органикалық өнім өндіру саласындағы
тексеру парағы
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган_______________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_________________________________
_____________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі /бизнес-
сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________
Орналасқан мекенжайы _______________________________________________
№
Талаптар тізбесі
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
1.
Органикалық емес өнімдерді өндіруден бөлек органикалық өнімді өндіруге қойылатын талаптарды сақтамау
2.
Күйіс қайыратындар және жылқы тұқымдастар үшін күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтердің сақталмауы. Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
100-ге дейін;
200-ге дейін;
350-ге дейін;
350-және одан жоғары.
бір басқа шаршы метр:
1,5;
2,5;
4,0;
5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,1;
1,9;
3;
3,7.
3.
Сүтті сиырларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
4,5.
4.
Тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
10.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
30.
5.
Қойлар мен ешкілерді күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы. Ересек мал:
жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
1,5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5.
Төл
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,35.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,5.
6.
40 күнге дейінгі торайлары бар торайлайтын шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
7,5.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
2,5.
7.
Шошқаларды бордақылауға арналған күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
50-ге дейін;
85-ке дейін;
110-ға дейін.
бір басқа шаршы метр:
0,8;
1,1;
1,3.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,6;
0,8;
1.
8.
Торайларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Тірідей салмағы (килограмм) мынадай жануарға арналған жабық қора-жайдағы алаң:
30-ға дейін.
бір басқа шаршы метр:
0,6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
0,4.
9.
Өсіруге арналған шошқаларды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дараққа – 2,5;
бір еркек дараққа (серуендету пайдаланылғанда – 10) – 6.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр:
бір ұрғашы дараққа – 1,9;
бір еркек дараққа – 8,0.
10.
Жұмыртқалағыш тауықтарды күтіп-бағу алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 6;
бір құсқа орын – 18 сантиметр;
ұя – 1 ұяға 7 жұмыртқалайтын тауық немесе жалпы ұя жағдайында – 1 құсқа 120 шаршы сантиметр.
Ашық ауадағы алаң, бір басқа шаршы метр алаң: 4, жылына азот 1 гектарға 170 килограммнан асып кетпеген жағдайда.
11.
Үй құсын күтіп-бағу және бордақылау (тұрақты қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 10, ең жоғарғы жалпы тірідей салмағы 21 килограмм болған кезде;
бір құсқа арналған сырық, сантиметр – 20 (тек мысыр тауығы үшін);
ұя – 4 бройлер мен мысыр тауығы, 4,5 үйрек, 10 күркетауық, 15 қаз; барлық түрлер үшін жылына бір гектарға азот шегі 170 килограммнан асыпаған жағдайда.
12.
Үй құсын күтіп-бағу және жемдеу (мобильді қора-жайда) алаңының рұқсат етілген ең төменгі нормативтерінің сақталмауы.
Жабық қора-жайдағы алаң:
бір шаршы метрге құс саны – 16, құсқа арналған жылжымалы қора-жайда ең жоғары жалпы тірідей салмағы 30 килограмм болған кезде;