Об утверждении Правил и условий проведения аттестации гражданских служащих Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан, его ведомств и их территориальных органов, подведомственных Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан государственных учреждений, казенных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің, оның
ведомстволарының және
олардың аумақтық органдарының,
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрлігінің қарамағындағы
мемлекеттік мекемелерінің,
қазыналық кәсіпорындарының
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан өткізу қағидалары
мен шарттарын бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомстволарының және олардың аумақтық органдарынының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті «Қазгеоақпарат» Республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 424 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8243 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 наурызда № 79-80 (27353-27354) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаменті (А. Закирьянова):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 ж. 29 желтоқсан № 1263
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің, қазыналық кәсіпорындарының азаматтық қызметшілерін (бұдан әрі – қызметшілер) аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар оларды аттестаттау «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік кәсіпорын басшыларына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Қызметшілерді аттестаттау – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының, іскерлік қасиеттерінің деңгейін, сондай-ақ олардың біліктілік санатқа сәйкестігін айқындау бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсім.
Тармақ 4
4. Аттестаттау кезінде негізгі бағалау өлшемшарттар қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.
Тармақ 5
5. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:
Тармақша 1
1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;
Тармақша 2
2) аттестаттау комиссиясының қызметшімен әңгіме жүргізуі;
Тармақша 3
3) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.
Тарау 2. 2. Аттестаттаудың шарттары
2. Аттестаттаудың шарттары
Тармақ 6
6. Он екі және одан астам апта жүктілік мерзіміндегі жүкті әйелдерден басқа барлық қызметшілер аттестаттаудан өтеді.
Тармақ 7
7. Қызметшілер азаматтық қызметте болған әрбiр кейінгі үш жыл өткен соң, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан бұрын емес аттестаттаудан өтедi.
Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірмей өткізілуі тиіс.
Бала күтімі бойынша демалыста жүрген қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан бұрын емес аттестатталынады.
Қызметшілерді олардың өтініші бойынша көрсетілген мерзімге дейін аттестаттаудан өткізуге болады.
Тарау 3. 3. Аттестаттауды өткізу тәртібі
3. Аттестаттауды өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Аттестаттауды өткізуге дайындықты оның басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, оның ведомствосының және олардың аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың кадр қызметі (бұдан әрі – аттестаттайтын орган) ұйымдастырады және ол мынадай іс-шараларды қамтиды:
Тармақша 1
1) аттестатталатындарға қажетті құжаттарды дайындау;
Тармақша 2
2) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;
Тармақша 3
3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;
Тармақша 4
4) аттестаттауды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) аттестаттау комиссиясы бекітетін әңгімелесу өткізуге арналған сұрақтарды дайындау.
Тармақ 9
9. Аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес аттестаттауға жататын қызметшілерді алты ай ішінде бір рет айқындайды.
Тармақ 10
10. Аттестаттайтын органның басшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынымы бойынша бұйрық шығарады, онымен аттестатталатын адамдардың тізімі, аттестаттауды өткізу кестесі мен аттестаттау комиссияларының құрамы бекітіледі.
Тармақ 11
11. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттаудан өткізу мерзімдері туралы оны өткізу басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей қызметшілерді жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 12
12. Әр аттестатталатын қызметшіге тікелей басшысымен қызметтік мінездеме рәсімделеді және ол аттестаттайтын органның кадр қызметіне жіберіледі.
Тармақ 13
13. Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметшінің кәсіби, жеке басының қасиеттері мен қызметтік іс-әрекеті нәтижелерінің негізделген, шынайы бағасын қамтуы тиіс.
Тармақ 14
14. Аттестаттайтын органның кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірмейтін мерзімде қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.
Тармақ 15
15. Егер қызметші оған берілген қызметтік мінездемемен келіспесе, ол өзін сипаттайтын ақпаратты аттестаттайтын органның кадр қызметіне ұсынады.
Тармақ 16
16. Аттестатталатын қызметшіге аттестаттайтын органның кадр қызметі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттесттауға жататын азаматтық қызметшіге аттестаттау парағын рәсімдейді.
Тармақ 17
17. Аттестаттайтын органның кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жібереді.
Тармақ 18
18. Аттестаттау комиссиясы аттестаттайтын органның кадр қызметінің ұсынысы бойынша оның басшысымен құралады және ол аттестаттау комиссиясының кемінде үш мүшесінен және хатшыдан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен өзі қабылдайтын шешімдері үшін жауапты болады.
Тармақ 19
19. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттайтын органның салалық бөлімшелерінің, оның ішінде кадр және заң қызметтерінің өкілдері, аттестаттайтын органның қызметкерлерінің өкілі енгізіледі.
Аттестаттау комиссиясының болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттайтын органның кадр қызметінің өкілі болып табылады, оны аттестаттайтын органның кадр қызметінің басшысы айқындайды.
Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясының отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және ол өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Аттестаттау комиссиясының хатшысы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 20
20. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді.
Тармақ 21
21. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Тармақ 22
22. Дауыс беру нәтижелері аттестаттау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Дауыстар тең түскен жағдайда, аттестаттау комиссиясы төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Тармақ 23
23. Аттестаттау комиссиясының мүшелері хаттамаға қоса берілетін өздерінің келіспеушіліктерін жазбаша түрде білдіре алады.
Тармақ 24
24. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауды аттестатталатын қызметшінің қатысуымен өткізеді.
Аттестатталушы аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады.
Тармақ 25
25. Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынған материалдарды зерттейді, аттестатталатын адамды тыңдайды.
Аттестатталатын адамға қойылатын сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі оның құзыреттілігінің деңгейін анықтауға жіберіледі.
Тармақ 26
26. Ұсынылған материалдарды зерттеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижесінде аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
Тармақша 2
2) қайта аттестаттауға жатады.
Аттестаттау комиссиясы оң шешім шығару кезінде қызметшінің біліктілік санатына сәйкестігін бекітеді (растайды), не оны бекітуге негіз жоқ екендігін белгілейді.
Аттестаттау комиссиясы қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіндігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, қызметші қайта аттестаттаудан өтеді.
Тармақ 27
27. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестаттау комиссиясы құрамына енген аттестаттаудан өтетін қызметші өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.
Тармақ 28
28. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап алты айдан кейін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен өткізіледі. Қайта аттестаттауды өткізген аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
Тармақша 2
2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
Атқаратын лауазымына сәйкес келген жағдайда, аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 27-тармағын ескере отырып, шешім қабылдайды.
Аттестаттау комиссиясы қызметші атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіндігі туралы шешім қабылдаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 52-бабының нормалары қолданылады.
Тармақ 29
29. Аттестаттау комиссиясының шешімдері, оның отырысына қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 30
30. Қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен жазбаша түрде таныстырылады.
Тармақ 31
31. Аттестаттаудан өткен қызметшінің аттестаттау парағы жеке ісінде сақталады. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.
Тармақ 32
32. Аттестаттау комиссиясының шешiмiмен келіспеген жағдайда қызметші оған сот тәртібінде шағым келтіре алады.
Басқа 0. Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы
Азаматтық қызметшілерді
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
және шарттарына қосымша
Форма
Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні аттестаттау парағы
____ ____
Аттестаттау түрі: кезекті - |____|; қайта - |____|
(қажеттісін Х белгісімен белгілеу керек)
Тармақ 1
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)_______________________________________________
Тармақ 2
2. Туған күні ___ж. «___»_________
Тармақ 3
3. Білімі туралы, біліктілігін арттыру, қайта даярлау туралы мәліметтер (қашан және қандай
оқу орнын аяқтады, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, білікті арттыру, қайта
даярлау, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні туралы құжаттар)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты ___________________________
____________________________________________________________________________________________
Тармақ 5
5. Жалпы еңбек өтілі - _______________________________________
Тармақ 6
6. Мемлекеттік және азаматтық лауазымдардағы жалпы жұмыс өтілі ____________________________
____________________________________________________________________________________________
Тармақ 7
7. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің айтқан ескертулері мен ұсыныстары: __________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Тармақ 8
8. Аттестатталанушының пікірі ______________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Аттестатталанушының қызметтік мінездемесіне сәйкес азаматтық қызметшінің қызметін тікелей
басшының бағалауы __________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Тармақ 10
10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының ______ мүшесі қатысты.
Тармақ 11
11. Дауысқа салу нәтижелері бойынша аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын
азаматтық қызметшінің қызметін қоса берілетін бағалау парағына сәйкес бағалау:
Тармақша 1
1) атқаратын лауазымға сәйкес келеді (дауыс саны) ________;
Тармақша 2
2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) ____________;*
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді (дауыс саны) _____.
Тармақ 12
12. Біліктілік санаты:
1 ________ (жазумен) біліктілік санатына сәйкес келеді _____________________ (дауыс саны)
_______________________________________
(әр біліктілік санаты бойынша жеке)
2. біліктілік санатын белгілеуге негіз жоқ
(дауыс саны) __________.
Қорытынды бағалау __________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
(біліктілік санатының сандық белгісі жазумен жазылады)
Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олар беретін дәлелдемелерді көрсете отырып)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тармақ 13
13. Ескертпе _______________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________________
(қолы)
Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ___________________________
(қолы)
___________________________
(қолы)
Аттестауды өткізу күні 20___ж. «___»__________
Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Аттестаттау парағымен таныстым: ____________________________________
(азаматтық қызметшінің қолы және күні)
Ұйым мөрінің орны
Ескертпе: * қайта аттестаттаудан өткен кезде 11-тармақтың
2-тармақшасы толтырылмайды
Басқа 1. Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы
Аттестаттаудан өтетін
азаматтық қызметшіні
аттестаттау парағына
қосымша
Аттестаттаудан өтетін азаматтық қызметшіні бағалау парағы
(аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады)
____ ____
Аттестаттау түрі: кезекті - |____|; қайта - |____|
(қажеттінің Х белгісімен белгілеу керек)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________________________________
Аттестатталушының бағасы
____________________________________________________________________________________________
(өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз)
Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің шешімі (төмендегінің бірі:
атқаратын лауазымына сәйкес, қайта аттестаттауға жатады*, атқаратын лауазымына сәйкес
келмейді):
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясы мүшелері шешімінің негіздемесі:
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Біліктілік санатына сәйкес келеді___________________________________________________________
Біліктілік санатын белгілеуге негіз жоқ ____________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Негіздеме:__________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________
Аттестаттау комиссиясының мүшесі ___________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты(бар болған кезде), қолы)
Аттестаттау комиссиясының хатшысы __________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты(бар болған кезде), қолы)
Күні 20__ жылғы «___» ____________
Ескертпе: * қайта аттестаттаудан өту кезінде шығарылмайды