Құжат мәтініне өту

Об утверждении проверочного листа в области племенного животноводства и пчеловодства

Бұйрық · № 15-05-1136 · қабылданған 28.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-98249/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении проверочного листа в области племенного животноводства и пчеловодства Күшін жойған Бұйрық ·№ 15-05-1136 ·28.12.2015
29.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении проверочного листа в области племенного животноводства и пчеловодства

Күшін жойған Бұйрық ·№ 15-05-1136 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении проверочного листа в области племенного животноводства и пчеловодства
Атауы (қаз.)
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
15-05-1136
Қабылданған күні
28.12.2015
Көрсетілген редакция
29.11.2018 98249_374829.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012729
ЭКБ идентификаторы
98249
Редакция идентификаторы
98249_374829
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:27

0 Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2

2. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 15-04/730 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 614 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12108 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3 3) осы бірлескен бұйрықты алынған күнінен бастап он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;

4 4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитетінің төрағасы
___________________ С. Айтпаева
201 жылғы «___»_____________

10 Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 15-05-1136 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 820 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы
Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган ________________________________
________________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті _________________________________________
(нөмір, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы ____________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан жерінің мекенжайы ___________________________________________
________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі
Талап етіледі
Талап етілмейді
Талаптарға сәйкес келеді
Талаптарға сәйкес келмейді
1
2
3
4
5
6
Асыл тұқымдық орталықтар
1
Тұқымдық ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға арналған қора-жайдың болуы
2
Тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы
3
Ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның болуы
4
Карантиндік үй-жайдың болуы
5
Изолятордың болуы
6
Зертханалық жабдықтың болуы
7
Криогендік жабдықтың болуы
8
Жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы
9
Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау
10
Тұқымдық асыл тұқымды жануарларға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы
11
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы
12
Асыл тұқымды жануарды бонитирлеудің жиынтық ведомосының болуы
13
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасында тіркелгенін растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының болуы
14
Жануарға өз өнімділігі бойынша бағалау жүргізу
15
Жануарға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу
16
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну
17
Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы
Дистрибьютерлік орталықтар
18
Стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайлардың болуы
19
Зертханалық жабдықтың болуы
20
Криогендік жабдықтың болуы
21
Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау
22
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы
23
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну
24
Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы
Бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар
25
Жануарларда жеке нөмірлерінің болуы
26
Жануарлардың селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелуі
27
Асыл тұқымды малдың ресімделген жеке карточкасының немесе асыл тұқымдық куәліктің болуы
28
Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдарға бонитировка жүргізу
29
Асыл тұқымды малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімінде тіркелуі
30
Есеп пен есептілікті жүргізу
31
Асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығы
Жергілікті атқарушы органдар
32
Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу
33
Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу
34
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер беретін есептіліктің болуы
Бонитер (сыныптаушы)
35
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы
36
Ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрі бойынша бонитерлер курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы
37
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну
Техник-ұрықтандырушылар
38
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы
39
Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы
40
Зертханалық үй-жайдың болуы (ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін)
41
Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін)
42
Құрал-саймандарың болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін) немесе техник-ұрықтандырушы чемоданының болуы (жылжымалы пункттер үшін)
43
Криогендік жабдықтың болуы
44
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну
Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман
45
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология», немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы
46
Ауыл шаруашылығы жануарларының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы
47
Зертханалық үй-жайдың болуы
48
Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы
49
Құрал-саймандардың болуы
50
Криогендік жабдықтың болуы
51
Технологиялық жабдықтың болуы
52
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну
Лауазымды адам (адамдар) __________________________ _______________
(лауазымы) (қолы)
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін
субъектінің басшысы _______________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

Қолданыстағы