Қолданыстағы ред. 07.05.2001

Газ шарушалығы объектілерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту туралы от 07.05.2001 г. № 5-120 (Газ шарушалығы объектілерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту туралы)

0

Газ шарушалығы объектілерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.06.2004 № 6-67 шешімімен.
Облыстың газбен жабдықтаушы ұйымдары халықты сұйытылған және табиғи газбен жабдықтау жөнінде белгілібір жұмыстар атқаруда.
Алайда, газ шаруашылығы объектілеріндегі қауіпсіздіктің бірқатар мәселелері шешілмей қалып отыр. Пәтерлерде газ баллондары мен газ ауа жарылулары орын алуда, мұның өзі адамдардың опат болуы мен орасан материалдық шығындарға ұшыратады.
Мәселен, Талдықорған қаласында бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды, соның нәтижесінде 6 пәтер қирап, 9-ы зақымданды; Іле ауданының Боралдай поселкесінде төрт қабатты үйде газ-ауа қосындысынан жарылыс болып, бір адам қаза тапты және басқалары жарақат алды, 4 пәтер қирады; Қаскелең қаласында газ плитасын дұрыс қоймаудың салдарынан өрт шығып, екі адам қаза болды.
Газ шаруашылығы мамандарының үйдегі жабдықтарға профилактикалық жұмысты ойдағыдай жүргізбей отырғанын орын алған төтенше жағдайларға жасалған талдау жабдықтарын жоспарлы алдынала жөндеу дер кезінде жүргізілмегендіктен газ-ауа қосындысының ағуы болуда. Көзделінген жөндеу жұмыстары толық көлемінде жүргізілмейді. Кейбір елді мекендерде газбен жылытылатын қазандар техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұза отырып орнатылады. Пайдаланылмаған топтық резервуарлық қондырғылар одан әрі пайдалануға жарамайтын жағдайға келеді және төтенше жағдайлардың туындауына әлеуетті қауіп төндіреді. Көп қабатты газ баллондарын өз бетінше қою 2.04.08-87 ҚН мен Е-нің 9.49 тармағы талаптарын бұза отырып, одан әрі жүргізілуде.
Авариялық-құтқару қызметтері техникамен және қосалқы бөлшектермен нашар жарақтандырылған, жабдықтаушы ұжыммен жеткілікті жабдықталмаған, ал көптеген аудандарда олардың тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылмаған. Жылжымалы автогазқұю стансаларын иемденушілер тұрмыстық баллондарды сұйытылған газбен толтыруды «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерінің» 3.5.60 тармағын бұза отырып, жалғастыруда.
Газ шаруашылығында төтөнше жағдайлардан сақтандыру және алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарды күшейту, халыққа қызмет ету сапасын арттыру және өндіріске пайдалану кезінде тәуекелділікті, шығын мен зиянды азайту мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:

1

1. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, қалаларының әкімдері төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармамен бірлесе отырып:
газ шаруашылығындағы техникалық және өртке қарсы қауіпсіздік жардайына талдау жасасын, газды жарылыстар мен өрт шығуларына жол бермеу жөніндегі шараларды жасасын және іске асырсын;
газбен жабдықтаушы ұйымдардың басшыларын газ тораптарына, жабдықтар мен құралдарға профилактикалық жабдықтау жүргізуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік жағдайлар туралы» (5,18,35-баптар), «Өрт қауіпсіздігі туралы» (25-бап) Заңдарының талаптарын қатаң орындауды және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін» сақтауды міндеттесін.
Газ орындарын анықтау және заңсыз сатуға тиым салу жөнінде рейдтер жүргізу үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі, ішкі істер басқармаларының, Мемлекеттік өрттен сақтандыру қызметінің өкілдерін, газ ұйымдар қатыстыра отырып, жұмыс топтарын құрсын;
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»(22 бабы), «Табиғи жене техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
(34 - бабы) Заңдарына сәйкес адамдардың апат болуы мен жарақаттар алуына, материалдық шығынға ұшыратқан қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына кінәлі газбен жабдықтаушы ұйымдардың лауазымды адамдарын жауапқа тарту үшін лицензияларды қайтып алу жөнінде ұсыныстар жолдасын;
төтенше жағдайлардың әрбір оқиғасы бойынша кінәлілердің жауапкершілігі деңгейін анықтай отырып, егжей-тегжейлі зерттеу жүргізсін, ал осыған қатысы бар аудандық (қалалық) газбен жабдықтаушы қызметкерлерді мамандандырылған оқу курстарынан өткеннен кейін қайта аттестациялау жүргізсін;
газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері және төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі жөніндегі бірінші кезекті шаралар бойынша плакаттар, жаднамалар, парақтар, буклеттер шығару мен таратуды ұйымдастырсын;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында газ шаруашылығындағы, әсіресе оны тұрмыста пайдалану қауіпсіздігі, газ баллондарын көздейсоқ адамдардан сатып алуға,оларды көп қабатты үйлерде пайдалануға жол берілмейтіні жөніндегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын үзбей жүргізсін;
тұрмыстық газ баллондарын сатуға бақылау жасау әдістерін
(арнаулы чектер, абоненттік кітапшалар, сертификаттар)кеңінен енгізсін

2

2. «Алаукөлікгаз» АҚ-ы (Е.Д. Ф ел ьд) және «Жетісугаз» Корпорациясы ААҚ-ы (С.Қ.Жұмабаев) жерасты газ құбырлары мен топтық резервуарлық қондырғыларға тексеру, жұмыс істемейтін және болашақта іске жарамайтын топтық қондырғыларды консервациялау жөнінде жұмыс жүргізсін.

3

3. Меншік нысандарына және ведоствалық бағыныстылығына қарамастан, облыстың газбен жбдықтаушы ұйымдарының басшылары газ шаруашылығының барлық аудандық бөлімдерінде авариялық қызметтердің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етсін, оларды сенімді қосалқы бөлшектердің қажетті жиынтығымен және бақылау өлшеу құралдары мен жабдықтасын.

4

4. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма Мемлекеттік өрттен сақтандыру қызметімен және IIБ-ның жол полициясы басқармасымен бірлесе отырып, газ кәсіпорындарында,сондай-ақ газ баллондарын тасымалдау мен техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға бақылауды қатайтсын.

5

5. Облыс Әкімнің 02.04.97 жылғы «Облыста газ жабдықтарын өндірісте және тұрмыста қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету шаралары туралы» № 4-94 шешімнің күші жойылған болып саналсын.

6

6. Аудандар мен Қапшағай, Талдықорған, қалаларының әкімдері және газбен жабдықтаушы ұйымдардың басшылары осы шешімнің орындалу барысы турады аңпаратты жыл сайын 1 маусымда және 1 қарашада беріп отырсын.

7

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға (В.Н:Работягов) жүктелсін.
Енгізуші:
Келісілді:
Таратылсын: есептік таралымға сәйкес
2001 жылғы «___»____________жіберілді.