О кредитовании субъектов малого предпринимательства из средств городского бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қала бюджетiнiң қаражатынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн несиелеу туралы" 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 08.08.2002 N 4/520 қаулысымен. Шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау мақсатында және Үкiметтiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1440 "Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органы беретiн несиелер ережелерi туралы" Қаулысын орындау жолында, Алматы қаласының Әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн қысқа мерзiмдi несиелердiң мына шарттары бекiтiлсiн: 1) бюджет несиесiнiң беру үлгiсi - жедел несие, заемшы-банкiнiң есеп шотына барлық бюджет несиесiнiң сомасы бiр жақты аударым жолымен берiледi; 2) бюджет несиесiнiң берiлу мерзiмi - 1 жыл; 3) бюджет несиесi ұлттық валюта - теңгемен берiледi; 4) ең соңғы заемшыға берiлетiн бюджет несиесiнiң мөлшерi 2000000 теңге; 5) ең соңғы заемшыға сыйлық ставкасы жылдық теңгемен – 10%.
Тармақ 2
2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қысқа мерзiмде несиелеудi жүзеге асыру Алматы қаласы бойынша шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымды бағыты жөнiндегi тiзбеге сәйкес жүргiзiледi (N 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн орта және ұзақ мерзiмдi несиелеу шарты бекiтiлсiн: 1) Орта бюджеттiк несие беру үлгiсi 3 жыл, ал ұзақ мерзiмдi 3 жылдан жоғары болады; 2) несие сомасы, орта және ұзақ мерзiмдi бюджеттiк несие беру, оның жеңiлдiк мерзiмi мен сыйақы төлеудi өтеу шартын әрбiр жоба бойынша жеке Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмiмен белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшiн Заемшы - банкiлердi таңдау үшiн конкурстық комиссия құрылсын (N 2 қосымша). Ашық конкурсты ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi комиссия конкурсты өткiзiп жеңiмпаз банкiнi анықтасын.
Тармақ 5
5. Кәсiпкерлердiң хаттары мен шағымдарын қарап, шешiм шығаратын қаржы-құқықтық жөнiндегi комиссия құрылсын, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жобасын несиелеуге байланысты дау мәселелердi шешетiн болсын (N 3 қосымша).
Тармақ 6
6. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 662 "Алматы қаласындағы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржы-құқықтық қолдау туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары К.Е. Жаңбыршинге жүктелсiн.
Басқа 8
Алматы қаласы Әкiмiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 354 шешiмiне N 1 қосымша Алматы қаласы бойынша Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымды бағытының ТIЗБЕСI 1. Жоғары сапалы киiмдер мен трикотаж бұйымдарды өндiру; 2. Жоғары сапалы жиһаздар мен фурнитураларды өндiру; 3. Жаңа түрдегi картон-қағаз өнiмдерiн өндiру, полиграфиялық және баспа өнiмдерi; 4. Ауылшаруашылық өнiмдерiн даярлау, өңдеу және сақтау; 5. Балалар тағамын, кондитер бұйымдарын алкогольсiз сусындарды, минералдық суларды және оларға арналған қаптамаларды шығару; 6. Ет, сүт, колбаса-шұжық өнiмдерiн шығару; 7. Жаңа технологиялық түрдегi машиналар мен жабдықтарды шығару; 8. Өнеркәсiп және тұрмыстық электроника мен электротехникалық өнiмдердi өндiру; 9. Тұрмыстық химия мен парфюмерлiк-косметикалық бұйымдарды өндiру; 10. Дәрi-дәрмектiк табиғи шикiзатты даярлау және өндiру, сондай-ақ дәрi-дәрмек құралдарын, таңу материалдары мен тазалық-гигиеналық заттарды шығару; 11. Жергiлiктi шикiзат базасында құрылыс материалдарының, конструкциялары мен бұйымдардың озық және жаңа түрлерiн өндiру; 12. Қаланың инфрақұрылымы саласында шағын кәсiпорындарды құру (дәрiлеу, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, ПИК және тамақтандыру объектiлерiне қызмет көрсету, сұлулық салондары, көшелердi тазалау, және басқалары); 13. Қалаға шет елден саяхатшыларын тартуға бағытталған туристiк қызмет және Алматы қаласының демалыс қонақ үй бизнесi; 14. Медициналық және ветеринарлық қызмет көрсететiн шағын кәсiпорындар құру; 15. Ғылыми икемдi өндiрiстер мен технологияларды дамытуға байланысты қызмет, жоғары экспорттық қайтарымы бар, былай айтқанда венчурлық фирмалар, олардың өнiмi iшкi және сыртқы базарларға арналған; 16. Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргiзетiн кәсiпорындар құру.
Басқа 9
Алматы қаласы Әкiмiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 354 шешiмiне N 2 қосымша Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қала бюджетiнен несиелендiру үшiн несие-банк анықтау жөнiндегi конкурс комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Жаңбыршин Қ.Е. - Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары - комиссия Төрағасы 2. Бисенов М.С. - ҚР Ұлттық банкісi Алматы қаласы филиалы бастығының орынбасары – комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi: 3. Пичугина Н.П. - Қалалық қаржы басқармасы бастығының орынбасары 4. Дүкенбаев Е.Ө. - Шағын бизнес Департаментiнiң директоры 5. Сәрсенов Ә.Ө. - Салық комитетi төрағасының орынбасары 6. Бексұлтанов А.И. - Қазына басқармасы бастығының орынбасары 7. Қасенов Қ.Т. - Экономика жөнiндегi комитеттiң қаржы менеджментi және маркетинг бөлiмiнiң бастығы
Басқа 10
Алматы қаласы Әкiмiнiң 2001 жылғы 25 мамырдағы N 354 шешiмiне N 3 қосымша Шағын кәсiпкерлiктi қаржы-құқықтық қолдау Комиссиясының ҚҰРАМЫ 1. Бөкенов Қ.А. - Комиссия Төрағасы, Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 2. Жаңбыршин Қ.Е. - Комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары 3. Дүкенбаев Е.Ө. - Комиссия хатшысы, Алматы қаласы Әкiмiнiң жанындағы Шағын бизнес департаментiнiң директоры КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI: 4. Васильева Л.А. - Алматы қалалық экономика жөнiндегi комитеттiң төрайымы 5. Тәжiбаев Қ.Қ. - Алматы қалалық қаржы басқармасының бастығы 6. Қалижанов Б.У. - Алматы қалалық салық басқармасының бастығы 7. Пiрiнбеков М.У. - Алмалы ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 8. Садыбеков Г.К. - Әуезов ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 9. Сәпиев Б.Ш. - Бостандық ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 10. Адамбаев С.Ж. - Жетiсу ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 11. Бейдәлi М.Б. - Түрксiб ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары 12. Қайсенов К.К. - Медеу ауданы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары