Об упразднении отдельных административно-территориальных единиц Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді жабу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 8, 11-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттар мен аудан әкімдері бірлескен шешімдерінің негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі шешім етті: - тұрғындары көшіп кетуіне байланысты төмендегі елді-мекендер жабылсын және есептік мәліметтерден шығарылсын: Ақкөл ауданы бойынша: Минск селолық округінің Әжібай селосы Урюпинка селолық округінің Богачевка селосы Егіндікөл ауданы бойынша: Қоржынкөл селолық округінің Бесбидайық селосы Қорғалжын ауданы бойынша: Қорғалжын селолық округінің Қоржынкөл селосы Шортанды ауданы бойынша: Елизаветинка селолық округінің № 35 разъезі Дамса селолық округінің № 28 разъезі