О внесении изменений в некоторые решения Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Көрсетілген бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін..
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі ___________ А. Сәрінжіпов « » _____________ 2015 жыл
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30 қыркүйектегі 2015 жылғы № 772 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 134 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5682 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 8 мамырдағы № 69 (1492) болып жарияланған): кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабын және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 8-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; 2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 № 210 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.