Об утверждении Регламента акимата Актюбинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысы әкімиятының Регламентін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы әкімиятының Регламенті бекітілсін.
Басқа 2
облыстық әкімияттың 2001 жылғы
16 шілдедегі № 20 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Ақтөбе облыс әкімиятының Регламенті
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақтөбе облыстық әкімият (бұдан әрі - әкімият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімият құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
Әкім әкімият мүшелерінің санын айқындайды.
Әкім әкімияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімият қызметі Казақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік қүқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімияттың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді облыс әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімият іс қағаздарын жүргізу және әкімиятқа түсетін хат - хабарларды өндеу аппаратқа жүктеледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін әрі облыс әкімі (бұдан әрі – әкім) бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасарлары мен аппарат басшысы әкімияттың және әкімнің қарауына енгізілетін актілер жобалары өтуінің осы Регламентпен бекітіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Бөлім 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат әкімият мүшелерінің және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойьшша әкімият мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін жасайды.
Әкімияттың мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімият мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардан, аудандардың әкімдеріне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады.
Әкім тиісті атқарушы органның бірінші басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде тізбеден жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Бөлім 3. 3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
3. Әкімият мәжілістерін дайындау және өткізу тәртібі
Тармақ 8
8. Әкімият мәжілістері айына кемінде бір рет өткізіледі және оны әкім -шақырады.
Тармақ 9
9. Әкімият мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған кезде – әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 10
10. Әкімият мәжілістері, әдетте, ашық болады және мемлекетгік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргізіледі.
Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімият мәжілісі, егер оған әкімият мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, занды болып есептеледі.
Әкімияттың мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімияттың қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкімияттың мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкімдері, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімият мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
әкімият мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрі - бірінші басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс;
әкімияттың мәжілісіне енгізілетін материаддарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
мәселе енгізетін орган немесе ақпараттың құрылымдық бөлімшесі талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материаддарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімият мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақтылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімият мәжілісін сізген кезде қаралатын- мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Әкімият мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің аты және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны, ескертулер және әкімият мүшелері стенографиясы жүргізіледі, мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттық электронды көздеріне жазылады.
Аппараттың тиісті бөлімі әкімият мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалык, етуші қол қояды.
Әкімият мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімият мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тізбесін аппарат басшысы бекітеді.
Әкімият мәжілістерінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады.
Әкімият мәжілістерінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
Бөлім 4. 4. Әкімият және әкім актілерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу
тәртібі
4. Әкімият және әкім актілерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу
тәртібі
Тармақ 16
16. Атқарушы органдар әкімият тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттың құзыретіне кіргенде;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
Тармақша 3
3) мәселенің шешілуі жергілікті атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді талап еткенде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі жобалар) дайындауды «Нормативтік қүқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сөйкес жүзеге асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады.
Жобаға «ескертулермен» келісу болған кезде келіспеушіліктер туралы бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажетті түсіндірмелер берілген анықтама тіркеледі.
Жобаларды әзірлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушілер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердің мән-жайы қүзыретіне кіретін әкімнің орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді.
Келіспеушіліктер жойылған кезде тиісті орган белгіленген мерзімде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойыкша келісімге қол жетпеген жағдайиа, әкімнің орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға ақпарат береді.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақтылы, сапалы әзірленуіне және әкімиятқа белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнүсқалығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мүндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән – жайы ескеріле отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) облыстық қаржы басқармасымен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен камтамасыз етілуі мәселелер; бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық экономика басқармасымен - экономикалық орындылығы және елмен облыстың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестігі мәселелері бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелерін бір мезгілде барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді.
Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мерзімі бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен әрі тіркелген кезінен бастап 3 жүмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкімнің, әкім орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғүрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бүл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандығы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаның көшірмесін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қараудың нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулерімен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бас тарту қоса беріледі).
Тармақ 22
22. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бүл ретте, түпкілікті нұсқаны дайындау процесінде әзірлуші өзі келіскен атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде жояды.
Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде мүддесі осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) түсіндірме жазбада міндетті түрде көрсетеді, бұл ретте, енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Қажет болған ретте, әкімнің, әкім орынбасарының немесе аппарат
басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келісуге жіберілуі мүмкін.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығындары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімияттың және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса және (немесе) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімият немесе әкім қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша әзірлеуші, актілерде белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиіс.
Тармақ 24
24. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімият қаулыларын және (немесе) әкім шешімдері мен өкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норма көздейді және (немесе) нақты мерзімдер белгілей отырып, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
Тармақ 25
25. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қорытынды дайыңдау үшін (бұдан әрі – сараптама) аппаратқа енгізіледі.
Алпаратта тіркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс кағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болган ретте, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Жоба аппаратта тіркелгеннен кейін оның мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнүсқалығы тексеріледі және сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның аппаратта тіркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің түпнүсқалығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнүсқалы еместігі;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы Регламентіің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міңдеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындығын жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады.
Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
Тармақ 27
27. Әкімияттың қаулыларына, әкімнің шешімдері мен әкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнүсқаларына түзетулер енгізілмейді.
Тармақ 28
28. Аппарат әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады.
Әділет органдарында тіркелуге жататын экімияттьің және әкімнің
актілері алушыларға тіркелгеннен кейін таратъшады.
Әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің
түпнүсқалары аппаратта сақталады.
Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтілетін алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аппаратқа жүктеледі.
Тармақ 29
29. Техникалық қателері болған ретте әкімият қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 30
30. Аппарат әкімият және әкім қабылдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкімияттың және әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін мәслихат пен әкім айқындаған газеттерде және өзге мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Аппарат актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімият және әкім қабылдаған нормативтік қүқықтық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру міндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.
Бөлім 5. 5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі.
5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 34
34. Заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Премьер-Министрі, әкімият және әкім актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну» және Қазакстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың, әкімнің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілерімен тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер белгіленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімінде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және өкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі қызметін қамтаммасыз етеді.
Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы заң актілерін, Республика, Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімияттың және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындаудың белгіленген тәртібінің орескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіпік жауапкершітікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.