О создании Межведомственной комиссии по вопросам борьбы с бедностью Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы «Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандагы № 305 қаулысына сәйкес және Кедейлікпен және жұмыссыздықпендағы күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ кедейшілікпен күрестің 2003-2007 жылдар кезеңіне арналған кешенді орта мерзімді стратегиясын дайындау мақсатында облыс әкіміяты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
Басқа 4. Комиссия мүшелері
Облысы Әкімиятының 2001 жылғы 18 қыркүйектегі № 21 қаулысына қосымша Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ҚҰРАМЫ Мұқашев Серікжан Шайзадаұлы - облыс Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Есенбаев Есімқан Қалмағамбетұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Подлесная Ирина Иннокентьевна - жүмыссыздарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және ішкі еңбек рынкі бөлімінің бастығы- комиссияның хатшысы Комиссия мүшелері Әбдібеков Нұрмұханбет Қанапияұлы - облыстық экономика басқармасының бастығы Бердімбай Амандық Сәндгерейұлы - Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы бойынша табиғи монополияны реттеу және шағын бизнесті қолдау агенттігі директорының орынбасары Бекнтаев Ұран Мұңайдарұлы - облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары Боранбаева Әлия Оспанбекқызы - облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары Жоламанов Балихан Жүсіпұлы - Ақтөбе облысы бойынша көш-қон басқармасы мемлекеттік мекемесінің директоры(келісім бойынша) Махамбетов Нұрлан Жанабекұлы - облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер одағының атқарушы директоры (келісім бойынша) Сарқұлова хабиба Дияр қызы - Қазақстан Республикасы халықтары Кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі Сартаев Есет Ағысұлы - облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Такешева Светлана Хайролла қызы - аймақтық қайырымдылық қорының директоры (келісім бойынша) Өтепбаев Аманкелді Тасеменүлы - «Микрокредит» үкіметтік емес ұйымының Ақтөбе филиалының директоры (келісім бойынша) Честнов Александр михайлович - кәсіподақтар облыстық кеңесінің хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 5
Облыс Әкіміятының 2001 жылғы 18 қыркүектегі , № 21 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - комиссия) Кедейлікпен және жүмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылу мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ Ақтөбе облысында кедейлікпен күрестің 2003-2007 жылдар кезеңіне арналған кешенді орта мерзімді стратегиясын дайындау мақсатында қүрылған. Комиссия облыстық әкімияттың жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табыдады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақслан Республикасының Президенті мен Үкіметі келісімдерін, облыс Әкімінің шешімдерін, өзге нормативтік құқықтьік келісімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары Комиссияның негізгі мікдеттері мен функциялары: елде кедейліктің өзіндік астарларын зерттеу (қала күрайтын кәсіпорындар маңындагы ша: ыч қапалар проблемалары, ауылдық жердегі кедейлік және басқалары) аз қамтылған азаматтардың жай-күйін Республиканың басқа аймақтарымен салыстыру; халықаралық көмекті талдау және оны тиімді пайдалану; аз қамтылған азаматтарды қолдау жөніндегі бар бағдарламалардың тиімділігін талдау; кедейлікпен күрес міндеттерін ескеретін және тұрғындардың кедей бөлігінің мүдделерін ескере отырып жергілікті бюджет түзу жөніндегі үсынымдар кіретін аймақтық деңгейде жоспарлау тетіктерін енгізу жөнінде, кедейлік мониторингі тетіктерін енгізу жөніндегі жүмыстарды үйымдастыру бойынша, жергілікті агқарушы органдардың Ақтөбе қаласы, облыс аудандары бойынша кедейлік проблемеларын шешумен байлачысты ақпараттық тәжірибе алысу жөнінде үсыныстар дайындау; әлеуметтік қызметтерді жетілдіру және деңгейін төмендету жөнінде үсыныстар дайындау.
Бөлім 3. З. Комиссия қүқықтары
З. Комиссия қүқықтары Комиссияның мынадай құқықтары бар:
Тармақ 1
1. Жоғары органдарға халықтық әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізу.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қызметтерді жетілдіру және кедейлік деңгейін төмендету жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар мамандарын тарта отырып, жеке мәселелер бойынша жүмыс топтарын құру.
Тармақ 3
3. Комиссия қүзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін комиссия мүшесіне кірмейтін мемлекет және ғылыми ұйымдардың жоғары білікті мамандарын тарту.
Тармақ 4
4. Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардан қажетті ақпарат сұрату.
Тармақ 5
5. Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелері отырыстарында мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдау.
Тармақ 6
6. Белгіленген тәртіппен Комиссия құрамын өзгерту туралы ұсыныс енгізу.
Бөлім 4. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру Комиссияны Төраға басқарады. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауда және ол өткізілгеннен кейін хаттамасын рәсімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметгік қорғау басқармасы Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Комиссияның отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі, қажеттілігі болса одан да көп өткізуге болады. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын комиссия мүшелерімен келісім бойынша комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ұсынымдық сипатта болады.
Бөлім 5. 5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы
5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы Комиссия қызметін тоқтатудың негіздері:
Тармақша 1
1) Комиссияның қызмет мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 2
2) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
Тармақша 3
3) бұрын комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемелекеттік органдардың немесе өзге комиссияның құрылуы; Комиссиянын жұмысын токтататын өзге мән-жағдайлар туындаған жағдайда, комиссинның жұмыс органы белгіленген тәртіппен ұсыныс жасайды; Көрсетілген тәртіп комиссия құрамына немесе функциясына өзгерістер енгізу қажеттігі болған жағдайында да қолданылады.