Об утверждении Стандарта организации оказания нейрохирургической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасында
нейрохирургиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандартын
бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1034 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Стандарт меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлердегі медициналық денсаулық сақтау ұйымдарында науқастарға нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.
Тармақ 3
3. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
Тармақша 1
1) емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - пациенттерді ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) - тәулік бойы медициналық бақыланбайтын мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
Тармақша 3
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) - тәулік бойы медициналық бақыланбайтын, адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенін қамтитын дәрігерге дейінгі немесе мамандандырылған медициналық көмек;
Тармақша 4
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Кодекстің 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес айқындалатын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсету тізбесі бойынша медициналық бірыңғай көмектің көлемі;
Тармақша 5
5) пациент - медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Тармақша 6
6) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өрістеуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдарын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 7
7) стационарлық көмек - тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну нысаны;
Тармақша 8
8) стационарды алмастыратын көмек - медициналық бақылаумен дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну нысаны.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
2. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасында нйрохирургиялық көмек «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Халыққа (ересек және бала) нейрохирургиялық көмек КДК, стационарлық, стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанында көрсетіледі.
Тармақ 6
6. МҮ медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, пациенттерді профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Консультациялық-диагностикалық деңгейдегі нейрохирургиялық көмек мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) пациенттің жай-күйін айқындау және диагноз қою мақсатында дәрігердің тексеруі;
Тармақша 2
2) нейрохирургиялық патология ауруын анықтау мақсатында пациентті зертханалық және аспаптық зерттеп-қарау;
Тармақша 3
3) анықталған нозологияға және клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес емді таңдау және тағайындау;
Тармақша 4
4) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек ұсыну үшін МҰ-ға жоспарлы емдеуге жатқызуға іріктеу және жолдау;
Тармақша 5
5) шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жаткызуға жолдау;
Тармақша 6
6) нейрохирургиялық патологиясы бар пациенттерді медициналық оңалтуға қатысу;
Тармақша 7
7) бастапқы медициналық құжаттаманы рәсімдеу және жүргізу;
Тармақша 8
8) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жасау;
Тармақша 9
9) нейрохирургиялық аурулары бар пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
Тармақша 10
10) еңбекке қабілеттілігін тұрақты жоғалту белгілері болған кезде медициналық-әлеуметтік сараптама үшін консультациялық қорытынды беру.
Тармақ 8
8. Пациенттерге КДК денсаулық сақтау ұйымында еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргізуді қамтитын медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия болған кезде профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтер түрінде ұсынылады.
Тармақ 9
9. Пациентке КДК көрсету ТМККК шеңберінде МСАК дәрігерінің немесе бейінді маманның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. КДК көрсетуге жіберу кезінде МСАК дәрігері немесе бейінді маман амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндіні ресімдейді.
Тармақ 11
11. Нейрохирургиялық аурулары бар пациенттерді республикалық деңгейде КДК алуға жіберуді облыстардың денсаулық сақтау басқармаларының өңірлік комиссиялары, ал Астана және Алматы қалаларынан - медициналық ұйымдардан жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Пациентке республикалық медициналық ұйымда КДК көрсету туралы оң шешім қабылданған кезде өңірлік комиссия республикалық деңгейде жоғары мамандандырылған консультациялық-диагностикалық көмек алуға жолдама береді.
Тармақ 13
13. Пациентке республикалық деңгейде КДК көрсетуден бас тартқан кезде өңірлік комиссия жазбаша уәжделген бас тартуды қоса бере отырып құжаттарды жіберген медициналық ұйымға қайтарады.
Тармақ 14
14. Стационарлық деңгейдегі нейрохирургиялық көмек мыналарды көздейді:
Тармақша 1
1) клиникалық хаттамаларға (бұдан әрі - КХ) сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеп-карауды өткізу;
Тармақша 2
2) емдеуші дәрігер, қажеттілігіне қарай бөлімше меңгерушісі КХ-ға сәйкес емді таңдап және тағайындап, кейін дәрігерлік тағайындауларды ұйымдастыру және орындау;
Тармақша 3
3) дәрігердің күнделікті тексеруі (егер басқа мерзімділік көзделмеген болса), емді түзету;
Тармақша 4
4) түскен кезде және одан әрі - кемінде аптасына бір рет бөлімше меңгерушісінің тексеруі;
Тармақша 5
5) басқа да бейінді мамандардың консультацияларын өткізу (көрсетілімдер болған кезде);
Тармақша 6
6) құжаттаманы ресімдеумен және пациенттің қолына амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндіні берумен пациентті шығару;
Тармақша 7
7) бастапқы медициналық құжаттаманы ресімдеу және жүргізу.
Тармақ 15
15. Тәулік бойы медициналық бақылаумен мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде, нейрохиругиялық аурулары бар пациенттер Портал арқылы құрамында стационарлық нейрохирургиялық бөлімшелері, палаталары (төсектері) бар медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызылады.
Тармақ 16
16. ТМККК шеңберінде пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу:
Тармақша 1
1) МСАК немесе өзге медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша;
Тармақша 2
2) жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан, шұғыл көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Мамандандырылған медициналық көмекті арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар мен жай-күйлерді профилактикалауды, диагностикалауды, емдеуді, сондай-ақ медициналық оңалтуды қамтитын стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда нейрохируг дәрігерлер көрсетеді.
Тармақ 19
19. Жоғары мамандандырылған көмекті стационарлық жағдайларда нейрохирург дәрігерлер көрсетеді және инновациялық, аз инвазиялық, арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар мен жай-күйлерді диагностикалауды, емдеуді, сондай-ақ медициналық оңалтуды қамтиды.
Тармақ 20
20. Стационарлық жағдайларда мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету аяқталғаннан кейін пациентке амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді беріледі.
Тармақ 21
21. Нейрохирургиялық аурулары және орталық және шеткі нерв жүйесінің жарақаттары бар науқастар медициналық көрсетілімдер болған кезде оңалту іс-шараларын өткізу үшін мамандандырылған медициналық және санаторийлік курорттық ұйымдарға жіберіледі.
Тарау 3. 3. Шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
3. Шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 22
22. Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу ТМККК шеңберінде МСАК, медициналық ұйымдар мамандарының жолдамасы, жедел медициналық жәрдемнің жолдамасы бойынша, өзінің жүгінуі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Шұғыл нейрохирургиялық көмек, оның ішінде балаларға, қажеттілігіне қарай құрамында хирургиялық бейіндегі бөлімшесі бар кез келген медициналық ұйымда көрсетіледі.
Тармақ 24
24. Шұғыл нейрохирургиялық көмек нейрохирург дәрігер көрсетеді. Нейрохирургиялық патологияның салдарынан пациенттің өміріне анық қауіп төнген және аз уақыт ішінде тиісті маманды тарту мүмкін болмаған жағдайларда шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсету бойынша даярлықтан өткен хирургиялық бейіндегі мамандардың шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсетуіне рұқсат етіледі.
Сондай-ақ балаларға шұғыл нейрохирургиялық көмекті (ересектер) нейрохирург дәрігердің; ересектерге - (балалар) нейрохирург дәрігердің көрсетуіне рұқсат етіледі.
Тармақ 25
25. Шұғыл нейрохирургиялық көмек мына жағдайлар кезінде көрсетіледі:
Тармақша 1
1) бассүйек-ми жарақаты (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бассүйекті декомпрессиялық тесу (трепанация), бассүйектің батыңқы сынықтарын алғашқы хирургиялық өңдеу, бассүйекішілік қысымның құрылғысын орнату, вентрикулярлы ликворды дренаждау);
Тармақша 2
2) бассүйекішілік жарақаттық емес қан құйылулар (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бассүйекті декомпрессиялық тесу (трепанация): гемикраниоэктомия, бассүйекті қос маңдайлық декомпрессиялық тесу (трепанация), артқы бассүйек шұңқырын декомпрессиялық тесу (трепанация); вентрикулярлық ликворды дренаждау, бассүйекішілік қысымның құрылғысын орнату, қажеттілігіне қарай басқа да операциялар);
Тармақша 3
3) ишемиялық инсульт - бассүйекті декомпрессиялық тесу (трепанация), эндоваскулярлық тромбэктомия;
Тармақша 4
4) омыртқа-жұлын жарақаты (жұлынның жаншылуын жою, омыртқа-қозғалыс сегментін орнықты ету);
Тармақша 5
5) омыртқа бағанының дегенеративтік зақымдары (жұлынның жаншылуын жою);
Тармақша 6
6) мидың ісігі (мидың өмірге қауіп төндіретін жылжуы (дислокациясы) кезінде ісікті алып тастау, вентрикулярлық ликворды дренаждау, бассүйекті декомпрессиялық тесу (трепанация);
Тармақша 7
7) ОНЖ қабыну аурулары (мидың, жұлынның абсцесін алып тастау, дренаждау);
Тармақша 8
8) орталық нерв жүйесінің туа біткен патологиясы (жұлын жарығының жарылуы кезіндегі операциялар);
Тармақша 9
9) босану кезіндегі орталық нерв жүйесінің жарақаттары (бассүйекішілік гематомаларды алып тастау, бассүйек жабындарының гематомаларын алып тастау).
Тарау 4. 4. Нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру белгілі бір нозологиялық бағдарыда
4. Нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру белгілі бір нозологиялық бағдарыда
Тармақ 26
26. Мынадай нозологиялық нысандар бойынша нейрохирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру:
Тармақша 1
1) бассүйек-ми жарақаты (көрсетілімдер болған кезде) - аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (өңірде нейрохирургиялық бөлімше болмаған кезде) немесе қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызу.
Қажеттілігіне қарай, аудандық ауруханадан қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне ауыстыру.
Жеңіл бассүйек-ми жарақаты бар пациенттер нейрохирург дәрігердің консультациясы және компьютерлік томография (көрсетілімдер болған кезде) өткізу үшін, «нейрохирургия» (ересектер, балалар) бейіні бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі.
Стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін көрсетілімдер болған кезде науқастар нейрохирургиялық бөлімшеге немесе, ондай бөлімше болмаған кезде, неврология немесе травматология бөлімшесіне жіберіледі.
«Нейрохирургия» (ересектер, балалар) бейіні бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуге көрсетілімдер болмаған кезде жеңіл бассүйек-ми жарақаты бар науқастарға медициналық көмекші амбулатория жағдайында нейрохирург дәрігер, нейрохирург дәрігер болмаған кезде - нейрохирург дәрігердің немесе невролог дәрігердің ұсынымдарын ескере отырып учаскелік терапевт дәрігер, учаскелік педиатр-дәрігер, жалпы практика дәрігері (отбасылық дәрігер) көрсетеді.
Орташа ауырлықтағы және ауыр дәрежедегі бассүйек-ми жарақаты бар пациенттер стационарлық жағдайларда медициналық көмек алу үшін «нейрохирургия» (ересектер, балалар) бейіні бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға жіберіледі.
Балалардағы бассүйек-ми жарақаты кезінде - аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (өңірде нейрохирургиялық бөлімше болмаған кезде) немесе қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу.
Қажеттілігіне қарай аудандық ауруханадан қалалық, облыстық ауруханаға ауыстыру;
Тармақша 2
2) омыртқа-жұлын жарақаты (көрсетілімдер болған кезде) - аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (өңірде нейрохирургиялық бөлімше болмаған кезде) немесе қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне емдеуге жатқызу.
Медициналық көрсетілімдер болған кезде - аудандық ауруханадан қалалық, облыстық ауруханалардың нейрохирургиялық бөлімшесіне, «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ-қа (бұдан әрі - НҰО) емдеуге жатқызу;
Тармақша 3
3) балалардағы омыртқа-жұлын жарақаты кезінде - аудандық аурухананың хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (өңірде нейрохирургиялық бөлімше болмаған кезде) немесе қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу.
Қажеттілігіне қарай аудандық ауруханадан қалалық, облыстық ауруханаға, НҰО-ға ауыстыру;
Тармақша 4
4) орталық нерв жүйесінің босану кезіндегі жарақаттары - өмірге анық қауіп төнген және тасымалдау мүмкіндігі болмаған кезде медициналық босандыру ұйымдарында шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсету.
Қажеттілігіне қарай (көрсетілімдер болған кезде) қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшелеріне емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология жэне ортопедия) емдеуге жатқызу;
Тармақша 5
5) орталық нерв жүйесінің туа біткен патологиясы - өмірге анық қауіп төнген және тасымалдау мүмкіндігі болмаған кезде медициналық босандыру ұйымдарында шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсету.
Қажеттілігіне қарай (көрсетілімдер болған кезде) қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшелеріне, НҰО-ға емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу;
Тармақша 6
6) омыртқа бағанының дегенеративті зақымдары, мидың және жұлынның тамыр аурулары, мидың ісіктері (көрсетілімдер болған кезде) - нейрохирургиялық операция үшін қалалық, облыстық аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесіне, НҰО-ға емдеуге жатқызу.
Онкологиялық генездегі нейрохирургиялық ауруға күдіктенген кезде және хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болған кезде пациент нейрохирургиялық бөлімшеге жіберіледі, ал хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болмаған кезде пациент емдеудің одан арғы тәсілін айқындау үшін онкологиялық диспансерге жіберіледі.
Онкологиялық генездегі нейрохирургиялық ауру болған кезде пациентті емдеу және бақылау дәрігер-мамандардың: онкология мәселелері бойынша даярлықтан өткен нейрохирург-дәрігердің және онколог дәрігердің өзара іс-қимылының негізінде жүзеге асырылады.
Нейрохирургиялық аурулары бар науқастар үшін мамандандырылған онкологиялық ем (сәулелік терапия, химиотерапия) жүргізу «онкология» (ересектер, балалар) бейіні бойынша көмек көрсететін медиңиналық ұйымдарда жүзеге асырылады;
Тармақша 7
7) балалардағы омыртқа бағанының дегенеративті зақымдары, мидың және жұлынның тамыр аурулары - нейрохирургиялық операция үшін қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне, НҰО-ға емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу;
Тармақша 8
8) балалардағы орталық нерв жүйесінің ісіктері - шұғыл медициналық көмек көрсету үшін (мидың қарыншалық жүйесін сыртынан дренаждау, вентрикулоперитонеостомия, эхинококк жылауығын алып тастау және қажеттілігіне қарай басқа да операциялар) қалалық, облыстық аурухананың балалар нейрохирургиясы бөлімшесіне емдеуге жатқызу.
Балалар нейрохирургиясы бөлімшелері болмаған кезде шұғыл медициналық көмек көрсету үшін балалар стационарының нейрохирургиялық төсектері бар хирургиялық бейіндегі бөлімшесіне (травматология және ортопедия) емдеуге жатқызу.
Емнің негізгі кезеңін өткізу үшін (мидың және жұлынның ісігін алып тастау бойынша жоспарлы операция) НҰО-ға емдеуге жатқызу. Мидың ісіктері бар балаларды НҰО деңгейінде емдеу тәсілін құрамында «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ нейрохирург дәрігері (балалар), невропатолог дәрігері (балалар), онколог дәрігері (балалар) бар мультитәртіптік бригада шешеді.