Об утверждении Методики определения предельных уровней цен (тарифов) на услуги по перевозке пассажиров по социально значимым сообщениям Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі бекітілсін
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _______________ Е. Досаев 2015 жылғы 17 қараша «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 30 желтоқсан
Басқа 9. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) динамикалық тарифтік реттеудің арттыру және төмендету коэффициенттері кестесі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын пойыздарда билетті сатып алу кезеңіне және пойыздың жүктелу деңгейіне байланысты жол жүру бағасына (тарифіне) қолданылатын төмендету, базалық және арттыру коэффициенттері көрсетілген кесте;
Тармақша 2
2) жайлылық деңгейі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын поездарда вагонның техникалық жабдықталуын, жол жүру барысындағы қосымша сервистік қызметтерді және жолаушылардың жол жүруінің басқа да жағдайларын есепке ала отырып жасалған жол жүру жағдайлары;
Тармақша 3
3) жолаушылар жол жүру бағасының (тарифінің) деңгейі – «Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) көзделген алымдарды есепке алмағанда, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын поездардағы жолаушының жөнелту станциясынан тағайындау станциясына дейінгі жол жүру бағасы (тарифі);
Тармақша 4
4) МВЖҚ – электр пойыздары мен дизель пойыздарын қамтитын моторвагонды жылжымалы құрам;
Тармақша 5
5) тарифтің плацкарттық бөлігі – «Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау тарифтері туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 24 ақпандағы № 203 қаулысының (бұдан әрі – Қаулы) 3-тармағына сәйкес жолаушының жүру қашықтығына және вагон типіне байланысты плацкарттық бөліктің Мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің тиісті ставкалары негізінде белгіленген тарифтің бөлігі;
Тармақша 6
6) тарифтің билеттік бөлігі – Қаулының 3-тармағына сәйкес жолаушының жүру қашықтығына, пойыз санатына және вагон типіне байланысты билеттік бөліктің Мемлекетаралық жолаушылар базалық тарифінің тиісті ставкалары негізінде белгіленген тарифтің бөлігі;
Тармақша 7
7) тасымалдаушы – жүк немесе жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметін жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетілген, тартқыш көлік құралдарын қоса алғанда, жылжымалы құрамға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға;
Тармақша 8
8) уәкілетті орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 9
9) шарт – уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және тасымалдаушы арасында жасалған, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау туралы шарт.
Тармақ 3
3. Осы Әдістеме әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін есептеу кезінде қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін пойыздарда жолаушылардың жол жүру құнын есептеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін пойыздарда жолаушылардың жол жүру құнын есептеу тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін әрбір пойыз бойынша (құрамдастыру станциясынан айналым станциясына дейін) жолаушылар вагондарының түрлері, электр және дизель пойыздары бөлінісінде айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады: Ртарифтердің шекті деңгейі=Ртариф*Кбағаны көтеру мұндағы, Ртарифтердің шекті деңгейі – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейі, жолаушылар вагондарының түрлері мен электр-дизель пойыздары бойынша бөліністе. Ртариф – әрбір пойыздың әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне арналған баға (тариф) (құрамы станциясынан айналым станциясына дейін), жолаушылар вагондарының түрлері мен МВПС вагондарының сыныптары бойынша, осы Әдістеменің 6 және 7-тармақтарына сәйкес есептелген. Рбағаны көтеру – әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтері үшін тарифтердің бағаны көтерудің шекті деңгей коэффициенті.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің тарифтерін шекті деңгейде көтеру коэффициенті (бағаның немесе тарифтің шекті деңгейін анықтау үшін) келесі формула бойынша есептеледі: Кбағаны көтеру=((Rтасымалдаушы- Dтасымал- Nбек.бюдж.)/Dтасымал)+1 мұндағы: Kбағаны көтеру – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаларды (тарифтерді) арттырудың шекті деңгейінің коэффициенті; Rтасымалдаушы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі) сәйкес есептелген тасымалдаушының шығыстары; Dтасымал – әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) өсуін есепке алмағанда Субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне сәйкес есептелген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер; Nбек.бюдж. – «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдарды субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидиялар сомасы.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік маңызды облыстық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңы қатынастардағы жолаушылар тасымалдау қызметтері үшін баға (тариф), әрбір поездің әлеуметтік маңызды бағыттардағы жолаушыларды тасымалдау қызметтері бойынша тарифтің шекті деңгейін анықтау үшін, жолаушылар вагондарының түрлері бойынша келесі формула бойынша есептеледі: Ртариф =(Рбил*Кжайл+Рплацк*Кжайл)*Rшв.фр*Rққс *К1...n*Корын*Кдтб мұндағы, Ртариф – есепті кезеңде әрбір пойыз бойынша (құрамы станциясынан айналым станциясына дейін) әлеуметтік маңызды облыстық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау қызметтері үшін жолаушылар вагондарының түрлері бойынша баға (тариф); Рбил – тарифтің билет бөлімі; Рплацк – тарифтің плацкарт бөлімі; Кжайл – осы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген, жолаушылар вагондарының жайлылықтың тарифтік коэффициенттері кестесіне сәйкес коэффициенті; Rшв.фр. – 2002 жылғы 1 қазанға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ресми курс бойынша швейцар франкінің теңгеге айырбастау бағамы; Rққс – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі; К1…n – 1995 жылдан бастап, Қаулының 4-тармағына сәйкес және жасалған Келісімнің шарттарына өзгерістерді ескере отырып белгіленген индексация коэффициенті; Корын – осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес вагондағы орындардың орналасуына байланысты төмендету және арттыру коэффициенті; Кдтб – осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылату және төмендету коэффициенті. Бұл ретте тасымалдаушы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес динамикалық тарифтік басқарудың төмендететін және жоғарылататын коэффициенттерін қолдану туралы шешімді дербес қабылдайды. Мұндай шешім қабылданған жағдайда, аталған коэффициенттер динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылататын және төмендететін коэффициенттері кестесінде көзделген барлық кезеңдер мен жүктеме деңгейлеріне толық көлемде қолданылады. Динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылататын және төмендететін коэффициенттері кестесінің жекелеген коэффициенттерін ішінара немесе таңдамалы түрде пайдалануға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаның (тарифтің) шекті деңгейін айқындау үшін әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін жолаушыларды МВЖҚ тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағаның (тарифтің) деңгейі мынадай формула бойынша есептеледі: Ртариф=Рқаламаңы тарифі*L*Rққс* Кжайл.1…n мұндағы, Ртариф – әлеуметтік маңызы бар облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы қатынастар бойынша жүретін жолаушыларды МВЖҚ-да тасымалдау жөніндегі қызметтердің бағасы (тариф); Рқаламаңы тарифі – МВЖҚ жолаушыларының 1 километрге арналған тарифі, 4,14 теңге мөлшерінде; L – жолаушының жүру қашықтығы; Сонымен қатар, жолаушының жүріс қашықтығы барлық жағдайларда толық 10 км-ге дейін дөңгелектеледі. Егер жолаушы 10 км-ден аз жүрсе, есептік қашықтық ретінде 10 км қабылданады; Rққс – Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес белгіленген қосылған құн салығының мөлшерлемесі; Кжайл 1…n – Шартқа енгізілген өзгерістерді ескере отырып осы Әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес Облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық), қала маңындағы қатынастарда жүретін МВЖҚ пойыздарындағы жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесіндегі коэффициенті.
Басқа 1. Динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылату және төмендету коэффициенттерінің кестесі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 1-қосымша Динамикалық тарифтік басқарудың жоғарылату және төмендету коэффициенттерінің кестесі % орындарды иелену Кезең шекаралары (жөнелтуге дейінгі күндер) 45-40 39-30 29-20 19-15 14-9 8-5 4-2 1 0 0-10% 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 11-20% 0,80 0,85 0,85 0,85 0,85 0,85 0,85 0,85 0,85 21-30% 0,90 0,95 0,95 0,95 0,95 0,95 0,95 0,95 0,95 31-40% 0,95 1,00 1,00 1,05 1,05 1,05 1,10 1,10 1,10 41-50% 1,00 1,05 1,05 1,10 1,10 1,10 1,05 1,05 1,05 51-60% 1,10 1,10 1,10 1,15 1,15 1,15 1,15 1,10 1,10 61-70% 1,15 1,15 1,15 1,20 1,20 1,20 1,20 1,20 1,15 71-80% 1,20 1,20 1,20 1,20 1,20 1,25 1,25 1,20 1,20 81-90% 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,20 1,20 91-100% 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 % орындарды иелену Кезең шекаралары (жөнелтуге дейінгі күндер) 45-40 39-30 29-20 19-10 9-5 4-2 1-0 0-10% 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,75 0,80 11-20% 0,75 0,80 0,80 0,80 0,75 0,80 0,85 21-30% 0,80 0,80 0,80 0,80 0,80 0,90 0,90 31-40% 0,85 0,85 0,85 0,90 0,90 0,95 0,95 41-50% 0,90 0,95 0,95 0,95 0,95 1,00 1,00 51-60% 0,95 0,95 1,00 1,00 1,05 1,05 1,10 61-70% 1,00 1,00 1,05 1,10 1,10 1,10 1,10 71-80% 1,10 1,10 1,10 1,15 1,15 1,15 1,15 81-90% 1,15 1,15 1,20 1,20 1,20 1,20 1,20 91-100% 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25 1,25
Басқа 2. Жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 2- қосымша Жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі р/с № Ва­гон тү­рі/ кла­сы Жай­лы­лық дең­гейі Шек­ті ко­эф­фи­ци­ент мөл­ше­рі Би­лет бө­лі­гіне Плац­карт бө­лі­гіне 1 Гранд PMR/ 2 сы­нып класс 2 орын­дық ку­пе, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ку­пе­нің бо­луы, әр­бір ку­пе­де душ, кон­ди­ци­о­нер, эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на ке­ше­ні, ва­гон­да бө­тел­ке­де­гі суы бар диспен­сер­лер және т. б., кон­струк­ци­я­лық мүм­кін­дік­тер­ге бай­ла­ны­сты то­ңа­зыт­қыш пен мик­ро­тол­қын­ды пеш­тің бо­луы 2,18 2,19 2 Ту­рист/ 2 класс 4 орын­дық ку­пе, жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре­лер­мен(тө­мен­гі орын­дық­тар төрт орын­дық­қа ай­на­ла­ды)/жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре­лер­мен және 2 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре­лер­мен, жал­пы және жер­гі­лік­ті электр жа­ры­ғы­мен, ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен, эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на­лар­мен жаб­дық­тал­ған 1,5 1,53 3 Оты­ра­тын ва­гон/ 2 класс же­ке крес­ло­лар­мен, же­ке жа­рық­тан­ды­ру­мен, ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған сы­нып­ты оты­ру­ға ар­нал­ған орын­да­ры бар ва­гон 1,5 1,5 4 «CHARMEWS» ва­го­ны/Ку­пе/ 2 класс 4 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре­сі 10 шы­ға­на­ғы бар ва­гон ар­найы ба­гаж орын­да­ры­мен, ауыз суық/ыстық су­мен жаб­дық­тау диспен­се­рі­мен, жал­пы электр жа­ры­ғы­мен, ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен, ауы­спа­лы үстел­де­рі бар екі эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на ке­ше­ні­мен, бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған, әр орын же­ке электр жа­ры­ғы­мен, электр ро­зет­ка­ла­ры­мен және ұя­лы те­ле­фон­дар­ды за­ряд­та­у­ға ар­нал­ған USB порт­та­ры­мен жаб­дық­тал­ған. құ­ры­л­ғы­лар, бас ті­рек­тер­ге ар­нал­ған по­ди­ум, тө­мен­гі орын­дар төрт орын­дық­қа ай­на­ла­ды, сө­ре­лер­ді бір-бі­рі­нен тәу­ел­сіз бас­қа­ру­ға бо­ла­ды 1,5 1,5 5 CHARMEWSb ва­го­ны/Ку­пе/ 2 класс (ку­пе тү­рін­де­гі, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі адам­дар­ға ар­нал­ған орын­да­ры бар) 2 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре 1 бө­лім, 4 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре 4 бө­лім, ар­найы ба­гаж орын­да­ры­мен, ауыз суық/ыстық су бе­ру диспен­се­рі­мен, жал­пы электр жа­ры­ғы­мен, ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен, ауы­сты­ра­тын үстел­де­рі бар екі эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на ке­ше­ні­мен, жүй­е­мен жаб­дық­тал­ған бей­не­ба­қы­лау, әр орын же­ке электр шам­да­ры­мен, электр ро­зет­ка­ла­ры­мен және мо­биль­ді құ­ры­л­ғы­лар­ды за­ряд­та­у­ға ар­нал­ған USB порт­та­ры­мен, бас ті­рек­тер­ге ар­нал­ған по­ди­у­м­мен жаб­дық­тал­ған, тө­мен­гі орын­дар төрт орын­дық­қа ай­на­ла­ды, сө­ре­лер­ді бір-бі­ріне тәу­ел­сіз бас­қа­ру­ға бо­ла­ды 1,5 1,5 6 CHARMEWL ва­го­ны/ Плац­карт/ 3 класс 4 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын сө­ре­лер­мен 10 бө­лік және 2 жи­нал­ма­лы ұй­ық­тай­тын бүй­ір­лік сө­ре­лер­мен 9 бө­лік, ар­найы ба­гаж орын­да­ры­мен, ауыз суық/ыстық су­мен жаб­дық­тау диспен­се­рі­мен, жал­пы электр жа­ры­ғы­мен, ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен, ауы­спа­лы үстел­де­рі бар екі эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на ке­ше­ні­мен, бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған, әр орын же­ке электр жа­ры­ғы­мен, электр ро­зет­ка­ла­ры­мен жаб­дық­тал­ған және мо­биль­ді құ­ры­л­ғы­лар­ды қай­та за­ряд­та­у­ға ар­нал­ған USB порт­та­ры 1,5 1,5 7 Ку­пе/ 2 класс Плац­карт/ 3 класс жал­пы және же­ке электр жа­ры­ғы­мен, же­ке ра­дио нүк­те­сі­мен, жел­де­ту жүй­е­сі­мен, ыстық және суық ауыз су ыдыс­ы­мен, эко­ло­ги­я­лық та­за дә­рет­ха­на­лар­мен, сон­дай-ақ ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған, жа­ту­ға ар­нал­ған қат­ты орын­да­ры бар 4 орын­дық ку­пе­сі бар ва­гон 1,2 1,2 8 Ку­пе/ 2 класс Плац­карт/ 3 класс жал­пы және же­ке электр жа­ры­ғы­мен, же­ке ра­дио нүк­те­сі­мен, жел­де­ту жүй­е­сі­мен, ыстық және суық ауыз су ыдыс­ы­мен, сон­дай-ақ ауа­ны бап­тау жүй­е­сі­мен жаб­дық­тал­ған, жа­ту­ға ар­нал­ған қат­ты орын­да­ры бар 4 орын­дық ку­пе­сі бар ва­гон 1,1 1,1 9 Ку­пе/ 2 класс Плац­карт/ 3 класс жал­пы және же­ке электр жа­ры­ғы­мен, же­ке ра­дио нүк­те­сі­мен, жел­де­ту жүй­е­сі­мен, ыстық және суық ауыз су ыдыс­ы­мен жаб­дық­тал­ған, жа­ту­ға ар­нал­ған қат­ты орын­да­ры бар 4 орын­дық ку­пе­сі бар ва­гон 1,0 1,0
Басқа 3. Вагондағы орындардың орналасуына байланысты төмендету және арттыру коэффициенттерінің кестесі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 3- қосымша Вагондағы орындардың орналасуына байланысты төмендету және арттыру коэффициенттерінің кестесі р/с № Вагон түрі Вагондағы орындардың орналасуы Коэффициент мөлшері 1 Гранд PMR Төменгі орын 1,1 Жоғарғы орын 0,9 2 Турист Төменгі орын 1,1 Жоғарғы орын 0,9 3 Купе Төменгі орын 1,1 Жоғарғы орын 0,9 4 Плацкарт Төменгі бүйірлік емес орын 1,15 Жоғарғы бүйірлік емес орын 0,95 Соңғы бөлімде бүйірлік емес төменгі орын 1,1 Соңғы бөлімде бүйірлік емес жоғарғы орын 0,9 Төменгі бүйірлік орын 1,1 Жоғарғы бүйірлік орын 0,9 Соңғы бөлімдегі бүйірлік төменгі орын 1,0 Соңғы бөлімдегі бүйірлік жоғарғы орын 0,8 Үшінші сөре 0,8
Басқа 4. Облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық), қала маңындағы қатынастарда жүретін МВЖҚ пойыздарындағы жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындау әдістемесіне 4- қосымша Облысаралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық), қала маңындағы қатынастарда жүретін МВЖҚ пойыздарындағы жайлылықтың тарифтік коэффициенттерінің кестесі р/с № Вагон класы Коэффициент мөлшері Ауданаралық (қалааралық облысішілік), қала маңындағы қатынас 1 1 класс 1,71 2 2 класс 1,59 3 3 класс 1,33 Облысаралық қатынас 4 1 класс 1,56 5 2 класс 1,46 6 3 класс 1,21