О кредитовании бизнес-проектов для развития малого предпринимательства на местном уровне Қолданыста
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамытудың бизнес-жобаларын несиелеу туралы
«Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «2001 жылы шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамыту үшін берілетін несиелеуге бюджеттік несиелер бөлу Ережелері» бекітілсін. (Жалғанды)
Тармақ 2
2. «Шағын кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде дамытуға арналған несиелеу» бағдарламасының әкімгері болып облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Ким Г.З.) белгіленсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (Ким Г.З.), облыстық қаржы басқармасы (Әжіғалиева А.Т.) қарыз алушы банктің несиелік келісімнің шарттарын орындауды бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ғ. Ерғалиевке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2001 ж.
18 маусымдағы № 224
шешіміне қосымша
Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту үшін 2001 жылы бюджеттік несиелер беру ЕРЕЖЕЛЕР
Осы Ережелер «Бюджеттік жүйе туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заң күші бар Жарлығына, «Мемлекеттік және кепілдікпен қарыз алу мен борыш туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1140 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесін бекіту туралы», 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 478 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1440 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді және 133 272 8000 « Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуға несиелеу» бағдарламасы деігейде бюджеттік несиелер беру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы шарттар
1. Жалпы шарттар
Тармақ 1
1. Осы Ережелер мынадай ұғымдар қолданылды:
несие беруші – жергілікті атқарушы органы атынан облыс әкімі немесе оны алмастыратын тұлға;
- бағдарламаның әкімгері – облыс әкімінің шешімімен тағайындалған облыстық экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы;
Банк-қарызалушы – түпкі қарызалушыларды одан әрі несиелеу үшін бюджеттік несиелерді алуға және Ұлттық банктің тізбесінде көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;
бюджеттік несие – несие берушілердің облыстық бюджеттен мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартымен берілетін ақша;
бюджеттік несие бойынша берешек – белгілі бір күнге бюджеттік несиенімөтеу және оған қызмет көрсету кестесіне сәйкес қарыз алушы төлемеген төлемдер сомасы;
қарыз алушы – банк – қарыз алушы банк немесе түпкі қарыз алушы;
түпкі қарыз алушы – заңды немесе жеке тұлға, банк – қарыз алушы арқылы бюджеттік несие алушы.
Тармақ 2
2. Бюджеттік несиелендіру жергілікті атқарушы органдармен тиісті жылға қабылдаған жергілікті бюджеті болып табылады және банк – қарыз алушыларға бюджеттік несиелерді түпкі қарыз алушыға кейіннен беру тұру жолымен жүзеге асырылады.
Бюджеттік несиелер беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес несие шарттарымен ресімделеді.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттік ақша есебінен бюджеттік несиелер беру туралы несиелік шарттар (келісімдер) жасасу жергілікті атқарушы орган атынан- облыс әкімі немесе оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Бюджеттік несиелендіру бағыттары
2. Бюджеттік несиелендіру бағыттары
Тармақ 4
4. Бюджеттік несиелер нысаналы болып табылады және «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамытуды несиелендіру» 133 272 80 00 Бағдарламасында көзделген бағыттар бойынша және тиісті қаржы жылына облыстық Мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендірудің негізгі бағыттары шағын кәсіпкерлікті қолдаудың бағдарламаларын орындау болып табылады.
Тарау 3. 3. Бюджеттік несиелердің түрлері мен нысандары
3. Бюджеттік несиелердің түрлері мен нысандары
Тармақ 6
6. Бюджеттік несиелендіру процесінде: несие берушілер мен банк – қарыз алушылар; банк қарыз алушылар мен түпкі қарыз алушы арасында несиелік шарттар жасалады.
Тармақ 7
7. Бюджеттік несиелендірудің берілу нысанына қарай несие беру кестесіне сәйкес қарыз алушы банк есепшотына бюджеттік несие сомасын мерзім сайын аудару жолымен несие беріледі
Тармақ 8
8. Бюджеттік қаржылар шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын несиелеуге қайтарымдылық негізінде, орта мерзімдік несиелер түрінде 2 жыл мерзімге беріледі.
Тармақ 9
9. Жекелеген жағдайларда несиелендіру кезінде борыштың негізгі сомасын 3 жыл мерзімге дейін өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңілдік кезеңі берілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Бюджеттік несиелер ұлттық валютамен беріледі;
Тармақ 11
11. Бюджеттік несиелер несие берушімен белгіленген сыйақының құбылмалы (өзгермелі) мөлшерлемесімен беріледі;
Тармақ 12
12. Бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттары болып табылады:
- несиелерді шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағыттау;
-бюджеттік несиелендіру кезінде қарыз алушыларға қойылатын талаптарды сақтау;
- бюджеттік несиелендіру үшін несие берудің белгіленген нысандарын қолдану;
- несиелердің қайтарылымдылығын қамтамасыз ету.
Тарау 4. 4. Банк – қарыз алушыға бюджеттік несиелер берудің тәртібі мен шарттары
4. Банк – қарыз алушыға бюджеттік несиелер берудің тәртібі мен шарттары
Тармақ 13
13. Бағдарлама әкімгері банк – қарыз алушыға қойылатын талаптарды белгілейді;
Банк – қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:
Бұрын республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен алынған несиелер бойынша берешектің болмауы;
Конкурс өткізу күнінің алдындағы соңғы үш ай ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтерінің сақталуы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген жарғылық және өз меншігіндегі капиталдың ең аз мөлшері лимиттерінің сақталуы;
Бюджеттік несиелерді уақытылы қайтару жөнінде тиісті қамтамасыз етудің болуы.
Тармақ 14
14. Бағдарлама әкімгері екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банк – қатысушылар) арасында нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде несиелер алуға арналған конкурс өткізу үшін қойылатын талаптарды қоса бере отырып, олар бойынша сұрау салуларды Қазақстан Республикасының «Ұлттық Банкіне жібереді.
Тармақ 15
15. Бағдарламаның әкімшілігі тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оң қорытындысы бар банк – қатысушылар арасында өтінімдерді берудің мерзімін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына сәйкес нақты бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде олардың несиелер алуы үшін конкурс жариялайды.
Тармақ 16
16. Банк – қатысушылар бағдарламаның әкімшілігі анықтаған конкурс өткізу мерзімдерінде олардың бюджеттік несиелерді алу және оларды нақты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шаңберінде түпкі қарыз алушыларды несиелендірудің жүзеге асыру шарттары бойынша құжаттарды растайтын қосымшаны ұсына отырып, конкурсқа қатысуға өтініш береді.
Тармақ 17
17. Құжаттарды қарау және конкурсқа жіберілген қатысушы – банктер арасынан – қарыз алушыны іріктеу үшін бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісті несиелендіру және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында банк – қатысушылардң өтінімдерін қарауды және оларды іріктеуді мыналарды ескеріп жүргізеді:
Бюджеттік несиелендіруге байланысты шығыстардың ең төменгі деңгейін;
қамтамасыз ету сапасын (көлемі, нысаны, өтімділігі);
банктердің несиелік қоржынының өтімділігі деңгейін;
банктердің меншікті капиталының көлемін;
несиелендіру саласндағы банктердің жұмыс тәжірибесін.
Тармақ 18
18. Конкурстың нәтижесі бойынша бағдарламаның Әкімгері банк – қарыз алушы, шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда олардың қатысу шарттары мен деігейі анықтау туралы облыс әкімінің шешімінің жобасын белгіленген тәртіппен ұсынады.
Тармақ 19
19. Жергілікті атқарушы органының атынан облыс әкімі мен немесе оны ауыстырушы тұлғамен банк – қарыз алушымен бүрлесіп облыс әкімнің шешіміне сәйкес несие шарттары мен оларға байланысты облыстың бюджетте бекітілген жылдық сомалар шнгінде құжаттар (кепіл туралы шарт, кепілдік, төлемдердің кестелері мен басқалар) жасау жүргізіледі.
Жасалған несиелік шарттар жасалған күнен бастап үш күндік мерзімде жергілікті бюджеттің ақшасы есебінен бюджеттік несиелер бойынша облыстық Қазынашылық басқармасының тіркеуіне жатады.
Жергілікті бюджетті нақтылау нәтижесінде жылдық сома өзгерген жағдайда несиелік келсім-шарттардың сомасы көрсетілген несиенділендіру бөлігі өзгертуге және облыстық Қазынашылық басқармасында түркеуден өткізілуге жатады.
Конкурс комиссиясы теріс шешім қабылдаған жағдайда бағдарламаның әкімгері конкурсты қайта өткізуді ұйымдастырады.
Тармақ 20
20. Несие беруші банк – қарыз алушыға жоба құнындағы өзінің несиелік ресурстарының 1% сыйақы мөлшерлемесі бойынша береді.
Банк – қарыз алушы несие берушінің алдында толықтай жауап береді және несиелеу жобасында несие ресурстары есебінде пайдаланылатын бюджет қаржысының қайтарылуына Банктің корреспонденттік есебіне түсетін қаржы-кестесіне сәйкес түпкі-қарыз алушының өзара есептесу жағдайына тәуелсіз өз кепілдігін береді.
Банк-қарыз алушы несиелік ресурсындағы өз үлесін Бас банкімен келісілген мөлшерлеме бойынша жобаны қосымша қаржыландыруға құқықты.
Тармақ 21
21. несиелік шарт тіркелгеннен кейін бағдарлама әкімгерінің өтінімі негізінде облыстық қаржы басқармасы несие қаражатын бюджеттік есеп-шоттан Қазынашылық басқармасындағы бағдарлама әкімгерінің есеп-шотына есепке алуды жүргізеді, аударады және бағдарлама әкімшгері банк – қарыз алушының есеп-шотына аударады.
Тармақ 22
22. Несиелік шартта міндетті тәртіппен бюджеттік несиелеудің мына шарттарын ескерген жөн.
Тармақша 1
1) сандық көлемі мен алу сыйпатын;
Тармақша 2
2) несие сомасын;
Тармақша 3
3) несие беру және қайтару мерзімдерін;
Тармақша 4
4) банк-қарызалушының түпкі қарыз алушыны несиелендіру шарттарын;
Тармақша 5
5) сыйақы есептеудің тәртібі мен мөлшерлемесін;
Тармақша 6
6) тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 7
7) келісім-шарт талабын орындамаған кездегі айыппұлдарын;
Тармақша 8
8) дау-дамайды шешу тәртібін;
Тармақша 9
9) келісім-шарттың қолданылу мерзімін;
Тармақша 10
10) бюджеттік несилендіру кезінде туындайтын талаптардың барлық дау-дашайлар мен алауыздықтар жасалған несие беру келісім – шарттарының ережелерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тарау 5. 5. Банк- қарыз алушының түпкі – қарыз алушыға бюджеттік несие беру тәртібі мен шарттары
5. Банк- қарыз алушының түпкі – қарыз алушыға бюджеттік несие беру тәртібі мен шарттары
Тармақ 23
23. Жергілікті бюджеттік несие ресурстарынан түпкі қарыз алушыға банк қарызымен бюджеттік неси беру қолданылып жүрген заңнама сәйкес несие берушімен жасалған несие шарттарына және банк – қарыз алушының ішкі несие саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Банк-қарыз алушы түпкі қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне және бюджеттік несиені өтемеу тәуенклінің дәрежесін, экономикалық орындылығын, жобаның техника-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін талдап, несиені өтеу көздерінің болуына алушылардың несие ұсыныстарына сараптама жүргізеді.
Тармақ 25
25. Несие ұсыныстарын сараптау нәтижелерінің негізінде банк- қарыз алушы бағдарлама әкімгерімен келісім бойынша түпкі қарыз алушыларды несиелендіру туралы шешім қабылдайды, олармен несиелік шарттар мен бюджеттік несиелерге байланысты басқа да құжаттар жасады.
Тармақ 26
26. Бюджеттік несие алушы түпкі қарыз алушылар облыстағы жұмыссыздық және кедейлікке қарсы белсенді күрес жүргізу мақсатында тіркелген жұмыссыздарды жұмысқа алуға міндетті.
Тармақ 27
27. Несие шарттары және оларға байланысты құжаттырды жасасқаннан кейін банк – қарыз алушы түпкі қарыз алушылардыың атына несие шарттарына сәйкес бюджеттік несиелер сомасы есепке алынатын қарыз шоттарын ашады. Корсетілген шоттан түпкі қарыз алушының есеп шотына ақша аудару, не оның төлем құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргізіледі.
Банк-қарыз алушы түпкі қарыз алушыға несие ресурстарын береді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепілдікті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) 2 жылға дейінгі мерзіммен келісімде белгіліенген несиені қайтару мерзімінің шарты біткеннен кейін несиенің тең үлесін өтеуді бастау шартымен кейбір жағдайларда 3 жылға дейінгі мерзімге жеңілдікпен беру.
Тармақ 28
28. Әрбір аудан үшін 2001 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімге несие ресурстары ретінде пайдалануға қала және аудандар халқы санының баламалық үлесіне сәйкес бюджеттік қаржының лимиті белгіленеді.
Бизнес-жобалар бойынша іріктелетін негізгі басымдықтағы бағыттар болып табылады:
- тауар өндірісі;
- ауылшаруашылығы өндірісі;
- импорт алмастыратын өнімдер мен тауарлар шығаратын, жұмыс істемей тұрған өндіріс қуаттарын сауықтыру;
- халыққа қызмет көрсету;
- қоғамдық тамақтандыру мен сауданы қайта жаңғырту және ұйымдастыру
Аудандық әкіматтарына бағдарлама әкімгерлеріне жобаларды ұсыну кезінде жалпы қаржыландыру лимиті салмасының кемінде 50% ауыл шаруашылығының дамуына бағытталған басымдықтағы жобаларды таңдау ұсынылады.
Халқы санының баламалық үлесіне сәйкес бөлінген ақша
Барлығы:
100
Атырау қ.
44,0
Жылыой
4,0
Индер
6,6
Исатай
5,2
Құрманғазы
12,7
Қызылқоға
7,0
Махамбет
5,8
Мақат
5,7
Қосалқы
9,0
Банк – қарыз алушымен бөлінетін несиелік қаржы кезең-кезеңмен шығындар сметасына сәйкес жүргізіледі. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жобалары қаржыланады.
Тармақ 29
29. 2001 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімге аудандар ұсынған бизнес жобалары конкурстық іріктеуден өтпеген жағдайда пайдаланылмай қалған лимит басқа аудандар бойынша қайтадан бөлінеді.
Тарау 8. 8. Бюджеттік несиені өтеудің және оған қызмет көрсетудің тәртібі.
8. Бюджеттік несиені өтеудің және оған қызмет көрсетудің тәртібі.
Тармақ 30
30. Нгеізгі борышты өтеуді және есептелген сыйақыны төлеуді қарыз алушы жасалған несие келісім-шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте төлемдердің мынадай кезектілігі белгіленеді:
Тармақша 1
1) есептелген айыптар мен өсімдер төлемдері;
Тармақша 2
2) есептелген сыйақы;
Тармақша 3
3) негізгі борышты өтеу.
Тармақ 31
31. Несие шарттарында талаптардың қалауы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығы ескерілуі мүмкін.
Тармақ 32
32. Бағдарлама Әкімгері несиелік шартты мерзімінен бұрын бұзуға және банк – қарыз алушы несиелік келісім-шарттар ережелерін бұзған жағдайда есептелген сыйақымен және айыппұлдармен бірге несиенің іс жүзіндегі ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
Тармақ 33
33. Несие келісім –шартын бұзбаған шағдайда несие беруші бюджеттік несиені мақсатсыз пайдалану фактілеріанықталған кезде несиелік келісім-шартта келісілген мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған несие сомасын қарыз алушыдан өндіріп алуға құқылы.
Тармақ 34
34. Түпкі қарыз алушы борышты өтемеген немесе бюджеттік несие бойынша сыйақыны несие келісім-шартында белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда пайда болған берешекке айыппұл санкциялары есептелінеді.
Тармақ 35
35. Түпкі қарыз алушыда бюджеттік несие бойынша берешек пайда болған және оны несие шартының ережелерінде анықталған мерзімнің ішінде өтемеген кезде (түпкі заемшымен бірге болған жағдайда) банк – заемшы берешектің қайтарылуын қамтамасыз ететін тиісінші мынадай шаралар алынады:
Тармақша 1
1) гарантқа (кепілгерге) заңнамаға сәйкес кепіл туралы шарттың негізінде қарыз алушының берешегін өтеу жөніндегі міндеттемелердің олардың атқару туралы құжаттарын жіберу;
Тармақша 2
2) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепіл туралы шарттың негізінде қарыз алушы кепілге салған мүлікті сату;
Тармақша 3
3) қарыз алушының талаптарын қарыз алушы банктің пайдалануына жол берген берешек тұлғаға ақы төлеу үшін ұсыну;
Тармақша 4
4) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қарыз алушыны сотпен банкрот деп жарияланғанға дейін де сот тәртібімен өндіріп алуды жүзеге асыруды қолданады.
Тармақ 36
36. Банк-қарыз алушыда бюджеттік несие бойынша берешек пайда болған жағдайда және оны несие шартының ережелерінде анықталған мерзімнің ішінде өтемеген кезде несие беруші ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақшалай берешектің қайтарылуын қамтамасыз еетін шаралар алады.
Тармақ 37
37. Жергілікті бюджеттің ақшасы есебінен берілген несие банк – қарыз алушы жергілікті бюджетке негізгі борыштың сомасын қайтарған және айыппұлдарды қоса алғанда, сыйқына өтеген болып саналады.
Тарау 9. 9. Бюджеттік несиелердің есебі мен бақылау
9. Бюджеттік несиелердің есебі мен бақылау
Тармақ 38
38. Банк – қарыз алушыға жергілікті бюджет есебінен берілген несиелер Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі белгілеген тәртіппен міндетті тіркеу жатады.
Тармақ 39
39. Берілген бюджеттік несиелерге несие берушінің мониторингі банк-қарыз алушы үнемі ұсынатын есептеу негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Бюджеттік несиелердің игерілуіне, мақсатты пайдаланылуына, уақытылы және толық өтелуіне Несие беруші және бағдарламаның Әкімгері, ал түпкі қарыз алушыға қатысты – банк –қарыз алушы бақылау жүргізеді.
Тармақ 41
41. Қала және аудандар әкімдері де несие қаржысының мақсатты пайдаланылуына және уақытылы қайтарылуына бақылау жасайды. Қала және аудандар әкімдеріне қаржыландырылатын жобалар бойынша жергілікті бюджеттен кепілдік және міндеттеме беруге тыйым салынады.
Тармақ 42
42. Банк-заемшыға бюджеттік қаржы бағдарлама Әкімгері арқылы несие берушінің қаржыландыру жолымен жүргізіледі. Тиісті банк операциялары жүргізу есебімен несие ресурстары сияқты қаржыландыруға бөлінген бюджет қаржысын банк-қарыз алушы 15 күн ішінде игермеген жағдайда ол несие берушіге қаржыландыру лимитін қалпына келтіру үшін қайтарылуға жатады.
Тармақ 43
43. Түпкі қарыз алушылардан алынған несиені өтеу үшін келісімде белгіленген қаыру мерзімінен бұрын 2 жыл ішінде бюджетке түскен ақша, банк-қарыз алушымен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қайтадан несиелеуге жатады.
Тармақ 44
44. облыс әкімімен немесе оныалмастыратын тұлғамен және банк-қарыз алушы арасында жасалған несиелік келісімге сәйкес бюджеттік қаржының игерілуі туралы белгіленген көлемде және тәртіпте есеп ұсыну қамтамасыз етіледі.
Тармақ 45
45. Бағдарлам Әкімгері бақылау мақсатында банк-қарыз алушыдан бюджеттік несиелерге қатысты қажетті басқа ақпаратты да талап етуге құқықты.
Тармақ 46
46. Жергілікті бюджеттен берілген барлық бюджеттік несиелер ҚР қаржы министрлігі мен белгіленген нысандар және мерзімі бойынша бюджеттік несиелердің нақты берілуі қызмет етуі және өтелуі туралы бағдарлама әкімгерінің тұрақты есеп беруі негізінде облыстық қаржы басқармасы арқылы орталықтандырылған есепке алынады.
Тармақ 47
47. Облыстық қаржы басқармасы бақылау мақсатында Бағдарлама Әкімгері мен банк-қарыз алушыдан бюджеттік-несиелерге қатысты қажетті ақпаратты талап етуге құқықты.