Об открытии осенней охоты на пернатую дичь Күшін жойған
Басқа 0
Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II және "Жануарлар дүниесiн қорғау, көбейту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 21 қазандағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, құстардың санын ретке келтiру, азаматтардың спорттық және әуесқойлық қажетiн қанағаттандыру мақсатында облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 8 қыркүйектiң таң сәрiсiнен бастап 18 қарашаға дейiн суда жүзетiн, далалықтағы және батпақты жерлердегi құстарды ("Қызыл кiтапқа" енгiзiлгеннен басқасын) спорттық-әуесқойлық аулауға рұқсат беру туралы облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасының ұсынысы қабылдансын. Құстарға тыныштық берiлетiн күндер болып, 10 қазанды қосқанда әр аптаның сейсенбiсi және сәрсенбiсi белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасы аңшыларға заңнамаларда белгiленген тәртiппен рұқсат берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасы, облыстық жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттiк бақылау аумақтық басқармасы, облыстық iшкi iстер басқармасы аң аулау маусымы кезеңiнде жануарлар дүниесiн қорғауды, браконьерлiкпен күресудi және спорттық-әуесқойлық аң аулауды жүзеге асыру кезiнде аңшылардың аң аулау ережелерiн және Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамаларын сақтап отыруын бақылауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.Қ. Есенғалиевке жүктелсiн.