Об утверждении условий и механизмов кредитования субъектов индустриально-инновационной деятельности через финансовые институты Күшін жойған
Басқа 0
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 260-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысымен
бекітілген
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін
Тарау 1. 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары
Тармақ 1
1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру шарттары:
Тармақша 1
1) қаржы агентінің кредит беруге қатысу мөлшері жоба сметасы сомасынан 80 % (сексен пайыз) аспайды;
Тармақша 2
2) кредит беру жиырма жылдан аспайтын мерзім болып табылады.
Тармақ 2
2. Кредит беру ұлттық валютада жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
кредит беру тетіктері
2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне
кредит беру тетіктері
Тармақ 3
3. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы институттарының тізбесін жалпының назарына бұқаралық ақпарат құралында ақпарат орналастыру арқылы жеткізеді.
Тармақ 4
4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге қатысу үшін қаржы институты қаржы агентінің талаптарына сәйкестігін растайтын, тиісті өтінішпен және құжаттарымен қаржы агентіне жүгінеді, олардың тізбесі бас келісімде көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қаржы агенті индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге қатысу үшін қаржы агентінің ішкі құжаттармен белгіленген мерзімде қаржы агентінің құжаттарын қарайды және бас келісім жасасуды мақұлдау туралы немесе қаржы институтына бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Бас келісім мынадай елеулі шарттарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) бас келісімнің мәні мен қолданылу мерзімі;
Тармақша 2
2) бас келісімінің сомасы (индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруін іске асыру үшін қаржы институтында қаржы агентінің қаражат орналастыру сомасы), оларды орналастыру мерзімдері мен тәртібі;
Тармақша 3
3) кредит беру мақсаты;
Тармақша 4
4) кредит беру іске асыру шарты;
Тармақша 5
5) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 6
6) тәуекелдерді беру, проблемалы кредиттермен жұмыс, дағдарыстан кейін қызмет көрсету, қарыз алушының дефолтын мойындау, қарызды қайта құрылымдау және өтініш берушінің мерзімін ұзарту, қарыз алушыны дефолт деп таныған жағдайда берешекті өндіріп алу және қайтару мәселелерін қоса алғанда, тараптардың өзара іс-қимылдарының шарттары мен тәртібі;
Тармақша 7
7) бас келісімнің қолданысын тоқтату, қолданысын ұзарту негіздемесі мен тәртібі.
Тармақша 8
8) тараптардың жауапкершілігі.
Тармақ 7
7. Қаржы агенті жасалған бас келісімдердің есебін жүргізеді.
Тармақ 8
8. Қаржы институтында орналастырылуға жататын сома бас келісімде көрсетілген шотқа қаржы агентімен аударылады.
Тармақ 9
9. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру үшін қаржы институты осы шарттар мен тетіктердің 13-тармағында көрсетілген шоттағы қаржы агенті орналастырған қаражатты пайдаланады.
Тармақ 10
10. Қаржы институты индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беру бойынша орналастырылған қаражат игеру бойынша қаржы агенті алдында есеп береді. Есептер берудің тәртібі, нысаны және кезеңділігі бас келісімде белгіленеді.
Тармақ 11
11. Игерілген қаражат деп осы шарттар мен тетіктерге сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруге нақты қаржы институты жіберген қаражат есептеледі.
Тармақ 12
12. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қаржы институтына кредит беруге арналған өтініш беру жолымен кредит алу үшін қаржы институтына жүгінеді және қаржы институтының ішкі кредиттік рәсімдерге сәйкес құжаттарды ұсынады.
Тармақ 13
13. Қаржы институты өзінің ішкі нормативтік құжаттарында белгіленген мерзімдеріне, алдын ала кредит беру болып табылатын немесе кредит беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Қаржы институтының шешімдері уәкілетті органның/уәкілетті органдарында тиісті отырыс хаттамаларымен ресімделеді.
Тармақ 14
14. Қаржы институтының кредиттік саясатына бойынша кредит беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Қаржы институты үшін кредит берудің қол жетімділік кезеңі бас келісіммен анықталады.
Тармақ 16
16. Қаржы институты банктік қарыз шартын жасаған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оның көшірмесін қаржы агентіне жібереді, сондай-ақ өздерінің жасалған банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.
Қаржы агенті барлық қаржы институттары жасасқан банктік қарыз шарттарының есебін жүргізеді.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 1012 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж. № 65, 910-құжат).
Тармақ 2
2. 15-тармағына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж. № 60, 827-құжат);
Тармақ 3
3. 23-тармағына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж. № 72, 951-құжат).