Об утверждении норм потребления товарного и сжиженного нефтяного газа Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Тауарлық газды тұтыну нормалары
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «8» қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша Тауарлық газды тұтыну нормалары р/с № Газ тұтыну сипаттамасы Тұтыну бірлігі Газ тұтыну нормасы 1 Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде 1 адамға айына текше метр 9,74 2 Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде (орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде) 1 адамға айына текше метр 24,09 3 Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау мен газ су қыздырғыш болмаған кезде 1 адамға айына текше метр 14,35 4 Тұрғын үйлерге дербес жылу беру 1 адамға айына текше метр 324 Сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары р/с № Газ тұтыну сипаттамасы Тұтыну бірлігі Газ тұтыну нормасы 1 Пәтерде газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде 1 адамға айына килограмм 4,57 2 Пәтерде газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған кезде 1 адамға айына килограмм 5,07 3 Пәтерде газ плитасы және газ су қыздырғыш болған кезде 1 адамға айына килограмм 9,08