Об утверждении Правил включения проектов в карту индустриализации и карты поддержки предпринимательства регионов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 52, 707-құжат);
Тармақша 2
2) «Жобаларды республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 675 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1073 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 61, 575-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) индустриялық-инновациялық жоба – технологиялар трансфертіне, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер жасауға бағытталған, белгілі бір уақыт мерзімі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені (бұдан әрі – жоба);
Тармақша 2
2) индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
Тармақша 3
3) өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді;
Тармақша 4
4) өтініш беруші – жобаны жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асыратын жеке/заңды тұлға;
Тармақша 5
5) өңірлік үйлестіру кеңесі – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері жалпы санының кемінде 50%-ін бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен құратын және басқаратын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – кеңес);
Тармақша 6
6) жобаларды қарау жөніндегі салалық комиссия – мемлекеттік органның қызметкерлері мен тиісті саланы білдіретін бизнес-қауымдастық мүшелері қатарынан келісім бойынша тиісті салалық мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен қалыптасатын, нақты салалар бойынша индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылатын жобаларды қарайтын консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – салалық комиссия);
Тармақша 7
7) уәкілетті орган – индустриялық даму саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 8
8) индустрияландыру картасының мәселелері жөніндегі штаб – жобаларды қарау жөніндегі мүдделі салалық комиссиялардың басшылары, уәкілетті органның, салалық министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық холдингтер мен даму институттарының, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың қызметкерлері қатысатын индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау мәселесі жөніндегі уәкілетті орган жанындағы комиссия (бұдан әрі – штаб);
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссия – Қазақстан Республикасын өнеркәсіптік дамыту саласында ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Комиссия);
Тармақша 10
10) жергілікті уәкілетті орган – кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы даму, үйлестіру, реттеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын, тиісті аумақтағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы;
Тармақша 11
11) салалық орталық атқарушы орган – тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 12
12) жауапты мемлекеттік орган – жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган;
Тармақша 13
13) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне аумақтық деңгейде кіретін облыс, республикалық маңызы бар қала және астана кәсіпкерлерінің палатасы (бұдан әрі – өңірлік палата).
Тарау 2. 2. Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібі
2. Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу тәртібі
Тармақ 3
3. Жобаларды индустрияландыру картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
Тармақша 2
2) екінші кезең – жобаларды орталық деңгейде қарау;
Тармақша 3
3) үшінші кезең – жобаларды уәкілетті органда қарау;
Тармақша 4
4) төртінші кезең – жобаларды комиссияда қарау.
Тармақ 4
4. Жобаларды өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу кезең-кезеңмен жүргізіледі:
Тармақша 1
1) бірінші кезең – жобаларды жергілікті деңгейде қарау;
Тармақша 2
2) екінші кезең – салалық комиссияда қарамай, жобаларды салалық тиесілілік бойынша орталық деңгейде қарау.
Тармақ 5
5. Мынадай:
Тармақша 1
1) құны 4,5 млрд. теңгеге дейінгі жобалар өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізіледі;
Тармақша 2
2) құны 4,5 млрд. теңгеден басталатын жобалар индустрияландыру картасына ұсынылады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қолдау шараларын талап етпейтін жобалар индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізілмейді.
Тармақ 6
6. Индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына жобаларды іріктеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) басымдықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай өлшемшарттардың бiрiн:
Тармақша 1
1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты;
Тармақша 2
2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін ұқсас, индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылық;
Тармақша 3
3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті;
Тармақша 4
4) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;
Тармақша 5
5) экспортқа бағдарланушылық – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуы.
Тармақ 8
8. Индустрияландыру картасының және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып іріктеледі.
Тармақ 9
9. Өтінімдерді қабылдауды жергілікті уәкілетті орган тұрақты негізде жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Өтініш беруші жобаны индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін тиісті өңірдің жергілікті уәкілетті органына мынадай құжаттарды электрондық және қағаз жеткізгіштерде қолма-қол ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
Тармақша 2
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші бекіткен жоба паспортының көшірмесі;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) жобаны қаржыландырудың пысықталғанын растайтын құжаттардың көшірмелері (ниет білдіру туралы меморандум және келісім және/немесе қаржыландыру туралы шешім);
Тармақша 5
5) құны 900 млн. теңгеден басталатын жобалар үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоба туралы ақпарат;
Тармақша 6
6) мынадай мәліметтерді: жобаның атауын, жобаның мақсатын; өтініш берушіні; іске асыру орнын; іске асыру кезеңін; жобаның жалпы құнын; қаржыландыру құрылымын; күтілетін нәтижелерді; құрылыс және пайдалану кезеңінде жұмыс орындарын құруды қамтитын 1 парақтағы слайд-таныстыру;
Тармақша 7
7) жобаны іске асыру кезінде жер учаскесін бөлу қажет болған жағдайда бос жер учаскесінің болуын растайтын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі жергілікті атқарушы орган хатының көшірмесі, сондай-ақ жоба орналасқан жердің координаталары (схемасы), оны іске асыруға бөлінген жоспарланған алаң көрсетілген жер учаскесін алдын ала таңдау актісінің сканерленген көшірмесі қоса беріледі.
Тармақ 11
11. Құжаттар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келмеген жағдайда жергілікті уәкілетті орган құжаттарды өтініш берушіге берілген күні қарамай қайтарады.
Тармақ 12
12. Құжаттар қайтарылған жағдайда өтініш беруші жол берілген сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін қайта жүгінеді.
Тармақ 13
13. Ескертулер болмаған жағдайда өтінім қабылданады, журналға тіркеледі, құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтінімнің көшірмесі өтініш берушіге табыс етіледі.
Тармақ 14
14. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін жобаны қарау мерзімі жобаның мазмұнына байланысты болады, бірақ ол өтінім берілген күннен бастап екі айдан аспауға тиіс.
Тарау 3. 3. Жобаларды жергілікті деңгейде қарау
3. Жобаларды жергілікті деңгейде қарау
Тармақ 15
15. Жергілікті уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, өңірлік сараптама жүргізеді. Әрбір жобаға өңірлік сараптаманы жүзеге асыру мерзімі өтінім тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 16
16. Өңірлік сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) жоба бойынша коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі;
Тармақша 2
2) жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы;
Тармақша 3
3) инфрақұрылым мәселесінің пысықталуы;
Тармақша 4
4) экологиялық қауіпсіздік және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
Тармақша 5
5) рентабельділік;
Тармақша 6
6) өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкес келуі;
Тармақша 7
7) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.
Тармақ 17
17. «Жоба бойынша коммерциялық бөлігінің пысықталу дәрежесі» деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) өнімдерді/көрсетілетін қызметтерді өткізуді талдау, төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
Тармақша 2
2) маркетингтік жоспардың пысықталу дәрежесін, болашақ өнімдерді/ көрсетілетін қызметтерді өткізу арналарын бағалау.
Тармақ 18
18. «Жобаны іске асырудың негізгі бастапқы шарттарының болуы» деген бөлімде жоба бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:
Тармақша 1
1) жобаны іске асыру үшін қажетті мәлімделген активтердің болуы (жер учаскесі, өндірістік база, негізгі және ақша қаражатының болуы, ауыртпалықтың/активтерге тыйым салудың болмауы);
Тармақша 2
2) қаржыландыру құрылымының пысықталғанын талдау, қаржы ұйымдарымен жобаны қаржыландыру туралы меморандумдардың/ келісімдердің болуы;
Тармақша 3
3) шикізат көздерін, оны тасымалдау схемалары мен құралдарын талдау, шикізат берушілермен келісімдердің болуы, шикізаттың/дайын өнімнің оңтайлы/барынша көп қорларын сақтау үшін қоймалардың абаттандырылуы;
Тармақша 4
4) құрылыс кезеңінде және объектіні пайдалануға беру кезеңінде құзыретті менеджерлердің және мамандардың болуы;
Тармақша 5
5) техникалық жабдықты пайдалану бойынша персоналды оқытудың қолданыстағы жоспарлы бағдарламасын талдау;
Тармақша 6
6) өндіріс технологияларының баламалы нұсқаларын және жабдық берушілерді талдау; жабдықты жеткізу және монтаждау кестесі, инновациялық құрамдастардың болуы; тиісті лицензиялар мен сертификаттардың немесе оларды алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының болуы.
Тармақ 19
19. «Инфрақұрылымның мәселесін пысықталуы» деген бөлімде сыртқы және ішкі коммуникациялардың әзірлік дәрежесі, сондай-ақ қажетті мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары сипатталады.
Тармақ 20
20. «Экологиялық қауіпсіздік» деген бөлімде жобаның экологиялық аспектілері, олардың қоршаған ортаға әсері, табиғатты қорғау іс-шараларының болуы, заманауи ресурс үнемдейтін және энергия үнемдейтін технологияларды енгізу, баламалы энергия көздерін қолдану, өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін қысқарту жөніндегі шаралар көрсетіледі.
Тармақ 21
21. «Рентабельділік» деген бөлімде жоба тиімділігінің қаржылық көрсеткіштерін талдау, өтелу мерзімі, IRR кірістіліктің ішкі нормасы, NPV таза дисконтталған кіріс көрсетіледі.
Тармақ 22
22. «Өңірдің бағдарламалық құжаттамаларына сәйкес келуі» деген бөлімде мәлімделген жобаның өңірді дамытудың негізгі стратегиялық және жоспарлы құжаттамаларына сәйкес келуін талдау жүргізіледі.
Тармақ 23
23. «Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар» деген бөлімде жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі және оларды алу тетіктері көрсетіледі, сондай-ақ оң немесе теріс уәжді қорытынды не себептерін негіздей отырып, жобаны пысықтау туралы ұсыным беріледі.
Тармақ 24
24. Өңірлік сараптаманың қорытындысы екі данада ресімделеді және ол өткізілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы өтініш берушіге жіберіледі, бір данасы жергілікті уәкілетті органда қалады.
Тармақ 25
25. Жергілікті уәкілетті орган өтінімдер тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жобаларды қарау және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу бойынша ұсыным беру үшін құжаттарды өңірлік палатаға жібереді. Өтінімді өңірлік палата тіркеген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсыным жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
Тармақ 26
26. Жергілікті уәкілетті орган өтінімдер тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жобалардың көрсетілген схемаға сәйкес келуін қарау және ұсыным беру үшін құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді. Ұсыным Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган құжаттарды тіркеген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
Тармақ 27
27. Құны 900 млн. теңгеден басталатын өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілуге ұсынылатын жобалар бойынша өңірлік сараптама жүргізілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті орган құжаттарды тиісті салалық мемлекеттік органдарға салалық тиесілілік бойынша сараптама қорытындысын алу үшін жібереді. Салалық мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің немесе ведомствосының басшысы қол қойған салалық тиесілілік бойынша сараптама қорытындысы құжаттар салалық мемлекеттік органда тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті органға ұсынылады.
Тармақ 28
28. Құны 900 млн. теңгеге дейін жобалар, сондай-ақ индустрияландыру картасына енгізілуге ұсынылатын жобалар бойынша жергілікті уәкілетті орган өңірлік сараптаманың қорытындысы ресімделген және Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның ұсынымы алынған кезден бастап, өңірлік палатаның ұсынымы бар болған кезде, материалдарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде кеңес отырысы өткізілетін күнді айқындау үшін кеңес төрағасына жібереді. Құны 900 млн. теңгеден асатын өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілуге ұсынылатын жобалар салалық тиесілілік бойынша сараптама қорытындысы алынған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде кеңес отырысына енгізеді.
Тармақ 29
29. Кеңес жобаларды олардың түсуіне қарай, бірақ өтінімдер болған кезде айына бір реттен сиретпей қарайды.
Тармақ 30
30. Кеңес хатшысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын өтініш берушілерді кеңес отырысының күні туралы хабардар етеді.
Тармақ 31
31. Жобаларды өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу мәселесі бойынша шешім және жоба бойынша индустрияландыру картасына енгізу ұсынымдары кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Кеңес шешімі кеңес отырысы өткізілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде екі данада хаттамамен ресімделеді. Хаттама ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті уәкілетті орган жоба бойынша қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Тармақ 32
32. Кеңес отырысы өткізілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар бойынша материалдарды, оның ішінде өңірлік сараптамалардың, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынымының, кеңес хаттамасының екінші даналарын жергілікті уәкілетті орган одан әрі қарау үшін уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 33
33. Жобаларды өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу, сондай-ақ одан алып тастау, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну, негізгі параметрлерді өзгерту бойынша шешім кеңес отырысында қабылданады.
Тарау 4. 4. Жобаларды орталық деңгейде қарау
4. Жобаларды орталық деңгейде қарау
Тармақ 34
34. Уәкілетті орган кеңес ұсыным берген жобалар бойынша материалдарды алған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салалық тиесілілігі бойынша бөліп таратады және салалық комиссияның отырысында қарау үшін тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға жібереді, сондай-ақ жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтына жергілікті қамту бойынша сараптама жүргізу үшін жібереді.
Тармақ 35
35. Тиісті салалық орталық мемлекеттік орган материалдарды алған кезден бастап әрбір жоба бойынша сараптаманы жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мәселесін пысықтайды.
Тармақ 36
36. Салалық мемлекеттік органдар жобаларды күрделілік дәрежесіне қарай сараптама жүргізу үшін мамандандырылған ведомстволық бағынысты ұйымдарға жібере алады.
Тармақ 37
37. Салалық сараптаманың қорытындысы мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ел ауқымындағы стратегиялық маңызы;
Тармақша 2
2) басқа жобалармен және өндірістермен теңгерімділігі;
Тармақша 3
3) өндіріс технологиясындағы инновациялық құрамдас;
Тармақша 4
4) экспортқа бағдарлану немесе импортты алмастыру;
Тармақша 5
5) салалық рұқсат беру құжаттары;
Тармақша 6
6) еңбек өнімділігі;
Тармақша 7
7) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.
Тармақ 38
38. «Ел ауқымындағы стратегиялық маңызы» деген бөлімде жобаның ел ауқымындағы маңызы ашылады.
Тармақ 39
39. «Басқа жобалармен және өндірістермен теңгерімділігі» деген бөлімде біртекті жобалар мен өндірістердің болуы тұрғысынан өңір және көршілес өңірлер бойынша талдау жүргізіледі.
Тармақ 40
40. «Өндіріс технологиясындағы инновациялық құрамдас» деген бөлімде жобада инновациялық технологиялардың қолданылуы көрсетіледі.
Тармақ 41
41. «Экспортқа бағдарлану немесе импортты алмастыру» деген бөлімде экономиканың дәстүрлі экспорттық/импорттық секторларын дамытуға және қосылған құны жоғары өндірістер құра отырып, жобаның өнімдерді әртараптандыруға әсерін талдау жүргізіледі.
Тармақ 42
42. «Салалық рұқсат беру құжаттары» деген бөлімде жобаны іске асыру үшін тиісті салалық мемлекеттік органдар беретін қажетті рұқсаттар көрсетіледі.
Тармақ 43
43. «Еңбек өнімділігі» деген бөлімде жылына бір қызметкерге шаққанда құндық мәндегі уақыт бірлігіне өндірілетін тауарлардың (жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің) көлемімен өлшенетін көрсеткіш ашылады.
Тармақ 44
44. «Жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар» деген бөлімде жобаны сәтті іске асыру үшін қажетті мемлекеттік қолдау шараларын талдау және оларды көрсету тетіктері көрсетіледі, сондай-ақ уәжді болуға тиіс оң немесе теріс қорытынды не себептерін негіздей отырып, жобаны пысықтау тұралы ұсыным көрсетіледі.
Тармақ 45
45. Әрбір жобаға сараптама өткізу мерзімі тиісті салалық мемлекеттік органға материалдар келіп түскен кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
Тармақ 46
46. Сараптама ресімделген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның қорытындысына сараптаманы жүзеге асырған салалық мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің немесе ведомствосының басшысы немесе, егер сараптаманы ведомстволық бағынысты ұйым жүзеге асырса, ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы қол қояды және ол келіп түскен жобалар бойынша материалдарға қоса тіркеледі.
Тармақ 47
47. Сараптама өткізілгеннен кейін индустрияландыру картасына енгізуге ұсынылатын жобалар оларға қол қойылған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салалық комиссияның қарауына шығарылады.
Тармақ 48
48. Салалық комиссия қарауға арналған жобалар болған кезде жобаны айына бір реттен сиретпей қарайды.
Тармақ 49
49. Салалық комиссияның хатшысы жобаны қарау туралы мәселе күн тәртібіне енгізілген кеңес отырысы өткізілетін күнге дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын өтініш берушілерді отырыстың күні туралы хабардар етеді.
Тармақ 50
50. Салалық комиссияның қарауына жобалар бойынша материалдар, оның ішінде кеңес хаттамасының көшірмесі, әрбір жоба бойынша өңірлік сараптамалардың нәтижелері және салалық тиесілілік бойынша орталық мемлекеттік органның сараптама қорытындылары ұсынылады.
Тармақ 51
51. Салалық комиссияның отырысына индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне, атап айтқанда жобалары индустрияландыру картасына енгізілуге жататын өтініш берушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін әлеуетті операторлардың уәкілетті өкілдері шақырылады.
Тармақ 52
52. Салалық комиссияның отырысында жобалар және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мүмкіндігі талқыланады, одан кейін жобаларды уәкілетті органда қарау немесе жобаны жергілікті уәкілетті органға пысықтауға қайтару туралы алқалы шешім қабылданады және мемлекеттік қолдау шаралары бекітіледі. Салалық комиссияның шешімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде үш данада хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 53
53. Мақұлданған жобалар бойынша материалдар қоса берілген бір данасы уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы жергілікті уәкілетті органға жіберіледі, үшінші данасы салалық мемлекеттік органда қалады.
Тарау 5. 5. Жобаларды уәкілетті органда қарау
5. Жобаларды уәкілетті органда қарау
Тармақ 54
54. Индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылатын жобалар бойынша салалық комиссияның қорытындысы және жергілікті қамту бойынша сараптама алынған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган барлық материалдарды жүйелендіреді, штаб отырысында қаралатын индустрияландыру картасына енгізу туралы ұсыныстары бар жобаларды жалпы жинақтауды жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Материалдар түскен кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде штаб жобаларды индустрияландыру картасына енгізу бойынша ұсыным беру, Бағдарламада белгіленген индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде жобаны жергілікті уәкілетті органға пысықтауға қайтару немесе одан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.
Тармақ 56
56. Хаттамалық шешім қабылданған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті орган хаттамалық шешімнің көшірмесін жергілікті уәкілетті органға жібереді, ол хаттамалық шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде штаб қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
Тармақ 57
57. Штаб отырысында индустрияландыру картасына енгізуден бас тартылған жобалар кеңестің шешімі бойынша өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізіледі.
Тармақ 58
58. Штабтың хаттамалық шешімінің негізінде уәкілетті орган жобалардың тізбесін комиссияның таяудағы отырысында қарауға ұсыным береді.
Тарау 6. 6. Жобаларды өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау
6. Жобаларды өнеркәсіптік дамыту жөніндегі комиссияда қарау
Тармақ 59
59. Комиссия мемлекеттік қолдау шараларын енгізу, алып тастау, ұсыну, сондай-ақ индустрияландыру картасының жобалары бойынша негізгі параметрлерді өзгерту жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Тармақ 60
60. Комиссия индустрияландыру картасының жобасын іске асыруға жауапты мемлекеттік органды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 61
61. Жобалар индустрияландыру картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен енгізіледі. Жобалар индустрияландыру картасынан жылына кемінде бір рет өткізілетін өзектілендіру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мынадай:
Тармақша 1
1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.
Тармақ 62
62. Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасына өтінімдердің түсуіне және олардың тиісті қаралуына қарай жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен енгізіледі. Жобалар өңірде кәсіпкерлікті қолдау картасынан жылына кемінде екі рет өзектілендіру қорытындылары бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің қаулысымен мынадай:
Тармақша 1
1) бір жыл бойы кемінде қуаттар үздіксіз 70 % деңгейінде жүктелген;
Тармақша 2
2) Бағдарламаны іске асыру кезеңінде шешілуі мүмкін емес проблемалар, оның ішінде форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда алынып тасталады.
Басқа 1
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 1-қосымша _______________________ (облыс, қала) кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы ___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жобаны индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізуге өтінім Индустрияландыру картасына немесе өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу үшін ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ (ұйым атауы) ____________________________________________________________________________________ (жоба атауы) жобасы бойынша өтінімін тіркеуді сұраймын. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Бірінші басшы: ___________________________________________________ Қолы: ___________ М.О., толтырылған күні 20__жылғы «___»_____________ Әкімдіктің жауапты қызметкері: ______________________________________ Қолы: ___________, №____, қабылданған күні 20__жылғы «___»___________ осы өтінімнің көшірмесі өтініш берушіге беріледі
Басқа 2. Жобаға өтінім беруші жөніндегі мәліметтер
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 2-қосымша «Бекітемін» _____________________________ өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы 20__ жылғы «___»______________ Жобаның паспорты Р/с № Көрсеткіштің атауы Өлшем бірлігі Мәні 1 2 3 4 1 Жобаның атауы 2 Жобаның түрі 1) Жаңа жоба 2) Қолданыстағы өндірісті жаңғырту Қолданыстағы өндірістің қуат түрі Қолданыстағы өндірістің жобалық қуаты 3 Жобаның мақсаты 4 Жобаның кезеңі: (төменде аталғандардың бірін таңдау) 1) Іске асырылып жатқан 2) Жоспарланған 3) Перспективалық 5 Жобаны іске асыру орны: 1) Облыс (анықтамалық) 2) Қала (анықтамалық) 3) Аудан (анықтамалық) 6 ӘАОК коды (анықтамалық) 7 Экономика саласы (анықтамалық) ЭҚЖЖ коды (анықтамалық) 8 Жауапты мемлекеттік орган, холдинг 9 Жер учаскесінің болуы (бөлінуі) (иә, жоқ) 1) Жер учаскесін беру талап етіледі (иә, жоқ) 2) Учаскенің қажетті аумағы 10 Іске асыру мерзімі (ай, жыл саны) ай, жыл – ай, жыл 1 2 3 4 1) Жоспарлау (іске асыру мерзімі инвестиция алдындағы кезеңнен басталады – ТЭН немесе бизнес-жоспарды әзірлеуге арналған шартқа қол қою) ай, жыл – ай, жыл 2) Іске асыру кезеңдері ай, жыл – ай, жыл 11 Құрылыстың басталуы (құрылысқа рұқсат алу) ай, жыл 12 Құрылыстың аяқталуы (пайдалануға беру туралы мемлекеттік акт) ай, жыл Пайдалануға беруді растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні 13 Жобаның ҚҚС-сыз жалпы құны млн. теңге 14 Негізгі өндірілетін тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің (атауы) 1) Өнім түрі 1-кезең 2) Өнім түрі 2-кезең ... Өнім түрі …кезең 15 Жылына жобалық қуаты: 1) Заттай мәнде өлшем бірлігі 2) Құндық мәнде млн. теңге 16 Құрылыс уақытындағы жұмыс орындарының саны адам 17 Пайдалануға беру уақытындағы жұмыс орындарының саны адам 18 Қаржыландыру құрылымы 1) Меншікті қаражат, оның ішінде: млн. теңге Отандық жеке инвесторлардың қаражаты млн. теңге Тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу) млн. теңге Мемлекет бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу) млн. теңге 2) Қарыз қаражаты (лизингті қоса алғанда), оның ішінде: млн. теңге Негізгі компаниялардың кредиттері млн. теңге Отандық даму институттарының кредиттері млн. теңге Екінші деңгейдегі банктердің (резиденттер) кредиттері млн. теңге Ішкі облигациялық кредиттер млн. теңге Бюджеттік кредиттер млн. теңге Сыртқы қарыздар, оның ішінде: млн. теңге Қаржы ұйымдарының (резиденттер емес) кредиттері млн. теңге Халықаралық даму институттарының кредиттері млн. теңге Сыртқы облигациялық қарыздар млн. теңге Өзге көздер 1 2 3 4 3) Бюджет қаражаты, оның ішінде: млн. теңге Республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы) млн. теңге Жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы) млн. теңге 19 Өткізу нарығы: 1) Ішкі нарық % 2) Экспортқа % 20 Жоба тиімділігінің көрсеткіштері: 1) NPV мың теңге 2) Дисконттық мөлшерлеме % 3) IRR % 4) Өтелудің қарапайым мерзімі жыл 5) Өтелудің дисконтталатын мерзімі жыл 21 Жобаның ағымдағы жай-күйі мен іске асырылуы 22 Жобаның инновациялылығы: (төменде аталғандардың бірін таңдау) иә/жоқ 1) Қазақстан Республикасында әзірленген инновация 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде әзірленген инновация 3) Қазақстан Республикасында лицензияланған, бірақ алғаш рет пайдаланылатын инновация 4) Қазақстан Республикасында сынамақтан өткізілген инновация 23 Өңдеу өнеркәсібі иә/жоқ 24 Жобадағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қазақстандық қамтуы % 25 Жобаны іске асырудың ел экономикасына мультипликативтік әсері Жобаға өтінім беруші жөніндегі мәліметтер Заңды тұлғаның толық атауы Заңды мекенжайы Нақты мекенжай Телефон/факс/e-mail ЖСН/БСН Заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі мен күні немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама Инвестицияларды (күрделі салымдарды) игеру жоспары Р/с № Атауы 20___ жыл 20___ жыл 20___ жыл 20___ жыл 20___ жыл 1-кезең 1. Құрылыс-монтаж жұмыстары Жабдықтар Өзге 2-кезең 2. Құрылыс-монтаж жұмыстары Жабдықтар Өзге Қаржыландыру жоспары Р/с № Атауы Барлығы 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл Барлығы, оның ішінде 1 Меншікті қаражат отандық жеке инвесторлардың қаражаты тікелей шетелдік инвестициялар (жарғылық капиталға қатысу) мемлекеттің бақылауындағы ұйымдардың қаражаты (жарғылық капиталға қатысу) 2 Қарыз қаражаты негізгі компаниялардың кредиттері отандық даму институттарының кредиттері екінші деңгейдегі банктердің (резиденттер) кредиттері ішкі облигациялық қарыздар бюджеттік кредиттер қаржы ұйымдарының (резиденттер емес) кредиттері халықаралық даму институттарының кредиттері сыртқы облигациялық қарыздар 3 Өзге көздер 4 Бюджет қаражаты, оның ішінде: республикалық бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы) жергілікті бюджет (бюджеттік бағдарламаның коды және атауы) Заттай мәндегі жобалық қуатқа шығу жоспары Р/с № Атауы Өлш. бірл. 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 1 1-кезең Қуат түрі Қуат түрі 2 2-кезең Қуат түрі Қуат түрі Ақшалай мәндегі жобалық қуатқа шығу жоспары Р/с № Атауы Өлш. бірл. 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 1 1-кезең Қуат түрі Қуат түрі 2 2-кезең Қуат түрі Қуат түрі Экспорттың заттай мәндегі жоспарлы көлемі Р/с № Атауы Өлш. бірл. 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 20__ жыл 1 1-кезең Экспортталатын тауар түрі (анықтамалық) Экспортталатын тауар түрі 2 2-кезең Экспортталатын тауар түрі (анықтамалық) Экспортталатын тауар түрі Жұмыскерлер мен мамандарға болжамды қажеттілік туралы Р/с № Кәсіптің (лауазымның) атауы ҚМК базалық тобының коды (анықтамалық) Жұмыскерлерге (адамға) қажеттілік Талап етілетін білім беру деңгейі (тізім) Талап етілетін біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санат) (тізім) 20_ 20_ 20_ 20_ 1 2 3 Жобаның жоспарлы нысаналы көрсеткіштері (іске асырылатын жобалар үшін) Р/с № Атауы Өлш. бірл. Жыл 20…. 20…. 20…. 20… 20… 1 Отын-энергетика ресурстарына қажеттілік, оның ішінде: электр энергиясы Квт.сағ жылу энергиясы Гкал газ жылына/мың м3 көмір жылына/тонна мұнай өнімдері (мазут, дизотын) тонна су жылына/м3 2 Инфрақұрылымға қажеттілік, оның ішінде: электр желілері км ҚС мВт жылу желілері км су құбыры желілері км кәріз желілері км теміржол инфрақұрылымы (МТЖ, кірме жолдар) км автомобиль жолдары км 3 Көлік (қосымша көрсетілетін қызметтерге қажеттілік) Жүк тасымалдау көлемі мың тонна теміржол көлігімен мың тонна су, теңіз көлігімен мың тонна
Басқа 3
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 3-қосымша «Бекітемін» ____________________________ өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы 20__ жылғы «___»_____________ Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі Р/с № Іс-шараның атауы Орындау мерзімі 1. * 2. 3. *Мысалы: - жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу; - құрылыс-монтаж жұмыстары, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша; - пайдалануға беру, оның ішінде іске қосу кешендері бойынша; - жобалық қуатқа шығу.
Басқа 4
Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларына 4-қосымша Инвестициялық жобалар үшін жоба бойынша ақпарат
Тармақ 1
1. Жобаның түйіндемесі
Тармақ 2
2. Саланың сипаттамасы
Тармақ 3
3. Өнімді сату жөніндегі жобалар мен жоспарлар
Тармақ 4
4. Жобаны іске асыру жоспары
Тармақ 5
5. Қаржылық жоспар мен болжамдар
Тармақ 6
6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар
Тармақ 7
7. Әлеуметтік аспект
Тармақ 8
8. Қоршаған ортаға әсері
Тармақ 9
9. Қосымшалар
Тарау 1. 1. Жобаның түйіндемесі
1. Жобаның түйіндемесі Түйіндеме жобаның қысқаша шолуын білдіреді және үш парақтан аспайтын көлемде берілетін бөлімдердің ішінде ең маңыздысы болып табылады.
Тармақ 1
1. Түйіндеме мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
Тармақша 1
1) жобаның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттары, жеке өңірге де, сол сияқты тұтастай алғанда елдің экономикасына мультипликативтік әсері, жобаның өтімділік кезеңіне дейінгі ақша ағынының болжамы;
Тармақша 2
2) инвестицияларға қажеттілік, қаржыландыру құрылымы және көздері, күрделі салымдарды қайтару, болжамды кепілдікті қамтамасыз ету тізбесі және олардың нарықтық құны (қажеттілігіне қарай бағалау күнін көрсету);
Тармақша 3
3) жобаны іске асыру орны;
Тармақша 4
4) жоба тиімділігінің түйінді экономикалық көрсеткіштері;
Тармақша 5
5) жобаны іске асырудың жоспар-кестесі (іске асырудың бірінші жылы – айлар бойынша);
Тармақша 6
6) жобаны іске асыру кезінде қандай тәуекелдер және қандай сыйақылар туындауы мүмкін;
Тармақша 7
7) компанияның қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 8
8) жобаны іске асыру активтерінің (жер учаскелері, өндірістік базалар және т.б.) болуы.
Тарау 2. 2. Саланың сипаттамасы
2. Саланың сипаттамасы
Тармақ 1
1. Саланың сипаттамасы:
Тармақша 1
1) саланың экономикалық секторын айқындау (өндіріс, бөлу, көрсетілетін қызметтер және т.б.);
Тармақша 2
2) өнеркәсіптің осы саласы ұсынатын негізгі өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі;
Тармақша 3
3) маусымдылығы;
Тармақша 4
4) салалық нарықтың географиялық жағдайы (жергілікті, өңірлік, ұлттық, халықаралық);
Тармақша 5
5) кәсіпорын жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуі болжанатын нарық сегментінің сипаттамасы;
Тармақша 6
6) қазіргі негізгі клиенттердің сипаттамасы;
Тармақша 7
7) әлеуетті клиенттердің сипаттамасы;
Тармақша 8
8) барынша перспективалы клиенттер (кему тәртібімен көрсету);
Тармақша 9
9) сала бойынша жалпы сату көлемі мен нарықтың өзгеру үрдістері.
Тарау 3. 3. Өнімді өткізу жөніндегі жоба мен жоспарлар
3. Өнімді өткізу жөніндегі жоба мен жоспарлар
Тармақ 3
3. Өнімнің сипаттамасы:
Тармақша 1
1) өнімнің осы түрін таңдау негіздемесі;
Тармақша 2
2) номенклатура, болжанатын шығару көлемі;
Тармақша 3
3) өнімнің сипаттамалық қасиеттері;
Тармақша 4
4) өнімнің даму кезеңдері (идея, эскиздік жоба, жұмыс жобасы, тәжірибелік партия, қолданыстағы сериялық өндіріс).
Тармақ 4
4. Өнім нарығының сипаттамасы:
Тармақша 1
1) сұраныс пен нарық мүмкіндіктерін айқындау;
Тармақша 2
2) нарықтың ағымдағы үлесі, жобаны іске асырумен тікелей немесе жанама байланысты болжамды өзгерістер;
Тармақша 3
3) негізгі үрдістер мен нарықтың даму бағыттары (экспорттық әлеует).
Тармақ 5
5. Шикізат, материалдар нарығын және өндірістің өзге де факторларын зерттеу мен талдау:
Тармақша 1
1) өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы;
Тармақша 2
2) шикізатқа, материалдарға және өндірістің өзге де факторларына қолжетімділік (шикізат, материалдар және өндірістің өзге де факторлары үшін есеп айырысу тәртібі);
Тармақша 3
3) жабдықтау бағдарламасы (жобаның жұмыс істеуінің әрбір жылына, үздіксіз жабдықтау кепілдігі мақсатында шикізатты жеткізу жөніндегі іс-шаралар);
Тармақша 4
4) жеткізу бағдарламасы (әрбір жылға);
Тармақша 5
5) еңбек өнімділігі (өндірісті жаңғыртқан жағдайда).
Тармақ 6
6. Өнімді өткізу бағдарламасы:
Тармақша 1
1) бағаны есептеу және негіздеу, баға белгілеу;
Тармақша 2
2) өнімнің өзіндік құнын есептеу;
Тармақша 3
3) сату бағдарламасы (жобаны іске асырудың әрбір жылына);
Тармақша 4
4) сатудан күтілетін кіріс (әрбір жыл бойынша);
Тармақша 5
5) сату және бөлу кезіндегі шығасылар;
Тармақша 6
6) тұтынушылардың мақсатты тобы (негіздеу);
Тармақша 7
7) сауда желісінің сипаттамасы;
Тармақша 8
8) бөлу әдістері мен арналары, жарнама;
Тармақша 9
9) өткізуді ынталандыру.
Тармақ 7
7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі:
Тармақша 1
1) негізгі бәсекелестер (атауы және қысқаша сипаттамасы), олардың негізгі артықшылықтары мен кемшіліктері, нарықтың иеленген үлесі;
Тармақша 2
2) қолданылатын технологияларды салыстырмалы талдау;
Тармақша 3
3) негізгі бәсекелестердің бағаларын салыстырмалы талдау;
Тармақша 4
4) маркетинг және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) бөлу стратегиясын салыстырмалы талдау.
Тармақ 8
8. Жобаны орындаудың заңнамалық және нормативтік базасы:
Тармақша 1
1) лицензия не рұқсат алу қажеттілігі;
Тармақша 2
2) халықаралық ұйымдардың, республикалық және жергілікті басқару органдарының жобаның іске асырылуын шектеуі/қолдауы;
Тармақша 3
3) қажетті рұқсат беру құжаттарының болуы.
Тарау 4. 4. Жобаны іске асыру жоспары
4. Жобаны іске асыру жоспары
Тармақ 9
9. Орналасқан жері (жоба орналасқан жерді таңдауға ықпал еткен негізгі факторларды көрсету):
Тармақша 1
1) шикізат көздері мен оны берушілерге қатысты орналасуы;
Тармақша 2
2) өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға қатысты орналасуы;
Тармақша 3
3) алаңның сипаттамасы (қолданыстағы және салынуы көзделіп отырған өндірістік және қосалқы ғимараттардың, құрылыстар мен үй-жайлардың, сақтау орындары мен қоймалардың (пайдаланылуын нақтылап) блоктарының/модельдерінің орналасуы көрсетілген, қолданыстағы және жоспарланып отырған алаңішілік учаскелердің және алаң сыртындағы желілер учаскелерінің орындары мен өтпелер, олардың сипаттамалары және басқа жағдайлар белгіленген алаң (жобаны іске асыру жоспарланады) аумағының геодезиялық жағдайлары, экспликациясы бар ахуалдық жоспар);
Тармақша 4
4) таңдап алынған алаңның кәсіпорынның өндірістік қуатына сәйкес келуі (жобаны іске асыру алаңындағы объектілерді, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды (паспорттық деректері, жай-күйі), ғимараттарды (эстакадаларды, жерасты қоймаларын, ұңғымаларды және т.б.) қысқаша сипаттау).
Тармақ 10
10. Инфрақұрылым:
Тармақша 1
1) электрмен жабдықтау – электр жүктемесі (мвт), электр тұтыну (мың квтсағ), электр желісіне жалғауға техникалық шарттардың болуы, электр желілері (шаршы/км), қосалқы станциялар (дана/мва), инфрақұрылым құрылысын қаржыландыру көзі;
Тармақша 2
2) жылумен жабдықтау – автономды көздер мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау – автономды көздер мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;
Тармақша 4
4) кәріз – автономды жинақтаушылар мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;
Тармақша 5
5) су ағынын бұру, тазарту әдістері, ағынды судың сапасы, жіберу шарттары, жұмыс істеп тұрғандарын пайдалану немесе заманауи тазарту құрылғыларын салу;
Тармақша 6
6) газбен жабдықтау – тарату құрылғылары мен алаңішілік желілердің болуы, жай-күйі және қолда бар қуаты;
Тармақша 7
7) автожолдар – алаңішілік өтпелердің болуы, жай-күйі және ұзындығы;
Тармақша 8
8) теміржолдар – тұйықтың болуы, жай-күйі және ұзындығы;
Тармақша 9
9) жүк және жолаушы терминалдары;
Тармақша 10
10) абаттандыру объектілері;
Тармақша 11
11) басқа коммуникациялар;
Тармақша 12
12) шикізатты өндірістік алаңға жеткізу (алу) және оны сақтау тәсілі.
Тармақ 11
11. Технологиялық процестің сипаттамасы:
Тармақша 1
1) технологияны таңдау негіздемесі (әлемдік стандарттарға сәйкес келуі, қолданыстағы аналогтарымен салыстыру, жаңашылдығы және/немесе Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа жобаларда сынамақтан өткізу);
Тармақша 2
2) таңдалған технологияның сипаттамасы (практикада қолданылатын өнімдерді өндіру технологияларының нұсқаларын сипаттау, іске асырылатын жоба үшін нақ осы технологияны таңдауға негіз болған техникалық өлшемшарттарды және балама нұсқалардың ауытқуын көрсете отырып, өнімдер өндірісінің қолданыстағы нұсқаларының негізгі жетістіктері мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жүргізу);
Тармақша 3
3) технология сатып алу шығындары (лицензиялар, патенттер, құқықтар, тұрақты төлемдер және басқалары);
Тармақша 4
4) өндірістік қуаттың негіздемесі;
Тармақша 5
5) кәсіпорынның қуатты игеру серпіні;
Тармақша 6
6) технологиялық және өзге жабдықтың, техниканың болуы және қажеттілігі, оларды сатып алу шарттары (қолда бар техника мен жабдықтың тізбесі, олардың ағымдағы жай-күйі, қажетті жабдық пен техниканың тізбесі, бәсекеге қабілетті бағасы, пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі, жабдықты жеткізудің әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау)
Тармақша 7
7) жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға, коммуникацияларға қажеттілік.
Тармақ 12
12. Жобаны басқару және кадрларды орналастыру:
Тармақша 1
1) жобаны басқару құрылымы;
Тармақша 2
2) жоба жетекшілерінің және негізгі менеджерлерінің қысқаша түйіндемелері;
Тармақша 3
3) Т.А.Ә., жасы, білімі, институт, мамандығы, қашан бітірді, тәжірибесі, атқаратын лауазымы, атқаратын лауазымында қанша жыл жұмыс істейді;
Тармақша 4
4) қызметкерлер саны және кадрларды орналастыру;
Тармақша 5
5) еңбек ресурстарына қажеттілік және оқыту.
Тармақ 13
13. Жобаны жүзеге асыру жөніндегі жұмыстардың кестесі:
Тармақша 1
1) құрылыс кезеңдері (мысалы: жобалау алдындағы зерттеулер, ТЭН әзірлеу, ТЭН, аудандық сәулеттің қорытындысы, аудандық мемлекеттік сараптаманың қорытындысы, ТЭН-ді Мемсәулетқұрылысқадағалауға беру, құрылысқа рұқсат алу, мердігермен бас шартты жасасу)
Тармақша 2
2) құрылыс мерзімдері;
Тармақша 3
3) жабдықты жеткізу мерзімдері;
Тармақша 4
4) монтаждау, іске қосу-баптау және пайдалануға беру мерзімдері;
Тармақша 5
5) жобалық қуатқа шығу және одан әрі өндіру серпіні;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда технологиялық карта келтіріледі.
Тармақ 14
14. Жоба бойынша шығындар құрылымы:
Тармақша 1
1) жер учаскесі;
Тармақша 2
2) құрылыс-монтаж жұмыстары;
Тармақша 3
3) өндірістік үй-жайлар;
Тармақша 4
4) жабдық;
Тармақша 5
5) тасымалдау;
Тармақша 6
6) сақтандыру;
Тармақша 7
7) монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары;
Тармақша 8
8) өндіру шығындары (шикізат нарықтарына талдау жүргізу, негізгі өнім берушілер және шикізат жеткізу бағдарламалары, электр энергиясы, су және басқа да құрамдастар (жарнама науқаны, дистрибьютивтік желіні қалыптастыру және т.б.).
Тарау 5. 5. Қаржылық жоспар мен болжамдар
5. Қаржылық жоспар мен болжамдар
Тармақ 15
15. Қаржыландыру және төлемдер кестесі:
Тармақша 1
1) аванстық төлемді енгізу мерзімі
Тармақша 2
2) сақтандыру және комиссиялық төлемдердің мерзімі
Тармақша 3
3) негізгі қарызды қайтару және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі.
Тармақ 16
16. Өнім бірлігінің өзіндік құнын есептеу және шығындар сметасы.
Тармақ 17
17. Сатудан түскен көрістердің баптарын толық жазу (ай сайын шығарылатын өнімнің әрбір түрі бойынша өткізу көлемін көрсете отырып); маусымдық ауытқу болған жағдайда оларды ескеру.
Тармақ 18
18. Пайда мен залал туралы есепті болжау.
Тармақша 1
1) шығындардың ірі баптары бойынша түсіндірме беріледі;
Тармақша 2
2) дайын өнімді өткізу және шикізатты сатып алу бағасы мен көлемінің маусымдық ауытқуы ескеріледі.
Тармақ 19
19. Қаржылық бағалаудың қарапайым тәсілінің көмегімен жобаны талдау:
Тармақша 1
1) жобаның өтелуінің қарапайым мерзімі;
Тармақша 2
2) пайданың қарапайым нормасы (жобаны іске асырудың әрбір жылы және тұтас алғанда бүкіл жоба бойынша);
Тармақша 3
3) рентабельділік, өтімділік және айналымдық көрсеткіштерді талдау.
Тармақ 20
20. Дисконттау әдістерінің көмегімен талдау:
Тармақша 1
1) жобаның таза ағымдағы құны (NPV);
Тармақша 2
2) рентабельділіктің ішкі нормасы (IRR);
Тармақша 3
3) жоба өтімділігінің дисконтталған мерзімі.
Тармақ 21
21. Белгісіздік жағдайларындағы талдау:
Тармақша 1
1) сезімталдықты талдау (өндіріс көлемі төмендеген кездегі жобаның тұрақтылығын, өткізу бағасын, шығындар сомасының ұлғаюын талдау);
Тармақша 2
2) залалсыздықты талдау (жылына есептегенде заттай және ақшалай мәндегі залалсыздық нүктесін айқындау).
Тарау 6. 6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар
6. Тәуекелдер мен тәуекелді төмендететін факторлар Ресурстар тәуекелі, маркетингтік тәуекел, басқару тәуекелі, операциялық-өндірістік тәуекел, салалық тәуекел, құқықтық тәуекел, елдік және өңірлік тәуекелдер, жобаны аяқтау тәуекелі және т.б.:
Тармақша 1
1) тәуекелдің негізгі факторлары;
Тармақша 2
2) өзгерістердің болжамды сипаты мен диапазоны;
Тармақша 3
3) тәуекелдерді төмендету мен басқару жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде қажетті мемлекеттік қолдау шаралары.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік аспект
Тармақша 1
1) өңірдегі әлеуметтік-мәдени және демографиялық жағдайдың сипаттамасы;
Тармақша 2
2) жобаның халықты жұмыспен қамтуға, біліктілікті арттыруға, білім беруге ықпалы және т.б.
Тармақ 8
8. Қоршаған ортаға әсері
Тармақша 1
1) қоршаған ортаға қолайсыз әсер етудің барлық болжанатын ықпалын айқындау және қысқаша мазмұндау;
Тармақша 2
2) өзі қарсы бағытталған теріс әсерді қоса алғанда, әрбір іс-шараның техникалық аспектісін сипаттау;
Тармақша 3
3) жоба шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі;
Тармақша 4
4) жобаның жалпы құнына жағымсыз ықпалды шектеу жөніндегі іс-шараларды іске асырумен байланысты шамамен алғандағы сметалар мен бастапқы салымдарды, сол сияқты ағымдағы шығыстарды қаржыландыру көздерінің тізбесін енгізу;
Тармақша 5. Қосымшалар
5) жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкес келуі. Қосымшалар Қосымшаларда жоба бойынша ұсынылған мәліметтерді растайтын немесе анағұрлым толық түсіндіретін құжаттар қамтылады. Оларға мыналар жатуы мүмкін:
Тармақша 1
1) кәсіпорын немесе жоба басшыларының құзыреті мен жұмыс тәжірибесін растайтын өмірбаяндар;
Тармақша 2
2) маркетингтік зерттеулердің нәтижелері;
Тармақша 3
3) аудиторлардың қорытындылары;
Тармақша 4
4) өнім үлгілерінің фотосуреттері немесе бейнеролигі;
Тармақша 5
5) өнімнің толық техникалық сипаттамасы;
Тармақша 6
6) кәсіпорының жоспары;
Тармақша 7
7) өнім берушілермен және оны тұтынушылармен жасалған кепілдік хаттар немесе келісімшарттар;
Тармақша 8
8) жалға беру, жалдау шарттары, лицензиялық келісімдер;
Тармақша 9
9) экология және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекеттік қадағалау қызметтерінің қорытындылары;
Тармақша 10
10) кәсіпорынның қызметі туралы журналдар мен газеттердегі мақалалар.