О предельных (максимальных) размерах земельных участков, предоставляемых в собственность и долгосрочное землепользование Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер телімдерін меншікке және ұзақ мерзімді пайдалануға берудің шекті (барынша көп) мөлшері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 08.02.2005 № 14-24 шешімімен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Заңының 6-бабы 1 тармағы 13-тармақшасына, 27-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жер туралы" 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 152-11 Заңының 13-бабы 10-тармақшасына және 35-бабы 3-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты және әкімият ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жер телімдерін берудің мынадай шекті (барынша көп) мөлшері белгіленсін:
Тармақша 1
1. жеке меншікке: ауылдық жерлерде жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу үшін (үй маңындағы және далалықтағы жер үлестерін қосқанда) суарылмайтын 0,40 гектарға дейін және суармалы 0,25 гектарға дейін жерлер; жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,20 гектарға дейін; бау-бақша өсіру, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін 0,15 гектарға дейін.
Тармақша 2
2. товарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімге жерді пайдалану: өндірістік кооперативтің әр мүшесіне немесе шаруашылық серіктестігінің құрылтайшысына (қатысушысына) орташа аудандық 10 жер үлесінен артық емес; акционерлік қоғамдар үшін бұрын акционерленген мемлекеттік кәсіпорындардың жерді пайдалану шегінде.