Об утверждении Соглашения о предоставлении Международным Банком Реконструкции и Развития гранта Республике Казахстан на подготовку проекта "Поддержка агросервисных служб (сельхозобслуживание)" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасына "Агросервистік қызметті (ауылшарқызметі) қолдау" жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің грантын беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 2001 жылғы 18 мамырда жасасқан Келісім бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда аталған Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасына берілген 623 600 (алты жүз жиырма үш мың алты жүз) АҚШ доллары сомасындағы грант қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1963 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 631-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 2-қосымшада: "Ауыл шаруашылығы" салалық секторы мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 36-1-жолмен толықтырылсын: ___________________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 ___________________________________________________________________________ "36-1 Агросервистік Ауылшаруа. 2001- Барлығы 0,62 0,40 0,22 қызметті (ауыл шылығы 2002 шарқызметі) министрлігі ХҚДБ 0,62 0,40 0,22 қолдау жобасын гранты дайындау ___________________________________________________________________________ қорытынды тарауда: "Барлығы" деген жолдағы: 6-бағандағы "2519.43" деген сан "2520.05" деген санмен ауыстырылсын; 9-бағандағы "365.26" деген сан "365.66" деген санмен ауыстырылсын; 10-бағандағы "266.73" деген сан "266.95" деген санмен ауыстырылсын; "Сыртқы көздерден барлығы" деген жолдағы: 6-бағандағы "2067.34" деген сан "2067.96" деген санмен ауыстырылсын; 9-бағандағы "314.44" деген сан "314.84" деген санмен ауыстырылсын; 10-бағандағы "211.13" деген сан "211.35" деген санмен ауыстырылсын; "гранттар" деген жолдағы: 6-бағандағы "185.95" деген сан "186.57" деген санмен ауыстырылсын; 9-бағандағы "85.67" деген сан "86.07" деген санмен ауыстырылсын; 10-бағандағы "36.61" деген сан "36.57" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.